Қазақстандағы отбасымен әлеуметтік жұмыстың өзіндік ерекшеліктері туралы қазақша реферат
Қазақстандағы отбасының да басқа елдер сияқты проблемалары біркелкі болып келеді. Сол сияқты, Қазақстандағы отбасымен әлеуметтік жұмыстың айтарлықтай ерекшеліктері жоқ. Бірақ, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың әр елде әр түрлі жүргізіледі. Біздің Қазақстандағы жағдай анау айтарлықтай күшті дамымаған. Яғни, отбасына көмек көрсету қатты дамымаған. Барлық елдердің отбасылық проблемалары ұқсас болғанымен, кейбір ұлттық ерекшеліктерге байланысты өзгеруі мүмкін. Отбасының проблемаларына не жатады?
Оған:
— Ажырасу, жұбайлардың келіспеушілігі
— Неке санының азаюы.
— Бала туудың төмендеуі.
— Әйелдердің күйеу тарапынан зардап шегуі, яғни, отбасындағы зорлық.
— Материалдық жетіспеушілік.
— Отбасындағы жұбайлардың түсініспеушілігі.
Бұл проблемаларға Қазақстан да душар болып отыр. Яғни, қоғам болған соң проблема болғаны бұл заңдылық. Бірақ, шектен шығармай реттеп отыру қажет. Сол мақсатта Қазақстан Республикас Үкіметі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа да қоғамдық ұйымдар көптеген жұмыстар атқаруда.
Қазақ халқы бұрыннан отбасын өте қатты құрметтеген. Сондықтан да отбасылық проблемаларды ушықтырмай, әділетті түрде шеше білген. Бұл біздің халқымыздың текті халық екенін білдірсе керек. Қазақ халқы отбасыға өте қатты мән берген. Қызды тұрмысқа берерде, баласын үйлендірерде текті отбасыларға, тәрбиелі отбасыларға беруге талпынған. Бұл деген сөз, өзінің ғана ұрпағын емес, бүкіл қазақ халқының тектілігі жоймау мақсатындағы әрекет болып табылады. Біздің қазақ халқы қаны таза халық. Яғни, өз руласына үйлену қазақ тарихында болмаған. Осындай әдет-ғұрып, салт-дәстүр қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына үлкен рөл атқарған. Отан- отбасынан басталады деген қанатты сөзді ұстанған біздің ұлы халқымыз отбасының қоғамдағы рөлін түсінген. Сондықтан да, отбасыны өте қатты құрметтеп, сақтаған. Бірақ қазіргі жаһандану үрдісінің кесірінен қазақ отбасының шаңырағы шайқалып жүр. Сайып келгенде, қазақстандағы отбасымен әлеуметтік жұмыстың өзіндік ерекшеліктері ұлттық құндылықтарымызға, ұлттық ерекшеліктерімізге байланысты. Негізінен отбасымен әлеуметтік жұмыстың көрсетілуі барлық елдерде бірдей болып келеді. Мемлекеттің отбасы саясатын жүргізуіне, мемлекеттің қаржылық жағдайына байланысты болады. Қазақ халқы отбасылық проблемаларды туысқандық негізде бірлесе отырып шешкен. Қазіргі кезде жаһандану үдерісінен пайда болған отбасылық проблемаларды шешу Қазақстан Үкіметінің және әлеуметтік жұмыскерлердің алдындағы келелі мақсаттардың бірі. Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу өте маңызды әрі өте қиыншылығы мол жұмыс.
Қазіргі заманның отбасы, оның ерекшеліктері тұтасымен қазіргі кезеңнің ерекшеліктерімен алдын ала келісілген, ол неғұрлым жаңа мәселелермен кездесті, адамның өміріне қажетті көптеген қызметтерді орындау мүмкіндігінің біраз дәрежесінен айрылды, көптеген жағдайда басқа әлеуметтік институттармен ұзаққа созылған ала ауыздық күйіне енді және жаңа дағдарыс табалдырығын аттады.
