ЖОСПАР
Кіріспе ——3
І. Авторлық құқықтың азаматтық құқық саласында алатын орны—-6
1.1 Авторлық құқықтың мәні, пайда болуы——6
1.2 Авторлық құқық субъектісі——8
1.3 Авторлық құқық объектісі.——13
1.4 Авторлық құқық объектілері болып табылатын туындылар——17
ІІ. Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі авторлық құқықтың қолданылу аясы——22
2.1 Авторлық құқық саласындағы құқықтық-нормативтік актілердің уақыты бойынша, кеңістігі бойынша қолданылу күші—-22
2.2 Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық саласының айырмашылығы——24
Қорытынды——-29
Пайдаланылған әдебиеттер——31
КІРІСПЕ
Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады деп айқын тұжырымдалған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқтышу, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асырылуын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие.
Осы орайда ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев бекіткен Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының заңына дүниежүзілік санаткерлік, меншік саласының аса білгір сарапшылары мен мамандары зор құрметпен қарауы — қазақстандықтар үшін айрықша мәртебе екендігін мақтаныш сезіммен айтқан лөзім. Біз қоғам өміріндегі, сондай-ақ ғылымның, әдебиеттің және өнердің барлық саласындағы қозғаушы күш — шын мәніндегі шығармышылық екенін түсінуге және жантәнімізбен сезінуге тиіспіз. Осы салаға деген көзқарасымыз арқылы қоғамның өркениеттілік деңгейі сигатгалады. Осыған сәйкес санаткерлік еңбектің баршасының негізі авторлық тұлгаға тәуелді екенін атап өткен жөн.
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында 1998 жылы Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға иелік құқығын мемлекеттік тіркеудің Ережелері және Туындыларды және сабақтас құқық нысандарын пайдалану үшін жасалған лицензиялық шарттар мен келісімдерді мемлекеттік тіркеуге алу Ережелері сияқты екі бірдей нормативтік құқықтық кесімдер қабылданды.
Соңғы жылдары Авторлық құқықтар жөніндегі комитет нормативтік құқықтық база құру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізгенін айтқан ләзім. Жоғарыда атап өткен заң жобаларын, және де нормативтік құқықтық кесіндерді әзірлеу жөніндегі барлық ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Комитеттің бастамасымен енгізілген болатын. Парламент Мәжілісі депутаттарымен бірлесе отырып Комитет санаткерлік меншікті қорғап, оны еркендетудің Тұжырымдамасын әзірлегенін де еске сала кетудің артықшылығы жоқ.
Мемлекетімізді, әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытуға байланысты жүріп жатқан реформалар қоғамдық қатынастардың өзгеруін, ең алдымен құқықтық қатынастардың, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласын жаңаша бағалауға және құруға бағытталды. Өйткені Қазақстан Республикасының ұлттық заң кесімдерінен өзге авторлық құқық және сабақтас құқықтардың республикадағы заң негіздері халыкаралық шарттардан құралатындығын естен шығармауға тиіспіз. Бүгінгі таңда Қазақстан үш бірдей авторлық құқықтар жөніндегі халықаралық Қонвенсияға мүше болып табылады
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық жаңарудың жаңа сатысына қадам жасауда. Ұлттық экономикамыздың дамуындағы осы кезеңнің негізгі міндеттері Елбасының 2006 жылдың 18-ші қаңтарындағы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы халыққа жолдауында айқындалған. Онда, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика деп атап өтілген. Бұл маңыздылық, халық шаруашылығы салаларының инновациялық жүйеге бағдарланып, дамуын талап ететіні сөзсіз.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының авторлық құқық мәселесін қарастыра отырып тақырыпты ашу.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылды:
— Авторлық құқықтар туралы мәліметтер жинақтай отырып, тақырыпты ашу,
— авторлық құқықтың түрлерін анықтау т.б.
Курстық жұмыс 31 бет