Қазақ ССР - нің Президенттік сайлау

Скачать


Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы туралы қазақша реферат

Өзімізге мәлім, жоғарыда атап өткендей, әр елде мемлекет нысаны бірдей болғанымен орындары әр түрлі. Мысалы, Фашистік кезде фашистік ел өзінің саясатын көрсету үшін саяси режимді бірінші орынға қойды. Сондай-ақ басқа да елдердің саясатына байланысты (ішкі және сыртқы) мемлекет нысаны алдыңғы орындарында тұрады.

Біздің ел Президенттік Республика, яғни басқару нысанына жатады. Басқару нысаны екіге бөлінетіні бізге анық болды: Монархия және республика. Біздің елді бір адам басқарады ол — Президент. Неге онда біз Монархиялық Республика болып аталмаймыз? деген сұрақ туындайды. Оның себебі мынада:

Аристотель өз еңбектерінде жазғандай мемлекет нысанының дұрысы да, бұрысы да болады. Дұрыс нысан — ол ел басы халықтың қамын ойлайды және сол үшін қызмет атқарады, ал бұрыс нысанда ел басы тек өз қамын ойлайды деген тәрізді. Біздің монархия республикасына жатпауыңыз бірден-бір себептері, ол қазіргі кезде ел басшысының тағы, монархияныкі сияқты ұрпақтан-ұрпаққа берілмейді, керісінше сайлау арқылы адам сайланып отырғызылады. Оған халықтың қамын ойлайтын, халық үшін қызмет атқаратын адамды сайлайды. Ел басшысын сайлайтын халық. Ел басшылығына сайланған адам тәрізді өмірбақи отырмайды, оны заңмен белгіленген мерзімге тікелей дауыс беру долымен халық сайлайды. Мысалы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Халық тұңғыш президентіне зор сенім артты оны 5 жыл мерзімге сайлады. Өзінің жұмысымен, ақылы мен парасаттылығымен, халықтың ойынан шығып, халыққа егемендік әперген, халыққа еңбегі сіңген түңғыш президентімізді, халық бірауыздан 1995 жылы тамыз айының 30 жүлдызында қабылданған жаңа Конституциясына сәйкес ел басын 7 жыл мерзімге қайта сайлады. Сонымен монархия мен Республиканың арасында бірталай айырмашылықтың бар екенін көріп отырмыз.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін, ол бөлінбейтін, унитарлық мемлекет болып құрылды. Унитарлы мемлекет құрылым нысанының бөлігіне жатады. осы тұрғыда мемлекеттік басқару нысаны мен құрылым бір-бірімен тығыз байланыста болатынын байқаймыз. Саясатсыз мемлекет болмайды, эр елдің ішкі және сыртқы саясатын реттеп, бірыңғай қылып отыратын мемлекет нысанының үшінші түрі саяси режимді де естен  шығармаған жөн.

Ендігі кезекте Қазақстан Республикасының президентінің шығуына тоқталып өтейік.

Қазақстанның бірінші Президенті Парламенттік Республиканың шартымен сайланды, себебі ол билік күштерін реттейтін негізгі фактор болып табылады және ол басқа институттардың бір-бірімен қарым-қатынасын реттейді.

Жоғарыда айтылып өткендей Президентін халық жасырын дауыс беру жолы арқылы бес жылға сайланды.

Ел басшылығына сайланған Президент Қазақстан Республикасы Кеңестің алдында ант берді.

Президент — Қазақ ССР-нің ел басшысы болып танылуы өз жұмыстарында, басқа мемлекеттермен келісім шартқа отырғанда ол өз халқының құқығы мен бостандықтарына жауапты болады. Егемендіктің, территориялық аймақтың, қауіпсіздікті болдыртпауға, республиканың сақталуына шаралар қолданады. Қазақстан елін, жерін халықарылық деңгейге көтереді, халықаралық келісім шарттарға отырады және басқа да халықтар үшін, адамзат үшін, олардың денсаулықтары мен өмірі, құқықтары мен бостандықтары үшін қызмет жасайды.

Президент — ол әрине жан-жақты болу керек екені мәлім, ол тек қана халық арасында қызмет істеп қана қоймайды, сондай-ақ жоғарғы органдармен де тығыз байланыста болады. Мысалы, Президент Қазақ ССР-нің  Жоғарғы   Кеңесіне,   Қазақ   ССР-нің   Министрлер   Кеңесіне төраға тағайындау туралы   кандидат ұсына алады және оны қызметтен босатуға да ұсыныс бере алады.