Отбасы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімделіпғ маңызды өзгерістерге төтеп береді. Олардың дәйексіздігі, сонымен қатар, Қазақстан халқының ауқымды мәдени әртүрлілігі өмір сүріп отырған отбасы моделінің әр алуандығын алдын-ала анықтайды және олардың көпшілігінің ауыспалы сипаты бар.
Осының бәрі отбасы саясаты жүйесіндегі отбасы қызметінің барлық бағыттарында отбасы мен қоғамның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін әлеуметтік институт қызметін ұйымдастыру және үйлестіру тәсілі ретінде отбасы саясатын реформалаудың қажеттігін туғызады.
Отбасы саясаты – ол өзара қарым-қатынастағы көптеген институттардың бірі ретінде отбасының арнайы мүддесін және отбасы рөлін басқа да әлеуметтік рөлдермен қатар орындайтын алып жүруші ретінде адамның арнайы мүддесін қорғайтын бүкіл әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ғана.
Біздің отбасы өміріміздің көптеген экономикалық қиындықтары – ол дағдарыс салдары, экономиканың әлсіздігі, оның тиімділігінің төмендігі, үлестіру қарым-қатынасының жетілмеуі және т.б.. Осы кемшіліктерді жеңу үшін отбасы саясаты ғана емес, отбасына маңызды түрде әлеуметтік қолдау жасау және отбасы өзінің ішкі ресурстары есебінен төтеп бере алмайтын, отбасы өмірінде пайда болған мәселелерді шешу кезінде әртүрлі үрей тудырған жағдайларды жеңуде көмек те көрсету керек. Отбасының көптеген мәселелері отбасының құрлымдық өзгерістерімен, өзара ішкі қарым-қатынасы сипатымен және т.б. қатысты өткерген ішкі өзгерістермен байланысты. Отбасы саясатының мәні отбасының тереңдетіп қаралған мүддесін қоғамның түсінуіне және қолдауына, жеке тұлға, отбасы және жалпы қоғам арасындағы жаңа тепе-теңдікті іздестіруге ықпал етумен түсіндіріледі.
Қазіргі отбасы өрістеудің күрделі кезеңін – дәстүрлі үлгіден жаңаға ауысу үдерісін бастан кешіріп отыр. Отбасы құрылымы, отбасы қызметі, билікжүйесі, отбасылық роль, жұбайлардың функциолнальды тәуелділігі, отбасындағы бала жағдайы өзгереді, ал бұл өз кезегінде әлемдегі отбасы түрінің өзгеруіне әкеледі.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың субъектісі туралы айта отырып, бір жағдайды есте ұстауымыз қажет. Осындай қызметкерлердің арасында осы жұмысты тек ұйымдастырумен ғана айналысатындар және оларға тікелей көмек көрсететіндер бар. Оларды шартты түрде практиктер немесе практикалық әлеуметтік қызметкерлер деп атайды.
Қазақстан отбасының дағдарысының көрсеткіштері бала туудың күрт төмендеуі, некесіз бала туудың белсенді өсуі, ана мен бала өлімі санының, әсіресе, экологиялық аймақтарда жоғарылауы, ажырасудың жоғары дәрежесі, отбасы тұрақсыздығының көбеюі, туысқандық босаңсуы болып саналады. Оның индикаторлары аз балалықты немесе баласыздықты тарату, ажырасу дәрежесінің жоғарылығы болып есептеледі. Мысалы, 1991-1997 жылдары туылған балалардың саны жылына 358,2-ден 232,4 мыңға дейін қысқарды. Осы кезеңде туу коэффициентінің халықтың 1000 адамына шаққанда 21,5-тен 14,7-ге дейін төмендеді. Қазақстанда бала туудың осылай күрт төмендеуі екінші дүниежүзілік соғыс дәуірінен бері байқалмаған болатын. Бала туудың төмендеуі елдің бүкіл аймағында өтуде. Некесіз туылған бала мөлшері 13,4%-тен 17,6%-ке дейін жоғарылады.
