Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

Скачать

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды болу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілср қаржысы өзіне қоғамдық -пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қогамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мені мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын қосалқы категорияға — жалпы "қаржы" категориясы сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы ай-налымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды болу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.
Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған, меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған болігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер ара-сындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектісінің кірісі мен
шығысының теориясы.

Шаруашылық субъектісінің табыстары - деп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №5 "Табыс" - деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жар-наларынан басқа) яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.
Мұндай табыстарға:
- дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
- қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
- дивидендтер, ролятилер және пайыз (процент) түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатады.
Бұл жоғарыда аталған табыстар қатарына шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріс етілген және субъектінің төлеген сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды:
- алдын ала аванс ретінде алынған табыстар;
- алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы. Сондай-ақ, қызметтер көрсету жөніндегі мәміленің (келісімнің) нәтижесін барынша дұрыс бағалау мүмкін болмаған уақытта табыс жұмсалған шығындар мөлшерінде ғана танылады.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
- негізгі қызметтен алынған табыстар;
- негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстар.
Субъектінің негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстарының қосындысы оның жиынтық табысын құрайды. Ал бұл табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны шаруашылық субъектісімен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісім-шарт бойынша анықталады.
Шаруашылық субъектісінің табыстары мынадай шарттар қанағаттандырылған кезде танылады:
- табыс сомасы дұрыс бағаланған жагдайда;
- субъектінің экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болған жағдайда;
- субъекті сатып алушыға меншік құқығын берген жағдайда;
- мәміле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар дұрыс бағаланған жағдайда.
Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде мәміле бойынша табыс танылмайды. Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде табыс алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны бойынша танылады және бағаланады. Егер алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны дұрыс бағаланбайтын болса, табыс берілген тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің өткізу құны мөлшерінде танылады.
Қаржы есеп беру кезінде шаруашылық субъектісі түсініктеме жазба хатында мыналарды ашып көрсетулері тиіс:
а) табысты тану үшін қабылданғая есеп жүргізу саясатын, соның ішінде қызметтер көрсету жөніндегі келісімдердің аяқталу кезеңдерін айқындау тәсілін.
ә) есепті кезең үшін танылған табыстардың әрбір маңызды түрінің сомасын, соның ішінде:
- тауарлар өткізу;
- қызметтер көрсету;
- пайыздар (проценттер);
- роляти;
- дивидендтер нәтижесінде туындайтын табыстарды, олардың ішінде тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесінде туындайтын, табыстардың әрбір маңызды түріне енгізілген табыстар сомасын.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда табыстардың есебі субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржы шарушылық қызметі есептерінің бас шоттар жоспарындағы жетінші "табыс" - деп аталатын бөлімнің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнін шоттары тауарларды және басқадай активтерді сатудан, қызмет көрсетуден тағы да басқа операциялардан алынған табыстарды, сонымен қатар сатылған тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жеңілдіктері мен баға жеңілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған. Жыл соңында (аяғында) бұл бөлімнің шоттары бесінші "меншікті капитал" бөліміндегі 571-"жиынтық табыс (зиян)" шотына апарылып жабылады.

