МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………..3
1-ТАРАУ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІ МЕН ШЫҒЫНДАРЫ…..9
1.1 Бюджет түсінігі және оның түрлері мен деңгейі…….9
1.2 Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындары және аймақтық бюджет аралық теңдестіру тетігі……15
1.3 Мемлекеттік бюджеттің атқаратын қызметі және оның әрекет ету шекарасы…….19
2-ТАРАУ АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Аймақтық саясат және жергілікті бюджетті реттеу формалары…….27
2.2 Аймақта білім беру мен денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру ерекшеліктері…….41
2.3 Әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру…..61
2.4 Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау ерекшеліктері…..69
3-ТАРАУ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫНЫҢ БЕКІТІЛУІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ…..86
3.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру…..86
3.2 Қазақстан Республикасында бюджет жобасының бекітілу процедуралары……..89
ҚОРЫТЫНДЫ……….96
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……..98
ҚОСЫМШАЛАР……..100
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Экономикалық қатынастар жағдайында жергілікті басқару органдарының қызмет ету саласы кеңейе түседі, сондықтан олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық мазмұндағы мәселелерді шешуде өз бетінше әрекет ете алады. Жергілікті басқару органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын, мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруды, бюджеттік сала құрылымын қайта құру, аумақтың экономикалық өркендеуі үшін қолайлы шарттар қалыптастыру сияқты аса маңызды міндеттерді жүзеге асыру жүктеледі.
Атырау облысының дамуында тұрғындарға қызмет көрсету іс-шараларын қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары арқылы іске асырылады.
Осы жағдайларды ескере отырып, Елбасы 2005 жылғы “Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Маңызды әрі көкейтесті өмірлік қағидаттарды іске асыру үшін қазақстандықтарға: отбасын қамсыздандыру, тұрғын үй иелену, денсаулықты нығайту, зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайларды туғызу болып табылады” делінген [1].
Экономикалық қатынастар жағдайында жергілікті басқару органдарының қызмет ету саласы кеңее түседі. Сондықтан олар әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, демографиялық мазмұндағы мәселелерді шешуде өз бетінше әрекет ете алады. Жергілікті басқару органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын, мемлекетті қаржыны тиімді басқаруды, бюджеттік сала құрылымын қайта құру, аумақтың экономикалық өркендеуі үшін қолайлы шарттар қалыптастыру сияқты аса маңызды міндеттерді жүзеге асыру жүктеледі.
Атырау облысының дамуында тұрғындарға қызмет көрсету іс-шараларын қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары арқылы іске асырылады.
Облыстық бюджет жобасын облыстық маслихатқа жергілікті атқарушы орган келесі жылдың бюджетінің жобасымен қатар төмендегідей құжаттар мен материалдарды ұсынады:
— әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;
— алдағы үш жылға арналған орта мерзімді фискалды саясатын;
— жергілікті бюджеттік бағдарламалар құжаттарының жобаларын;
— келесі жылдың бюджет жобасына енгізілген шешімдердің мазмұнын айқындайтын түсініктемені.
Бюджеттік ресурстар аймақтың қаржылық қорының басты бөлігі болып табылатындықтан, аталмыш ресурстардың қалыптасуымен бөлінуіне талдау жасау жалпы аймақтың қаржылық қорының қалыптасуы мен қолданылуында маңызды роль атқарады.
Экономиканың мемлекеттік секторы ел заңдылығына сай билік өзіне жүктелген міндеттемелерді орындаудың негізгі құралының бірі. Мемлекеттік сектор мемлекеттік бюджет көмегімен қоғамда толығымен ресурстардың тиімді бөлінуіне жағдай жасайды. Бүгінгі таңдағы мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы тұрғысынан негізгі мәселе бюджет жүйесін басқару процесі деп санауға болады.
Мемлекеттік бюджеттің табысы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер базасында елдің экономикасын ары қарай дамыту мен инвестиция тартуға бағытталған белгіленген халықты ынталандырушы шаралары мен орта мерзімге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарымен анықталынады.
Жалпы кезеңдерді салыстыра отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады:
— бюджет шығындарының атқарылуының (бюджеттің жұмсалуының) ең жоғарғы мөлшері 2006 жылы – 38593,2 млн.теңге шамасында тіркелген. Яғни бұл 2005 жылғы бюджет шығындарымен салыстырғанда – 30 %-ға, 2007 жылғы бюджет шығындарынан – 5,8 %-ға артық. Ал 2000 жылмен салыстырғанда облыстық бюджет шығындарының көлемі 2006 жылы – 3,6 есеге, ал 2007 жылы – 3,4 есеге көбейген;
— түсімдер немесе кірістер бойынша ең жоғарғы қаржы мөлшері 2005 жылы тіркелген, ал төменгі деңгейі 2000 жылы байқалады. Сондай-ақ, аталмыш кезеңдер ішінде облыстық бюджеттің кірістері шығыстарын жауып келген, яғни бюджет тапшылығы орын алған жоқ.
2007 жылы облыстық бюджеттің түсімдері 101,8 %-ға (жоспарланған 35988328 мың теңгенің орнына 36619181 мың теңгеге) орындалған. 2007-2006 жылдардағы облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша айырма – 2117750 мың теңгені құраған. Ал осы мерзімдегі бюджеттің жоспар бойынша айырмасы – 1962257 мың теңге көлемінде болса, 2007-2006 жылдар бюджеттерінің жоспар бойынша айырмасы 40208 мың теңгені құрап отыр.
Бюджет кірісін басқарудың барлық процесі табысты реттеудің неігізгі принциптері бекітілген Бюджет туралы , Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледі, сондай-ақ республикалық бюджетте ағымдағы жылға сәйкестендірілген табыстардан нақты аударымдар бекітіледі [2].