Бүгінгі күндері Қазақстанда тіркелмеген неке көбеюде. Мұндай некелер әр кезде болған, бірақ соңғы онжылдықта жиі кездеседі және батыстың көптеген елдерінде тіркелген некемен негізделген ресми отбасының статистикалық маңызы бар баламасына айналды. 2009 жылдың мәліметтері бойынша Қазақстанда өздерін некеде тұрмыз деп санайтын еркектердің 6% және әйелдердің 6,5% некеге тіркелместен, бірге тұрып жатыр. Қазақстанның барлық ересек халқының арасындағы тіркелмеген некенің таралуы шамамен, 1993 жылғы АҚШ-ғыдай немесе 80-ші жылдардағы Ұлыбритания, Франция, Нидерландыдағыдай, сол кездегі Швеция, Норвегия мен Финляндиядан анағұрлым төмен, бірақ Италия, ГФР, Австия және Венгриядан жоғары болған.
Некесіз бала туу немесе заңсыз бала туу отбасылық тәртіп бұзу түрінің бірі ретінде бағаланады. Біріншіден, себебі, әке-күйеу қоғамда белгіленгендей ана мен балаға қатынасы жөніндегі өзінің негізгі қызметін орындай алмайды. Екіншіден, себебі, баланың заңсіз туылуына себеп болып есептелетін әлеуметтік бақылауға қатысты не әке, не шеше ретінде отбасы мүшесінің ролі атқарылмайды.
Мұндай жағдайда неге отбасы дағдарысы ретінде түсіндіріледі?
Бүгінгі күндері бала туудың төмендеуі Қазақстандағы бір балалы отбасын неғұрлым кең таралған модельге айналдырды. Мұның себептері экономикалық ғана емес, адамзаттың бірнеше балаға деген мұқтажы балаға деген махаббаттың элиминирлік себептері (басылып қалуы және сөнуі) болады. Мұның салдары туысқандық қатынастың азаюынан, жыныс арасындағы байланыстың үзілуінен болады.
Қазақстандағы ажырасудың жоғары дәрежесі қоғам өмірінде, сондай-ақ жеке адамның өміріндегідей отбасы бағалылығы мен маңызының төмендеуі туралы және отбасы қанағаттанатын адам мұқтажын неғұрлым аз қанағаттандыратындығы туралы куәландыратындығын айту керек. Бүгінгі күндері ажырасу себептері ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасының шиеленісуінен қазіргі заманның стиліне және шапшаңдығына сәйкес келмейтін қазақстандық отбасының неке-отбасылық қатынасындағы көне дәстүр және әдет-ғұрып бүлінгенін білдіреді. Ажырасулар көп болған сайын, бала туу да аз. Көптеген әйелдер мен еркектер ажырасқаннан кейін біраз уақыт немесе өмір бойы жалғыз басты болып қалады. Сонымен, негізінен ажырасу қоғамның, сондай-ақ отбасының өзінің және оның мүшелерінің көзқарасындай отбасы дағдарысының пайда болу түрі болып саналады. Демек, сөз қазақстандық отбасы жеке тұлғаларының арасындағы қатынасты құру және оны қолдауға бағытталған шаралар жиынтығы туралы болуы керек. Осындай мәселелерді шешу кезінде отбасының мүшелері, бірінші кезекте балалар зиян шегетіндігін қашан да ұмытпаған жөн.
Қазақстанның жалғыз басты аналары өзін опасыздық істеген бөтен елде тұрғандай сезінеді. Кеңес өкіметінің 70 жыл бойы көптеген жеңілдіктер берілді, ол өте қажет болды. Ал қазір, жалғыз басты әйелдер ауырлықты, қиындықты көтерген кезеңде соңғы жеңілдіктерді де алып тастайды. Бүгінгі күндері Қазақстандағы некесіз бала туған әйелдер шешілмейтін жағдайға душар болады. Бір жағынан, жұмыссыздықтың тез өсуі, екінші жағынан, нарық экономикасына өту жалғыз басты әйелдердің бүгінгі күннің шындығына дайын емес екендігін көрсетті. Жалғыз басты әйелдер жұмысқа қабылдану және жұмыстан шығу кездерінде дискриминациямен қақтығысады. Мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар таратылған және қайта ұйымдастырылған кезде жалғыз басты әйелдерге бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны төлеместен және одан әрі жұмыс орнымен қамтамасыз етпестен жұмыстан шығарады. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде жұмыстан шығарылған жалғыз басты әйелдер 38,4% құрайды.