1.3 Шаруашылық етуші субъектілердің түрлері және олардың қызметін ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге (Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген резидентгік емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі.
Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша оперативтік тұрғыда баскара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп танылады.
Филиалдар бұл занды тұлғалардың тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оның барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімшелері болып табылады, оның ішіне өкілдік қызметі де кіреді.
Филиал да, өкілдік те заңды тұлға болып табылмайды. Заңды тұлға коммерциялық та, коммерциялық емес те болуы мүмкін, біріншісінің мақсаты барынша табыс табу және оны өз қалауынша тарата алады, ал екіншісінің өз қалауынша табыс табу мүмкіндігі де және таза табысын өз қатысушыларының арасында белу жағдайы да шектелген.
Коммерциялық ұйымдар тек келесідей нысанда құрылуы мүмкін:
- шаруашылык серіктестіктер;
- акционерлік қоғамдар;
- өндірістік кооперативтер;
- мемлекеттік кәсіпорындар.
Коммерциялық емес ұйымдар заң актілерімен қаралған діни бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерінен, акционерлік қоғамдардан, коғамдық бірлестіктерден және тағы басқа ұйымдық нысандарынан құрылуы мүмкін.
1. Шаруашылық серіктестіктер. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) қосқан үлесі бөліп көрсетілген жарлық капиталы бар коммерциялық ұйымдар шаруашылық серіктестігі болып табылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарының есебінен құрылған, сондай-ақ серіктестіктің шаруашылық қызметінде шығарылған және сатып алынған мүліктер серіктестіктердің меншігіне жатады.
Қазіргі кезде шаруашылық серіктестіктер толық және коммандиттік серіктестіктер болып құрылады.
Толық серіктестік мұндай серіктестіктің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болады.
Коммандиттік серіктестік — серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен (толық серіктестер) қосымша жауап беретін толық серіктестіктерден және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына араласпайтын, жауапкершілігі серіктестік (салымшылар) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін қатысушылардан тұрады. Коммандиттік серіктестіктердің қызметіне араласатын толық серіктестіктің құқылы ережесі және олардың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің тәртібімен анықталады.
2. Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). ЖШС жарлық капиталы бір немесе бірнеше серіктестік тұлғалардың ұйымдастыруымен құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады, олардың қосқан үлесі құрылтайшылардың құжаттарында бөліп көрсетіледі; олар өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелділік залалы бойынша жауап береді. Серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауы керек. Ол бір ғана тұлғадан тұратын, басқа да серіктестіктердің жалғыз қатысушысы ретінде болуына болмайды.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда — қосымша өздері еселеген мөлшерінде салған салымдармен өздеріне тиесілі мүлкіне жауап береді.
3. Акционерлік қоғам — өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акция шығарумен айналысатын занды тұлға. Қоғам акционерлері өзінің міндеттемесі бойынша жауап бермейді және олардың кызметімен байланысты өздеріне жататын акцияларының құнының шегінде тәуекелділіктен алған зиянды шегеді. Акционерлік қоғам ашық, жабық және ашық халықтық қоғам болып бөлінуі мүмкін.
Ашық акционерлік қогам — өздерінің шығарған акциясын ашық, жеке, жабық түрде орналастыруына құқығы бар. Мұндай қоғамның қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен шығара алады.
Жабық акционерлік қогам. Мұндай қоғамның акциялары тек қана өз құрылтайшылары ішінде немесе алдын ала белгіленген тұлғалар шеңберінде таратылады. Егерде жабық акционерлік қоғамның акционерлерінің саны жүзден асып кетсе, онда келесі үш айдың барысында акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның типін өзгертуге, яғни ашық акционерлік қоғамға айналуына шешім қабылдауына болады.
Ашық қоғамның акциялары, бағалы қағаздардың нарығына қарап бағаланады және ондағы активтердің құны екі жүз мың айлық есепті керсеткішті құраса және акционерлердің саны бес жүзден кем болмаса, онда ол ашық халықтық қоғам болып табылады.
4. Өндірістік кооператив — бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде, олар өзінің еңбек етуімен тікелей қатысуының негізінде және мүліктік пайларын (үлестерін) мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік. Кооператив мүшесі екіден кем болмауы тиіс. Кооператив мүшелері занда қаралған тәртіп пен деңгейде қосымша (субсидиарлық) міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
5. Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар:
- шаруашылыкты жүргізу құқына негізделген мемлекеттік кәсіпорын. Ол өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді, бірақ мемлекет міндеттемелері үшін жауапты болмайды;
- ағымдағы (оперативтік) баскару құқығына (қазыналық кәсіпорын) негізделген мемлекеттік кәсіпорын, Қазақстан Республикасы үкіметінің немесе жергілікті атқару органының шешімімен құрылады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның Жарғысында көрсетілген (белгіленген) мақсаттармен және міндеттермен анықталады. Қазақстан Республикасы немесе жергілікті әкімшілік-аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауапкершілігін өз мойнына алады.
6. Коммерциялық емес ұйымдар. Оларға: мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, діни бірлестіктер, қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктер жатады.
Шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің мақсаттарын оның меншік иесі белгілейді. Ол егер заңмен тыйым салынбаса және субъектінің жарғысына жауап беретін болса, онда ол кез келген қызмет түрін жүзеге асыруына болады.
Мемлекеттік мүлікті басқаруға уәкілетті органдар, басқа заңды және жеке тұлғалар субъектінің құрылтайшылары бола алады. Шаруашылық жүргізуші субъектіні бір немесе бірнеше құрылтайшылар құрып, ол мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға құқығына ие болуы мүмкін. Меншік иесінің рұқсатымен шаруашылық жүргізуші субъект заңды тұлға құқығы бар еншілес субъектілерді, сондай-ақ филиалдар, өкілдіктер, бөлімдер және басқа да ерекшеленген бөлімшелер құра алады.


Скачать


zharar.kz