Президент ел басы болғанымен оның өзінің де құқықтары бар, мысалы ел басы Парламенттен келіп түскен занды ол тексерусіз қол қоя алмайды, оны Вето құқығы деп айтуға болады. Қабылданған заң елдің бейбітшілігіне немесе тағы басқа жағдайларға қарама-қайшы болса Президент оны кері қайтара алады. Егер Президент Қазақ ССР-нің Конституциясын бұзса, онда Жоғарғы Кеңес оған сенімсіздік тудырып, оны орнынан алдыру туралы референдумда мәселе қойылады. 24 сәуір 1990 жылдың «Президенттік билік туралы» заңына сай Президентті халық бір дауыспен жасырын түрде 5 жыл мерзімге сайланатын. Президенттікке сайланған азаматтың жасы 35 тен кем болмай 60 тан аспауы керек. Президент өз билігінде Министрлер Кеңесінің қаулыларын, шешімдерін, актілерін және тағы басқа заңды күші бар жарлықтарын егер ол Конституцияға қайшы болған жағдайда оларды қайтарып алуға, тоқтатуға билігі болды және қазіргі уақытта да бар.

1991 жылы 16 желтоқсада Қазақстан Республикасы өз алдына төуелсіздігін    жариялап    дербес    мемлекет    болғаныннан    кейін,    ел Президенті      сайланды.         Қазақстан  Республикасының Конституциясының 2-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады. Президент бүл мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды түлға.

16 желтоқсан 1991 жылы «Қазақ ССР-нің Президенттік сайлау» туралы заңы Президенттің күшейтілген жағдайы халық сайлауында үлкен роль атқарды, себебі ол халық атынан өзінің ойларын мақсаттарын, қызметін жүзеге асырды. Бұл орайда Президентіміз кезекті дауыс беру сайлауында жеңіп шығып екінші кезекке тағы да ел басы болып қалды. Бұл дегеніміз халық сайлаған ел басы өз қамын ойламай, халқының ойынан шығып, халқы үшін қызмет істеп Қазақстан жерінің экономикалық жағдайын көтеріп, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын реттеп, қадағалап отырғаны өзімізге мәлім. Әуелден бастап елімізге егемендігімізді бейбітшілік жолмен алып берді, содан егеменді ел болғалы 1993 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі дербес, тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Конституциясы қабылданды, өзіміздің ақшаларымыз, теңгелеріміз жарық көрді. Содан келе Қазақстан жері бөлінбейтін біртұтас мемлекет болды.    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мемлекеттер достастығы елдерімен де Бірікке Ұлттар Ұйымымен де мүшесі болды. Қазақстан көршілес мемлекеттермен достығын нығайтып, халықтың бір-бірімен араласып, халықтың экономикалық әл-ауқатын дұрыстауға жол ашты.

1993 жылы 28 ақпанда қабылданған Конституция жаңа мемлекетте пайда болтан мәселелерді білдіре алмады, яғни мемлекеттік, экономикалық өмірдің, адам құқығы мен бостандықтарының мәселелері және басқалары жататын. Басқару жүйесі туралы мәселе де тиянақты шешілген жоқ. Сондықтан     қоғамдық  өмірдің  өзі Конституцияны қайта құру туралы мәселені алға тартты. Президенттің басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы әзірленіп, бүкілхалықтық талқыға салу үшін баспасөзде жарияланды. Бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Өз еліміздің көркендеуі, гүлденуі, дамуы өздерімізге де байланысты екенін естен шығармайық. Егер халық азаматтары үкіметтің берген 8 сағат жұмысын тиянақты істеп, төленетін салықтарды уақытылы төлеп тұрса, еліміздің Конституциялық заңдарын сақтаса, онда еліміздің әл-ауқаты биікке көтеріліп, ең биік шыңдарда Қазақстан туы желбіреп тұрар   еді.   Осы   мәселелерді   іске   асыру   өзіміздің   қолымызда.   Осы бейбітшілік жолмен келген егеменді тәуелсіз мемлекетімізді қастерлеп, сыйлап, ат салысайық.

«Қолда бар да алтынның, қадірі жоқ» деп қазақ мақалында айтылғандай болмайық, жерімізден шығатын қазба байлықтарымызға ие болсақ, оларды жұмсай білсек жағдайымыздың жақсарғанын түсінеміз.

Қазіргі уақытта Қазақстан бір орында түрған жоқ екені өзімізге белгілі, тәуелсіз мемлекетіміздің экологиялық жағдайлары жақсаруда, Қазақстан жерінен құнды қазба байлықтар, шикі зат экспорттары өндірілуде (мүнай, газ, алтын, руда, көмір, гранит және т.б.). Жоғарғы басшылардың қабылдаған зандарының өзі де халықтың ғана емес елдің дамуына әсерін тигізеді.


Скачать


zharar.kz