Жұмыссыздықтың өсуі жалғыз басты аналар үшін маңызды міселе тудырды. Бүгінгі күндері жалғыз басты жұмыссыз аналар 52,1% құрайды. 30 және одан да жоғары жастағы жалғыз басты жұмыссыз аналардың пайызы 40,7. Кейде жалғыз басты аналарға, олардың 79,2% жоғарғы білімді болса да жалақысы ең төмен жұмыс орнын ұсынады.
Бүгінгі күннің жұмыс берушісі жалғыз басты ананы әдейі неғұрлым аз қабылдауға тырысады. Бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес қажетті жеңілдікті (көп жағдайда немқұрайлы болса да) беруден сақтанумен байланысты. Нәтижесінде жұмыстан айырылған жалғыз басты ана жұмыссыз қалады.
Жеке және тіпті, мемлекеттік жұмыс берушілер де жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруға жасын және кейде жынысына да көрсете отырып, береді.
Қазіргі заманның жұмыссыз адамы ресми түрде – ол 50 жастан асқан жоғарғы білімді әйел. Жұмыссыздың әрбір екіншісі — әлсіз жыныстың өкілдері. Жұмыссыздықтың әрбір үшіншісі – 28 жасқа дейінгілер.[10].
Отбасы бірлігі тәртібінің бұзылуы немесе ажырауы жар-әкенің отбасынан әдейі кетуі салдарынан отбасының бұзылуынан көрінеді. Отбасын тастап кету дегеніміз, мұндайлар қазір өте көп, адамның әртүрлі сылтауды пайдалана отырып, ұзақ уақыт отбасынан тыс болуы. Сонымен қатар, соңғы кезде республикада Қазақстаннан тыс жерден келген, дамыған діни конфессиялардың отбасына ықпал етуі күрт жоғарылап кетті. Барлық ауыртпалықты көтеретін отбасы мен балалар тастанды атанады.
Қоғамдағы ауыр ауыспалы ана мен баланың арасындағы қатынасқа жатады. Жалғыз басты аналардың әлеуметтік қорғалмағандығы олардың балаларының нашақор, жезөкшелік, маскүнемдік пен қылмыскер жолына түсуіне мәжбүр етеді. Сонымен, қоғамның қолдауына айырылған балалы жалғыз басты ана осы қоғам үшін қауіп-қатер төндіретін топтарды құратын сияқты.
Отбасына көмекші керек, ол мемлекет дәрежесіндегі отбасы саясатын жүргізуге, отбасын нығайту және әлеуметтік қолдау ісіне өзінің барлық мүмкіндіктерімен кірісуге қабілетті болуы керек. Мемлекеттің, жеке кәсіпкелік сектордың, саяси және қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру кезінде отбасы саясаты саласындағы стратегиялық саясатты және отбасын әлеуметтік қолдаудың барлық қажетті түрін жүзеге асыру керек болады.
Бүгінгі күндері Қазақстанда ұлттық ақпараттық технологияны және ресурстады құрудың шарттары бар екендігін сенімді түрде айтуға болады және олар тепе-тең және жоғарғы кәсіптік көзқарас кезіндегі қысқа мерзім ішінде құрылуы тиіс.
Мемлекеттің отбасы саясатына қоғамның мүддесінде отбасының қызметін қамтамасыз ету мақсатында балалы отбасына белгілі әлеуметтік кепілдік беретін тәжіриби шаралар жиынтығы кіреді. Олар экономикалық және әлеуметтік көмектің түрлерін өзіне қосады. Бұл көмек әр елде әртүрлі, бірақ барлық жерде бір түрде көрсетеді.
