Мазмұны
Кіріспе
1. Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні
1.1 Басқару есебі – бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі
1.2 Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні
2. Басқару есебі – бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі
2.1 Бухгалтерлік басқару есебінің заңнамалық және әдіснамалық негіздері
2.2 Өндірістік есеп және оның өндірісті басқарудағы рөлі
2.3 Менеджер мен бухгалтер – басқару процесінің сарапшысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі уақытта бюджетеу, жоспарлау, сараптау, бақылау жұмыстарын жүргізетін кез-келген ұйым үшін менеджерлердің басқарушылық біліктілігін жетілдіру мен басқару есебін жүргізе білу қажеттілігі арта түсті. Оған қоса, нарықтық экономика Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сай халықаралық нарық деңгейіне шығу үшін экономикалық дамудың көптеген концепцияларын қайта қарауды талап етеді.
Сонымен қатар, Қазақстанның әлемдік нарықтық қауымдастыққа интеграциялануына орай басқару есебін ұйымдастыруға жаңа талаптардың қойылуына байланысты, басшылардың басқару жөніндегі шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қажетті ақпараттар алатын басты құралы ретінде басқару есебін қалыптастырудың маңызы арта түсті.
Халықаралық есептілік стандарттарының талаптарын тірек ететін, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, менеджерлер басқарушылық шешімдер қабылдар кезде көбінее басқару есебінің маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын теориялық білім мен жоспарлау, нормалау, бюджеттеу, сараптау, бақылау және басқару сияқты жедел басқару ақпараттарының ішкі есебіне сүйенетіні белгілі болып отыр. Осыған байланысты оқу құралында басқару есебін қалыптастыру, ұйымдастыру әдістері және басқару есебін жүргізу механизмдері көрсетіледі.
Басқару есебінің механизмін қалыптастыру жолдарын қарқынды түрде іздестіру, осы саладағы фундаменталдық ғылыми бағытты дамытып қана қоймай, сонымен қатар дайындау-жабдықтау, өндіру, өткізу мен сату процестерін дамытуға да әсерін тигізеді.
Басқару есебінің мақсаты – күн өткен сайыназайып келе жатқан тауарлық- материалдық қорларды (ТМҚ) үнемдеу әдістерін тауып, ұйым, фирманың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, өндірістік шығындарды азайтып, табысын көбейту. Басқару есебі бойынша ұсынылатын ақпараттарға баса назар аудару, өндірісті басқару тиімділігіне, өткізу мен сатудың сәттілігіне тиісті әсерін тигізіп қана қоймай, менеджерлердің әрбір прцесс бойынша уақтылы басқарушылық шешімдер қабылдауына ықпал етеді. Осының барлығы әр кезең ішіндегі шығынды азайту мақсатында жасалады, соның салдарынан өнімнің өзіндік құнын арзандатуға қол жеткізіліп, кәсіпкер және толықтай фирма бойынша, әр процестің өз ішінде (дайындау, өндіру, сату және басқару) таза табыс табуды қамтамасыз етеді.
Ұйымдарада ақпараттық жүйе мен басқаруды бақылау жүйелері пайда болғалы, басқару есебінің маңыздылығы іс жүзінде арта түсті. Осыған байланысты нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес, материалдық ағындарды басқару, шығындарды қысқарту жөніндегі шараларды үйлестіруге қатысты кез келген ұйымдардың (фирмалардың, компаниялардың) дайындау- жабдықтау, өндіру, тарату мен өткізу сияқты қызметтерін өзара байланысты салалар деп атауға болады.
Аталған оқу құралы Қазақстан Республикасындағы экономикалық жоғарғы оқу орындарынығ шәкірттері мен магистранттарына комекші болып жіне төмендегілерді түсініп, оқып-үйренуіне көмектеседі:
Басқару есебінің принциптері;
Басқару есебінің мақсаттары мен нысандары;
Басқару есебінің шығынды азайтып және табысты көбецйтудегі рөлі, нарықтың қатал заңына сәйкес тауар өндірушінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
Фирма қорларын, шығындарын және шығыстарын басқарудағы басқару есебінің мүмкіндіктері.
Басқару есебін оқып-үйрену – менеджерлердің кәсіби шеберлігін арттырып, студенттер мен магистранттардың тәжірибе жинақтауы үшін қажетті шарт. Неге? Себебі, басқару есебін іс жүзінде қарқынды қолдану кез келген компания (ұйым) жетістігінің таптырмас кепілі болып табылады. Менеджерлер, басшылар және сарапшы-бухгалтер үшін кітапта қарастырылатын сұрақтар баға жетпес құнды дүние. Автор шығындар есебін жүргізе отырып, менеджерлерге жаңадан туындаған әрбір жағдайда сәйкес ең қажетті шешім қабылдау үшін қалай көмектесуге болатынын көрсетуге айрықша көңіл бөледі.
Курстық жұмыс 30 бет