Қандай да болмасын ғылыммен танысқанда, білген оның тарихы, пайда болу мен даму сатыларын білген жөн

Скачать


Қандай  да  болмасын   ғылыммен  танысқанда,  білген  оның  тарихы,  пайда  болу  мен  даму  сатыларын  білген  жөн.

XIX  ғасырда  Еуропа  мен Америка  елдерінде  ғылым  мен  техниканың  айқын  дамуы  кәсіби  ұйымдасқан қылмыстардың  көбеюіне,  ал  ол  өз  кезегінде  техника  мен  байланыстың  жаңа  құралдарының  пайда  болуына  ықпал  жасады. Мемлекеттердің   жазалау  органдарының  бұрынғы  пайдаланып  келген  құралдары  мен  әдістері  енді  қылмыстардың  күрделі  түрімен  күресте  дәрменсіз  болып  қалды. Бұл  XIX  ғасырдың  соңына  қарай  жаңа ғылым  саласы-криминалистиканың  қалыптасуына  себепші  болды

Жаңа  ғылымның  іргетасын   қалаған  бірнеше  ғалымдар  ішінде  алғашқысы  Франция  ғалымы   Альфонос  Бертильон  болды. Ол  криминалистік  тіркеудің, антропометриялық  әдісін,  сигналетикалық  фотосурет   негізін,  оқиға    болған  жердегі  метрикалық   фотосуретке  түсіруді,  сөзбен  айтқан  бейнені  шығаруды  қалыптастырды.

1882  жылы   австрия  сот  тергеушісі Ганс Гросстың Криминалистика  жүйе   ретінде  сот  тергеушілеріне  жетекші  құрал   атты  жұмысы  жарық  көрді. Бұл  еңбегінде  автор  сол  кездегі  қылмысты  тергеудің  жаңа  әдістері  мен  тәсілдерін  көрсетіп,  олардың  жаңа  өңделу  жолдарын  көрсетті. Бұл  кітапта Г.Гросс  жаңа  ғылым  саласын криминалистика   терминімен атауды  тарихта  бірінші  болып  ұсынды.  Осы  кезең,  криминалистика-ғылымының    жаңа  саласы  ретінде  қалыптасуының  басталуы  болып  саналады да, Ганс Гросс  криминалистиканың  негізін  қалаушы  деп  танылады.

Ағылшындар Вильям Гершель, Генри Фольдс, Френсис Гальтон, Эдвард Генри  қазіргі  трасология  бөлімі  ретінде дактилоскопияның  негізін  қалаған. Ал, Францияда Эдмон Локар  өзінің Қылмысты   тергеудегі  ғылыми  әдістер   және Криминалистикадан  басшылық   және  т.б.  жұмыстарында  заттай  айғақтарды  зерттеу  әдістемелерін  шығарды.

Швейцария  ғалымы  Рудольф  Арчибальд Рейс Қылмысты   тергеудің  ғылыми  техникасы еңбегін  жазып,  дүние жүзінде  ең  бірінші  болып  сараптама-қриминалистік  лабораториясын  құрып,  полиция  қызметкерлерін  заттай  дәлелдемелерді  зерттеудің  ғылыми әдістеріне  үйрететін  оқыту  курстарын  ұйымдастырды.

Криминалистиканың  дамуына  Ресей  криминалистері  де  үлкен  үлес  қосты. Құжаттардың  сот  сараптамасы, оны қолдану  мен  жүзеге  асыру   кітабының  авторы Е.Ф.Буринский  1903  жылы Петербургте  бірінші  сот-фотосурет  лабораториясын  іске  қосты. С.Н.Трегубов  өзінің (1915) Қылмыстық   техниканың  негізі атты  практикалық  жұмысында  қылмысты  ашуда, тергеуде  ғылыми-техникалық  құралдарды  қолдану  жолдарын  ашып  көрсетті. Ал, Б.Л.Бразоль  Тергеу   бөлімі  бойынша  очерктер. Тарих. Тәжірибе   (1916)  шығармасында  тергеу  қарауы  тактикасын  қарастырды.

XIX ғ.  Аяғы  мен XX ғ.  Басында  ресейлік  сот-сараптама  мекемелерінің  жүйесі  пайда  болды. 1892  жылы  Петербургтің  сот  палатасы  прокурорының  сот  фотографиялық  лабораториясы, 1812 жылы Петербургте   ғылыми-сот  сараптама  кабинеті  құрылып,  кейін (1913-1914)  осындай  мемекемелер  Мәскеуде, Киевте, Одессада ашылды.

Ресей  криминалистері 1917  жылғы  Қазан  революциясынан  кейін де  криминалистиканың  дамуына  үлкен  үлестер  қосты.

Өткен  ғасырдың 20  жылдарында  қылмысты  ашу  мен  тергеуге,  тергеу  әрекеттерін  жүргізу  мәселелеріне  байланысты  көптеген  жұмыстар  жарық  көрген. Солардың ішінде П.С.Семеновскийдің Дактилоскопия-тіркеу  әдісі ретінде   атты  монографиясы (1923), С.М.Потаповтың Сот  фотографиясы   атты  оқулық  құралы (1926),  И.Н.Якимовтың Қылмыстық  құралдар  мен  тәсілдерді  қолдану   атты  жұмысы (1925),  кітабы Ресейде  шыққан  бірінші   оқулықтар  болды.

Совет  үкіметінің  даму  кезінде  криминалистиканың  көптеген  мәселелерін  дамытқан  белгілі  ғалым-криминалистер  ішінде В.И. Громов, С.А. Голунский, А.И. Винберг, Е.И. Зицер, Б.М.Шавер, Н.В.Терзиев, Б.И. Шевченко, Б.М. Комаринец, Л.Е.Ароцкер, А.А. Эйсман, А.Р.Ратинов, Р.С. Белкин, Н.П.Яблоков, И.М. Лузгин, Гинзбург  және   тағы  басқаларды  айтуға  болады.


Скачать


zharar.kz