Барлық елдерде отбасы маңызды әлеуметтік институт болып есептеледі, онда жаңа ұрпақ пайда болып, тәрбиеленеді және олар онда әлеуметтендіруден өтеді және әлеуметтік қолдау таба алады.
Дүниежүзілік тәжірибе әлеуметтік қолдау жөнінде бірқатар шараларды:
— отбасына жәрдемақы беру;
— әйелдерге декреттік демалыты төлеу;
— әйелдерге екіқабаттығы мен бала туу кезінде медициналық көмек көрсету;
— нәрестенің және кіші жастағы баланың денсаулығын бақылау;
— ата-анаға демалыс беру;
— жарымжанды отбасына жеңілдік беру;
— салық жеңілдіктері, үй-жай сатып алуға немесе жалға алуға төменгі процентпен несие беру және басқалары кіреді.
Қазақстан мемлекеті негізінен, отбасына көмек көрсетудің ұқсас түрлерін ұсынады, бірақ оның көлемі қазіргі заман жағдайына аз болады.
Көптеген отбасының, соның ішінде жас отбасының өмір сүру дәрежесі мен сапасы төмен. Халықтың қарапайым түрде көбеюі қамтамасыз етілмейді. Адам өлімі, әсіресе, нәрестенің, баланың, ананың өлімдері өте жоғары. Ажырасу саны өсуде. Балалар мен жастардың алғашқы мүмкіндіктері нашарлап келеді.
Отбасы саясаты мен мемлекеттік отбасы саясатын басқару құрылымына тез арада шешілетін қоғамдық сұраныстарға ықпал ету тәртібі тән.
Отбасы саясатындағы стратегия отбасының өз қалауымен үлгілі болуын шамалайды.
Күрделі қаржы бөлуді талап ететін шараға қарсы, отбасы мен балалықты қорғаудың қолданыстағы жүйесін оптимизациялаудың жиынтығы бағдарламасында жинақталған мемлекеттік отбасы саясатының шұғыл мәселелерін шешу қалыптастырылған бағытты дамыту және отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудың сенімді жүйесін құру үшін экономикалық негізделген көзқарасты таңдауға бағытталған. Яғни, қалада отбасы саясатының субъектісін ұйымдастыру, қолданыстағы әлеуметтік бағдарлама мен әлеуметтік қызметтің тиімділігін түгендеу және тексеру, лауазымды адамдардың атқарушылық тәртібі мен жауапкершілігін жоғарылату, шұғыл мәселелерді шешудің қызметтік тәсілін қолдау қажет.
Қазақстандағы реформалар көптеген теориялық міселелерді шыңдап әзірлеу және жинақтап зерттеу қажеттігі туралы міндет қойды. Демократиялық үдеріс плюрализмнің құрылуы республиканың саяси жүйесіндегі азаматтық белсенділіктің бұрын белгісіз түрін тудырды. Республикадағы реформалық өзгертулер нәтижесінде өкіметтік емес қоғамдық бастама дамиды және күшейеді, әр түрлі мағынадағы және саяси түрдегі түрлі қоғамдық қозғалыстар пайда болады.
Бұдан біраз бұрын мемлекет басшысы ТМД-да ұқсасы жоқ, өкімет мүшесі және министр Айткүл САмақ басшылық ететін Отбасы және әйелдер мәселесі жөнінде ұлттық комиссия құрылды. Комиссия өкілетттілігінің толық күші бар – ол министрлік, ведомствалар, облыс басшыларын тыңдаға құқылы. Үш жыл ішінде комиссия көптеген жұмыс атқарды. Қазақстанда алғаш рет өкімет Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-әрекет жоспарын әзірлеп, қабылдады. Қазақстан РЕспубликасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарына Дамытуға әйелдердің қатысуы бөлімі енгізілді.