Жергілікті бюджет құралдары жергілікті бағдарламаларды қаржыландыруға пайдаланылады, олардың саны қазіргі кезде 400-ден астам. Бұл жағдайда 2003-2015 жылдары Қазақстан Республикасы индустриалды, ииновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру үшін үкімет республикалық бюджеттен 500 млн.доллардан астам қаржы бөлді. Бұл құралдар негізінен даму институттарын қалыптастыруға, ғылыми зерттеулерге бағытталды. Әлемдік тәжірибе мемлекеттік ұлттық ғылыми шығыстардың 1 5 нен жартысына дейін өзіне алатыны көрсетіп отыр, ал фундаменталдық астам үшін бұл көрсеткіш жоғары – жартысынан 2 3 – ке дейін. Бюджеттік шығыстардың жалпы сомасында ғылымға шығындар үлесі соңғы 20 жылда тұрақты: АҚШ-та 6-7 %, Францияда, Германияда, Ұлыбританияда, Италияда – 4-5 %, Жапонияда 3-3,5 %.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жергілікті бюджет құралдары мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырылуға пайдаланады. Елбасымыз өзінің “Жаңа әлемдегі, Жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемім – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай денгейге көтерілу. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар денгейіне сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиіспіз” деп атап өткен болатын.
2006 және 2007 жылдардағы бюджет шығындарының ішінде білім беруге бөлінген қаржы көлемі аса қомақты.
2006 жылы білім беруге 11311918 мың теңге қаржы бөлінсе, оның 11235480 мың теңгесі немесе 99,3 % -ы атқарылған. 2007 жылғы жоспар бойынша 12770331 теңге бөлініп, оның 12690345 мың теңгесі немесе 99,4 % -ға атқарылған. Екі жыл ішіндегі бюджеттің атқарылу мәліметтерін салыстыра отырып, білім беру саласына бөлінген қаржының атқарылуы 1454865 мың теңгеге көбейгенін көруге болады.
2006 жылдың есебі бойынша денсаулық сақтау мекемелеріне бөлінген қаржы 7814551 мың теңгені құрап, оның атқарылуы 98,2 %-ға орындалған. 2007 жылы денсаулық сақтау мекемелері арқылы 9823000 мың игеріліп, атқарылуы 96,3 %-ды құрады. Қаржы негізінен төмендегідей мақсаттарға жұмсалған:
— иммуннобиологиялық құралдар, вакциналар мен дәрі-дәрмектер сатып алуға;
— жергілікті денгейдегі қан тапсыру орталықтарын материалдық – техникалық жабдықтауға;
— 5- жасқа дейінгі балаларды дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуге және т.б.
Білім беріге шығындардың өсуі қазіргі кезде әлемдік біліктілік талабына сай келетін ел экономикасының салалары үшін жоғары білікті ұлттық мамандарды даярлау қажеттілігінен туындап отыр.Сондықтан да болашақта білім беруге шығындарды ІЖӨ-ге 5-6 % денгейіне арттыру қажет.
“Денсаулық сақтауға” шығындар үлесі ІЖӨ-ге процентпен алғанда 2 %-тен аз ғана көп. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 6-7 %-ке жуық, бірақ міндетті медициналық сақтандыру қорының құрылуымен денсаулық сақтауға шығындар 2-3 % денгейінде сақталынады деп болжануда.
Мемлекет ресурстарын қайта бөлу процесінде бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекеттік секторды қайта құрылымдау мен даму бағыттары, мақсаттарын ескеру қажет.
Мемлекеттік бюджеттің шығыс жіктемесінің барлық түрі меншік формалары бойынша ресурстарды бөлуді қарастырмайды, осылайша әрекет етуші әдістеме негізінде мемлекеттік секторға тікелей бағытталған құралдарды бағалау мүмкін емес. Бюджеттік жіктеме баптарын талдау негізінде ғана жекелеген пайымдауларды түзетуге болады.
Елбасы 2008 жылдың 7 ақпанында “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауында тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуды әкімдердің бірінші кезектегі міндеті деп жүктеп отыр. Ол осы бағыттағы бірнеше мақсаттарды атап өтті. Оның ішінде негізгісі – бюджет нәтижелілігін арттыру болып табылады.
Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында 2000 жылдан бастап, мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық.
Біз зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1,1 триллион тенгеден асып түсті.
Әлеуметтік инфрақұрылым нығайып отыр. 2007 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Диплом жұмысының мақсаты: тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жаңа әлеуметтік нысандарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру ерекшеліктерін қарастыру.
Алдыма, мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойдық:
— бюджеттік жүйе және жергілікті бюджет түсімдері мен шығындардың мазмұнын ашу;
— аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуындағы жергілікті бюджет құрамының ерекшеліктерін қарастыру;
— бюджет жобасының бекітілуін және қаржылық бақылаудың ұйымдастырылу тәсілдерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттің көрсеткіштері.
Зерттеу заты: аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуы мен жергілікті бюджеттен жұмсалатын шығындар арасындағы байланыс.
Диплом жұмысын жазу барысында отандық және шетелдік мына авторлардың еңбектерін қолдандық: Зейнелгабдин А.Б., Иванова Г.Г., Ильясов К.К, Саткалиева В.А., Кулекеев Ж.А., С.Н. Абдрахманованың “Жергілікті бюджет: қалыптасуы мен атқарылу көрсеткіштері”, С.С. Ахметованың “Мемлекеттік бюджет мемлекеттік секторды басқарудың құралы ретінде” және т.б. ақпарат көздеріне жарияланған мақалаларын пайдаландық.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыс 100 бет