Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шотарында жасалатын операцияларының есебі 42 “Банктегі арнайны шоттардағы ақша қаражаттары “ бөлімшнсінің шоттарында жүргізіледі.Оларға келесі шоттар кіреді:
421 “ Аккредитивтегі ақша қаражаттары “ шоты. Бұл шотта аккредитивтегіақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив –клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отыратын контрагентінің пайдасына берілген банкінің сөзсіз орындалуыға тиісті міндеттемесі. Акредитивтің келесі түрлері ашыла алады:
Жабылатын(депоненттелген)немесе жабылмаған (кепілдік берілген);
Кері қайтарылатын, қайтарылмайтын.
Әрбір акредитивте оның кері қайтарылатын немесе кері қайтарылмайтын аккредитив екені айқын көрсетілінуі қажет.Кері қайтарылатын аккредитив банк-эмитентпен жабдықтаушымен алдын ала келіспестен өзгертілуі немесе күшінің жойылуы мүмкін.(Мысалы,келісімде көзделген шарттарды орындамаған жағдайда). Кері қайтарылатын аккредитив шарттарына енгізген өзгерістер жөніндегі барлық бұйрықты төлеуші жабдықтаушыны хабардар ететін жабдықтаушы банкіге тек қана банк-эмитент арқылы жеткізе алады.
Кері қайтарылмайтын аккредитив болып банк-эмитенттің өзі қойған барлық шарттар орындалған жағдайда аккредитив бойынша төлеуді жүзеге асыруы жөніндегі қатаң міндеттемесі саналады.
Жабдықтаушының пайдасына ашылған кері қайтарылмайтын аккредитив, оның келісімінсіз өзгерте алмайды немесе күшін жоймайды.
Жабдықтаушы, егер де бұл аккредитив шарттарында көзделген болса, аккредитивті пайдаланудан мезгілінен бұрын бас тарта алады.
Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналуы мүмкін.
Банктің кінәсінен жіберілген кемшіліктерден басқа, барлық жабдықтаушыға түскен банктің қатысуынсыз тараптардың өз арасында қаралады.
Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 601 “Банк несиелері””,ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 441 “Есеп айырысу шотындағы нақты ақша “ шоттары аккредитивтің ашылуы кезінде кредиттеледі және ңә” “Аккредитивтердегі ақша қаражаттары “ шоты дебеттеледі.
Жабдықтаушылар шотын төлеу шоттың кредиті бойынша және 671 “Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу” шотының дебеті бойынша көрсетіледі,пайдаланылмаған аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері қайтару 421.431.432.601шоттардың дебеттерінде және 421 шоттың кредитінде көрсетіледі.
422 Чек кітапшаларындағы ақша қаражатары шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады.
Чек-бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.
Чек алынған тауарлы-материалды құндылықтар үшін ,көрсетілген қызмет және “ҚРның чектермен есеп айырысу жөніндегі Ережелерінде” көзделген басқа да жағдайларында есептесу үшін қолданылады.Чектер мынандай түрге бөлінеді: есептесу чек кітапшаларындағы чектер,салым иесінің чек кітапшасындағы чектер (бұнда есептесулерқарастырылмайды,өйткені олар бойынша есептесу жеке тұлғалармен жүргізіледі). Чектер тек теңгемен беріледі.Чек кітапшасы, әрқайсысы екі бөлімнен;чектің өзінен және оның түбіртегінен тұратын 25 беттен тұрады.Кәсіпорын чек кітапшасын алу үшін, банкіге белгіленген нысанда толтырылған кәсіпорын шоты бойынша операциялар жасау үшін құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғалардың қолдары қойылған және мөрі басылған өтінішінің бір данасын ұсынады.
Чек кітапшасы сомасының ең төменгі және ең жоғарғы мөлшерін клиентінің қаржы сұранысын білетін банк-эмитент белгілейді.Чек кітапшасында көрсетілген мерзімнен кейін жазылған чектер жарамсыз болып табылады және төленуге қабылданбайды.Чек кітапшаларындағы чектерді мына жағдайларда:тауарлар мен қызметке ақы төлеу алдын ала жүзеге асырылса,жеке тұлғалармен есеп айырысуға,пайдалануға рұқсат етілмейді.Чек кітапшаларынан чектерді жазып алған кезде олардың нөмірлерінің бір ізділігі сақталуы керек. Чек кітапшасының иесі чек жазу кезінде келесі реквтзиттерді толтырылады:чектің сомасын(санмен және жазбаша);чектің жазылған күнін (күні мен жылы санмен,айы жазбаша);тіркеу карточкасындағы үлгіге сай келетін өзінің қолы мен мөрін қояды.Чектің түбіртегіне ол:операция жасалғанға дейінгі соманың қалдығын,чектің сомасын және кітапша бойынша жаңа қалдықты (қалдық санмен және жазбаша қойылады) жазады,чекті жазу күнін және өзінің қолын қояды.
