Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау

Скачать


Мазмұны

Кіріспе


1.Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері
1.1Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау


2. Шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау
2.1Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау
2.2 Шығындарды басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар


Қорытынды
Пайдаланылғанәдебиеттертізімі
Қосымшалар
Кіріспе

 Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: негізгі өндіріс шығындарын талдау. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған.1 — бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі  жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен  айырмашылығы сипатталып  берілген.  Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.

Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.Бухгалтерлік ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары бар, олардың біреуін эталон деп бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы ақпарат тағайындауына байланысты. Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. асқару есебінде бухгалтерлік ақпаратгың қалыптасу  қағидаттары үш бағытта қолданылады.

Бірінші бағыты — өндірістік есеп, негізгі мақсаты өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнын анықтау үшін өндірісті шығындар  және   оны   сатудан   күтілетін  табыс  туралы   есеп  мәліметтерін   алу   болып   табылады.   Шығындардың   тікелей  және жанама болып бөлінуі, материалдардың қозғалысы менолардың өндірісте қолдануының есебін ұйымдастыру, өндірістік жұмысшылардың  еңбек  ақысын төлеу  шығындарының  есебі  өндірістік үстеме  шығындар есебі және олардың жеке  өнім  түрлерінің   өзіндік   құнына  жатқызу   тәртібі,   сонымен   қатар шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын кальқуляциялаудың  жеке әдістерін қолдану — тапсырыстық,  үрдіспе-үрдіс, қайта  бөлу т.с.с — сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар, кешенді өндірістің жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялау және кысқартылған (тұрақты шығындарсыз), және шығындарды  толық тарату калькуляциясын қарастырады.

Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.

Шығындардың берілген пайда болу орнында барлық шығындар жинақталатын нұсқасы кезінде, шығындарга бақылау жүйесінде бюджетті-сметалық әдісті пайдалану шындыққа жакынырақ болады.

Экономикалық әдебиет пен тәжірибеде шығындардың пайда болу орны бойынша таңдалатын шығындардың құрамын топтастырудың екі тәсілі қарастырылады:

— кәсіпорынның қызметімен байланысты тікелей және жанама шығындар;

— өнімдердің барлық түрлері үшін жалпылама сипатқа ие болатын және жекелеген өнім түрлеріне тікелей жатқызбайтын кәсіпорында туындаған жанама шығындар. Тікелей шығындар өнімдердің жекелеген түрлері бойынша есептеледі.

Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мүндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын — өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.

Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт — өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтынның бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады.

Бұл есеп кәсіпорын басшылығына мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтастай кәсіпорынның да, оның құрылымдык бөлімшелерінің де жұмысы тиімділігін ықпалды және жанжақты бақылау өнімнің өзіндік құнын калькуляцияда қажетті; өнімнің жекелеген түрлері арасындағы қосымша шығындарды бөлу.

 Курстық жұмыс 28 бет


Скачать


zharar.kz