Еңбекақы және еңбекақы түрлері

Скачать


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I бөлім КӘСІПОРЫНҒА ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ
II бөлім ЕҢБЕКАҚЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
2. 1 Еңбекақы және еңбекақы түрлері.
2. 2 Еңбекақы формалары және жүйелері.
2. 3 Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар түрлері.
III бөлім Еңбекақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі.
2.1 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың аналитикалық есебі.
2.2 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың синтетикалық есебі.
III бөлім Кәсіпорын Жол-Өткен ЖШС №1бөлім цех бойынша жұмыскерлердің еңбекақысынан ұсталымдар мен аударымдар есебінің жүргізілуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Бухгалтерлік есеп – дүние жүзіндегі кез келген қызметтің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.Қоғамның даму барысында бухгалтер үш түрлі міндет атқарады: 1) есепті барынша ақпаратты әрі дәл жасау; 2) оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу; 3) шаруашылық өмірдегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу;

Бухгалтер  деген сөз немістің бас кітап ұстаушы деген мағынадан туған.Бухгалтерлік есепті халықаралық стандартқа, оның талаптарына сай келетін,дей етіп жүргізу – оны ұйымдастырудың және қалыптастырудың маңызы зор.Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады.Бұл Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп беру стандарттарымен, сондай – ақ ұйымның есеп саясатымен реттелетін кәсіпорындар мен ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап, қорыту жүйесі.Есеп қатаң түрде әрі жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде жүргізіледі.Бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын арттырады.Субьектілердің меншігі шаруашылық құралдардың және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады.Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің обьектілері деп аталады.Бухгалтерлік есептің обьектілеріне мына процесстер жатады:

1) қамтамасыз ету (снабжение);

2) өндірістік (производство);

3) өткізу (реализация);

Өткізу – мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері өткізу жөніндегі шығындар, орындалатын жұмыстар, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.

Бухгалтерлік есептің мақсаты – барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына бақылау жасау.

Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:
болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады; ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды; қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақытылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне қарай ұйымдастырылады. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын (инвесторларды), несие берушілерді (банк немесе банктен тыс мекемелер) және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Негізінен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметін пайдаланушыларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастырады:
ішкі пайдаланушылар; сырқы пайдаланушылар
Ішкі пайдаланушылар осы кәсіпорында қызмет атқаратын тұлғалар, ал сыртқы пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқармайтын, бірақ оның қаржылық жағдайына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады.Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір тәсілдер мен әдістер бойынша есептейтін, өлшейтің және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе.Ол кәсіпорындардың жұмысын толығымен бақылап, басқару үшін бағытты бағдар беріп, алдағы жұмысты жоспарлап және сонымен қатар сол ұйымның болашақта атқаратын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті болып табылады.Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты, негізгісі болып табылады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды; қаржылық есеп беру мен оның пайдаланатындығы және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай – ақ ұйымның құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуді міндеттейді.Көп жағдайда бухгалтерлер мен есепшілердің арасындағы айырмашылықтарды білмеу салдарынан бұл екеуін шатастырып алу мүмкіндігі бар.Бұлар іс тәжірибесінде өз қызметтері барысында бірін – бірі ауыстырып отыратындығы рас.Бірақ, есепшінің негізгі міндеті – шаруашылық операцияларды тіркеу, бухгалтерлік – ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған экономикалық талдау жасап, оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу – бухгалтердің міндеті.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болатын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалатын жұмыстар мен атқаратын қызметтердің нәтижесінде өндірілетін өнімдерді олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнайы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізу – бухгалтерлік есептің басты міндеті.Қандай да бір шаруашылық операцияларды реттеп, оларға экономикалық талдау жасау үшін белгілі бір есеп көрсетуге сүйенеміз.Бұл пәннің мақсаты – осы бухгалтерлік есепке анықтама беру және басқа да экономикалық пәндермен салыстырып, ұқсатықтары мен айырмашылықтарын, өз ерекшеліктерін, теориялық, сондай – ақ тәжірибелік (практикалық) тұрғыдан сипаттап қарау болады.Бухгалтерлік есептің негізігі мақсаты – барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытыл есепке алынып, олардың қазіргі уақыт талаптарына сай орындалуы, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Бухгалтерлік есептің негізігі бағыты – кәсіпорындардың жұмысын арттыруға есептеу жұмыстарының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрметкіштердің пайдалануға ыңғайлы болуын реттеп жүргізу.

Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай – ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады.Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін асыру арқылы меншік заңдылығ мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сәйкес іске асырылады.

Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалады.Сонымен қатар бухгалтер есеп жұмыстарының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы, қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – ұйымның өз экономикалық және саяси жағдайларына тән шаруашылық қызметтерін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету.

Курстық жұмыс 25 бет


Скачать


zharar.kz