МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…….3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….4-12
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері және қағидалары…..13-14
1.2 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктері….14-15
1.3. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрамы…..15-16
1.4 Қаржы жүйесінің құрамы……..16-17
1.5 Мемлекеттік қаржылар……….17-18
1.6 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы…..18-20
1.7 Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары….20-23
1.8Қаржы жүйесінің қағидаттары……..23-24
ҚОРЫТЫНДЫ…….25-27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..28
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін талдау мәселесі кәсіпорын үшін әрқашан өзекті мәселе, сондықтан ұсынылып отырған курстық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады және жұмыста қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудың қазіргі іс жүзіндегі барысы жан-жақты ғылыми жолмен зерттелініп, оның ерекшеліктерімен жетіспеу-шіліктері айқындалады..
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2009 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: Біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз. – деп айтқандай, нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйін орнықтылығының негізі оның өзінің қаржы ресурстарын тиімді қалыптас-тыра білуінде және орынды пайдалана білуінде болып табылады. Яғни ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатындай етіп өзінің қаржы ресурстарын үйлесімді басқаруды білдіреді. Сондықтанда нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін талдау мәселесі кәсіпорын үшін әрқашан өзекті мәселе, және ұсынылып отырған курстық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады. Әлемдегі көптеген экономист ғалым-дардың еңбектерінде қаржы тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елде-рдің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Осы жоғары келтірілген мәселелер зерттелетін тақырыптың таңдалуына, мақсатына және қарастырылатын мәселелер шеңберіне негіз болып отыр. Әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған. Алға қойылған мақсаттарға жету барысында жылдық, тоқсандық есепті-ліктері және жедел ақпараттары, сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.
Курстық жұмыс 28 бет