Ұлттық комиссия өкіметтік емес барлық ұйымдамен белсенді түрде бірге жұмыс істейді, Қазақстанда мұндай ұйымдар 150. ӨЕҰ Әйел жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-әркет жоспарын әзірлеуге және БҰҰ-ға Әйелдерге қатысты дискриминациялаудың барлық түрін жою туралы Келісімді орындау жөніндегі алғашқы есепті дайындауға қатысты. Олар барлық конференцияларға дөңгелек столға , семинарларға және ұлттық комиссия өткізетін басқа да іс-шаралар қатысады.
Парламентте отбасының, әйел мен баланың мүддесін қорғау үшін Отбасы депутаттық топ құрылған.
Қазіргі уақытта отбасы институтын нығайту, отбасына, әсіресе жастар мен көп балалы отбасына әлеуметтік қолдау жасау мәселесі неғұрлым қатаң қойылған. Әйелге қатысты зорлықтың етек алуы мен күресу мәселесі де өте маңызды, сондықтан, бүгінгі күндері КОмиссия ІІМ бірлесе отырып, Тұрмыстық зорлық туралы заңның жобасын әзірлеуде.
Қазақстанда Қазақстан іскер әйелдерінің Ассоциациясы құрылған, оның базасында үш жыл бұрын Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы пайда болды. Алматыда басты офисі орналасқан, ал Қазақстанның 20 қаласында филиалдары бар.
Партия жыныстық емес, идеологиялық белгі бойынша құрылған және оның басты міндеті – парламент, Үкімет және заң дәрежесінде әйелдің және оның отбасысының құқығы мен мүдделерін қорғау және лоббирлеу.
Қазақстан іскер әйелдерінің Ассоциациясының Әйел және кедейлік , Әйел және жұмыссыздық сияқты әртүрлі бағдарламалары бар. Осы жылы Өз ісіңді баста атты жұмыссыз әйелдерге арналған курстар қайта басталды. Прагма американдық бағдарламасымен қоса көптеген семинарлар, жұмыс тапқысы немесе кәсіпкелікпен шұғылданғысы келетін жұмыссыздар үшін сабақтар өткізіліп жатыр.
Қазақстанда халықаралық және өкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен әйелдер мен балаларға арналған 14 дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Алматы қаласындағы әйелдер мен отбасы мәселесі жөніндегі ұлттық комиссия Қамқорлық дағдарыс орталығын ашты.
Қазақстанда 2001-2005 жылдарға арналған Ана мен баланың денсаулығын сақтау бағдарламасы әзірленді, ол әйелдің репродуктивтік денсаулығын және соған қатысты оның тіршілік жағдайын жақсартуға бағытталған.
Әлеуметтік жұмыстың ең маңызды бағыттарының бірі зорлық көрген әйелдерге (отбасындағы және үйден тыс зорлық, жыныстық қатынас ынтықтығы, жыныс индустриясына күшпен жіне алдап тарту, жыныстық пайдалану мақсатында жасырын шақыру) әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету.
Әйелге қатысты зорлық мәселесі қоғамдағы гендерлік дискриминациялаудың нағыз шамдануды тудыратын құбылыс болып есептеледі.
Елдегі зорлық мәселесін шешу үшін шараның негізгі үш тобын қабылдау қажет: ұлттық заңдылықты және оның орындалу механизмін жетілдіру; зорлық құрбанына көмек көрсету және оның ақталуына кепілдік беретін әлеуметтік қызметтің кең тараған жүйесін құру; БАҚ көмегімен білім беру бағдарламасы жіне ағарту жұмыстары арқылы алдын алу шараларын қабылдау.
Халықаралық әлеуметтік қызметкерлер бірліестігі әзірлеген әлеуметтік жұмысқа жаңа көзқарас клиенттің әлеуметтік-психолгиялық өкілеттігінің белсенді болуына әлеуметтік жұмысты жүргізушіні акцентпен ауыстыруды талап етеді. Осы саладағы елеулі нәтижелерге жету сол әлеуметтік қызметкердің кәсіптік өкілеттігінің өлшемі ретінде қарау керектігі шешілді.Клиенттің өзінің белсенділігі және өкілетті өзгеріске кім дайын болса, соған көмектеседі -әлеуметтік жұмыстың маңызды болжамы болып саналады.
