Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белшілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды тасымалдау протоколы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol- FTP). Практикада ҒТР не ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда файлды алу үшін компьютерде ftp жеткізу деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP –серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген жан одан администратор рұқсатымен әртүрлі мәліметтер ала-алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өзінің почталық адресін енгізеді. Ал кей жағдайда мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (named) немесе паролін (password) білу қажет болады.
FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас жасау үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:
Open ftp.relcom named password-FTP –серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
Open FTP-сервермен қатынас жасауды сұрау;
ftp.relcom — FTP-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты немесе anonimous,
password-сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі
(E-mail) адресі;
Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP –сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:
Help-сервер командалары туралы анықтама беру;
Quit-сеансты аяқтау.
Парольді мен атау дұрыс болса, қатынасу құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
сd – каталог аты-каталогты ауыстыру;
cd …- жоғары деңгейдегі каталогқа көшу;
get – файл аты-FTP –серверден файл алу;
binary – екілік файлдарды жіберу алу режиміне ауысу (типтері exe, com, arj, rar, tar, zip және т.б.)
dir – ағымдағы каталог файлдары тізімін беру;
get Oindex.txt – FTP-серверден аты көрсетілшен текстік файылды ашу;
binary-екілік файылдарды өңдеуге көшу;
get far 140b.zip –екілік алу;
quit – FTP – серверден ажырау(байланысты үзу).
Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әртүрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.
Мысал ретінде Microsoft Internet Explorer 3.01 программасын пайдалану кезіндегі FTP –сервермен ftp.relcom қатынас жасау сеансын талқылап шығайық. Браузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе тапсырмалар панелінен Internet Explorer іске қосар алдында желімен алыстан қатынас жасау программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.
Мұндайда үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс. Сіздің желідегі аты жөніңіз және пароль (бұлар сізге провайдер компаниясы арқылы Internet-ке қосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі болады. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз “Установить связь” кнопкасын басу болып табылады. Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютғермен қатынас жасатқан программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез-келген сәтте “Отмена” кнопкасын басу арқылы байланысты үзуге болады.