Чек кітапшасын ашуға(толықтыруға)аударылған қаражат сомасына 422 “Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары” шоты дебеттеліп және келесі шоттар кредиттеледі:
441”Есеп айырысу шотындағы нақты ақша”-есеп айырысу шотынан төленген сомаға;
601 Банк несиелері-несиеге алынған қаражат есебінен төленген сомаға.
Кітапшалардағы чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек ұстаушылар арқылы банкке чек реестрімен (у.№0401007) ұсынылады.Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға және басқа да тұлғаларға беру 334 “Басқа да дебиторлық қарыздар” шотына ашылған,”Өздеріне берілген чек кітапшалары бойынша есеп беретін тұлғалар” талдамалық шотының дебетінде,687 “Басқа да кредиторлық қарыздар” шотының,”Чек кітапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу” талдамалық шоттың кредитінде көрініс табады.Төленген чектердің сомасына 687 шоттың дебетіне және 422
Шоттың кредитіне жазу жазылады.Жабдықтаушының немесе басқа тұлғаның есебіне сәйкес төленуге ұсынылған чектің сомасына 687 шоттың кредиті бойынша мына төмендегі шоттардың дебеті бойынша жазба жазылады.
201.203,204,205,206- чектермен төленген көлік даярлау шығындарының сомасына;
811-чектермен төленген сатып-өткізуге байланысты шыққан шығындар сомасына;
671-ші “Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар”- жабдықтаушылар және мердігершілер шоттарының төлемінің сомасына;
301-өнімді сатып алушылардың есебіне жатқызылып –чектермен төленген су жолы фрахтасы мен теміржол тарифінің сомасына;
334 және 687 шоттар бойынша қалдықтар бірдей болуы керек.334,687 шоттардың қалдықтары мен 422 шоттың қалдықтары арасындағы айырмашылық пайдаланылған,бірақ банк төлеп бермеген чектердің сомасын көрсетеді.
423 “Банктердегі арнайы шоттардағы нақты қаражат” шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады:
Арнайы шоттарға қаражат келіп түскен кезде 423 шот дебеттеледі және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:
441 –есеп айырысу шотынан қаражат аударылған кезде;
726-жергілікті және республикалық бюджеттен,кәсіподақтан және басқа да мекемелерден қаражат келіп түскен кезде.
Арнайы шоттардағы қаражатты жұмсау 423 шоттың ктедиті және келесі шоттардың дебеті бойынша көрсетіледі:
451-касаға түскен еңбекақы және басқа да түскен шығындарды төлеуге жұмсалған сомаға.
441-негізгі қызметі бойынша шыққан шығындарды өтеу үшін есеп айырысу шотына аударылған сомаға.
671,631,651,652,653,681 және т.б.-банктердегі арнайы шоттардан төленетін төлемге сәйкес сомаларға.
Сонымен бірге 423 шотта “Виза Карт”,”Мастер Карт”,”Американ экспресс Карт”(әрі қарай карт) кредит карточкаларының көмегімен жүзеге асырылған есеп-айырысуы да есепке алынады.
Жеке нөмірдің қатаң құпия екендігін есте сақтау қажет.Оны жаттап алу қажет және ешкімге тіпті қандай сылтау болмасын карточканы берген банктің қызметкерлеріне де айтуға болмайды.Карточканың мерзімінің өтуіне байланысты банк кодпен әдеттегіндей жұмыс жасайтың жаңа карточканы береді.”Комерсанттың” сіздің көзіңізше қарталардың Авторлық Орталығымен байланысуына немесе жеке куәлік сұрауға қақысы бар.Клиенттің бұған өкпелеуіне болмайды ,өйткені әңгіме клиентпен қатар “Комерсанттың” да қаупсіздігі жөнінде болып отыр.
Егер қарта жоғалған болса бұл жөнінде картаны берген банкке дереу хабарлау керек.Жоғалған картаға барлық жүйе бойнша шек қойылады.
Елдің ішінде карточканың көмегінен поезға немесе ұшаққа билет алуға болады,ал шетелде соның көмегінен іссапар шығындарын, мейманхана ,мейрамхана шотында,машинаны жалға алу сияқты төлемдерді төлеуге болады.