Осыған байланысты, әлеуметтік жұмыстың жетістігі клиенттердің өз өмірінің жағымды өзгерістеріне қызығуын жоғарылату тікелей байланысты. Бұл өзіндік сана мен тәуелсіздік дәрежесімен, олардың қиын жағдайы мен міселелерін шешудің әлеуметтік мүмкіндіктерін түсінумен анықталады. Олардың әлеуметтік қызметкерден көмек сұрап, өтініш жасауы соңғысының әлеуметтік қызмет көрсетуінің әртүрлілігі мен сапасына, кәсіптік дайындығына, әлеуметтік сұранымға тез ықпал етуіне, нақты жағдайды шешу кезіндегі қоғам адамгершілігінің кең болашағын көріп, білуіне байланысты.
Отбасы саясатының қажеттілігі отбасы құрылымы мен қызметінің өзгеруінің жағымсыз салдарымен анықталады, ол тарихи дамудың спонтандық жолымен, индустриализациялау үдерісімен, урбанизациялау және ол өзінің жинағында әлеуметтік институт ретінде отбасы дағдарысын сипаттайды.
Біздің елде бұл үдерістер өзінің сипаты бойынша жалпы және маңызды, өзінің экологиялық дағдарыс салдары бойынша тең шамалы бола тұра біздің кеңестік және кеңес өкіметі дәуіріндегі тарихи жолымыздың ерекшеліктерінің әсерін өзіне қоса отырып, өзгеше түрге айналды.
Бұлардың ішіндегі алғашқысы отбасы өзгерісінің табиғи үдерісі, оның әлеуметтік қызметін басқа институттардың қағып кетуі үдерісі және отбасынан нарықты экономика алаңына оның барлық мүшелерін бірінен соң бірін шығару үдерісіне тоталитарлық мемлекеттің бүкіл қуатымен зорлық арқылы жеделдетіп, ынталандырылды және болмашы ғана мерзімге дейін жасанды түрде қыспаққа алынғандығын көрсетеді. Соның арқасында, оның салдары дұрыс жолдармен өткен басқа елдерге қарағанда неғұрлым талқандалған және қайғылы болды.
Мұнымен отбасы қызметін қағып кету кезіндегі мемлекеттің немесе оның органдарының орны байланыста болды. Ол отбасын әлеуметтік институт ретінде отбасы өзгерістерінің үдерісіне итермелейді. Барлық әлеуметтік өмірдің суперэтатизациялау отбасы дағдарысының басталуын тездетті, отбасы өміріне мемлекеттің араласуы қандай түрде болсада жүзеге асуына қарамастан (20-шы және 30-шы жылдардағыдай зорлықтың немесе соғыстан кейін, тоқырау деп аталатын жылдардағыдай жұмсағырақ) отбасы мен отбасы құндылықтарын талқандалды.
Отбасына әлеуметтік институт ретінде зиян келтірілді және 60-шы жылдың ортасынан бастап, өзінің негізгі қызметін, бәрінен бұрын репродуктивтік қызметін іс жүзінде орындауды тоқтатты.
Қазақстандағы отбасы дағдарысы мәселесіне қатысты қолданылуын қажет ететін біздің тарихи дамудың екінші ерекшелігі біз өмір сүріп жатқан уақытқа жатады. Бұл біздің елде экономикалық реформаның және басқа да экономикалық, саяси және әлеуметтік өзгертулердің кейбір кескіні. Реформаторлар іс жүзінде осындай өзгертулер үдерісінде отбасы мүддесін ескермейді. Мұндай мүдделер, керісінше, еленбей қалады. Бұл жерде ешкімнің де кінәсі жоқ.