ЖАҢА БИОРЕТТЕГІШ БИДАЙ ФУЗИКОКЦИНІНІҢ ӘСЕР ЕТУ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ туралы қазақша реферат
Қазақстанда күннен-күнге экологиялық жағдай күрделеніп бара жатыр. Оның негізгі себебі антропогендік әсерлердің көбеюі. Мысалы: Арал аймағының құрғақтануы, сонымен қатар өзендер мен суларды сапасыз пайдалануы, Қазақстан жерінде шөлейттену мен тұздану процестерінің өтуі. Сол себептен Қазақстандағы экологиялық жағдайларды жұмсарту және өңдеу үшін, экологиялық проблемалардың алдын-алу мақсатының ең өзекті мәселесінің біреуі — Қазақстанның территориясын көгалдандыру және ормандатуды қарастыру керек. Бұл мәселені шешу үшін ең алғаш рет президентіміз Н.Ә. Назарбаев ұсыныс жасап Жасыл – ел бағдарламасын жариялады. Жасыл – ел бағдарламасын нақты және уақытында орындау үшін және түрлі ағаш өсімдіктерді көбейту үшін жаңа технологияларды енгізу қажеттігі сөзсіз. Көпжылдық өсімдіктерді ұрықпен көбейтуге қарағанда вегетативті жолмен көбейтудің көп тиімділігі бар. Ұрықтан алынған өсімдіктердің әлсіздеу болуына байланысты шығыны көп, ал вегетативті жолмен көбейтілген өсімдіктердің өмір сүру деңгейі әлдеқайда жоғары және екі-үш жыл бұрын жемісін беріп, пайдалануға дайын болады. Олардың бір тиімділігін ерекше айтуға болады. Вегетативті әдіспен алынған өсімдік, егер ол нақты бір климатқа және экологиялық жағдайға бейімделген болса, одан дәл сондай өсімдіктер алынады. Ал ұрықтан алынған өсімдіктер климаттық жағдайға қиын бейімделеді. Демек, бір көпжылдық өсімдіктен жүз емес, мыңдаған осы табиғатқа бейімделген өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейтіп алуға болады. Қазақстанда вегетативті көбейтуді кең пайдалануға кедергі болып тұрған жағдай — осы технологияда биореттегіш ретінде ауксиндердің ғана қолданылуы. Ауксиндер шөл даладағы өсетін ұзын тамырлы өсімдіктерді вегетативті көбейтуге жарамайды, ол тек қана қосымша тамырлары бар өсімдіктерді тамырландыруда қолданылады. Екіншіден барлық реттегіштер шетелден сатып алынады, оған қазынаның көп қаражаты жұмсалынады. Осы себептен Қазақстанның экологиялық жағдайын қалпына келтіре алатын, ауксинге жатпайтын жаңа биореттегішті енгізу керектігі сөзсіз. Екінші өзекті экологиялық мәселенің бірі өсімдіктердің стресстік жағдайға төзімділігін арттыратын жаңа технологияларды енгізу. Қазақстанның климаты мен экологиясының қаталдығы өсімдіктерге көп стрестік жағдайды туғызады. Олар топырақтың тұздануы, су тапшылығы және құрғақшылық. Сондықтан өсімдіктің әртүрлі стрестік жағдайларға төзімділігін (толеранттылық қасиетін) арттыратын жаңа әдістердің болашағы зор. Сол себептен біздің жұмысымыздың тағы бір мақсаты біздің жаңа биореттегіштің өсімдіктердің стресс жағдайына төзімділік қабілетіне әсерін анықтау.
Біздің жұмысымыздың іргетасын қалайтын зерттеу жұмысы М.А.Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының ферменттердің құрылымы мен реттелуі лабораториясының ғалымдары алғаш рет бидайдың өнген дәнінен жаңа биореттегішті тапқан. Бірақ осы аталған ғалымдардың әдісі бойынша реттегішті өте аз мөлшерде алуға болады. Бұл әдіспен тазартылған биореттегіш тек қана аз мөлшерде ғана тәжірибеге жететіндей болған. Экологиялық және егіншілік кең алқаптарға жететін препаратты бұндай әдіспен алу мүмкін емес. Осыған байланысты жұмыстың бірінші міндеті жаңа инновациялық технологияны қолдану арқылы биореттегішті препаративті көлемде тазарту болып табылады. Көп мөлшерде биореттегіш тазартып алу үшін жаңа нанотехнологиялық әдісті пайдаландық. Қазақстандағы қатал экологиялық жағдайларды жұмсарту үшін, экологиялық проблемалардың алдын-алу үшін ең өзекті мәселелердің бірі — Қазақстанның территориясын көгалдандыру. Осы себептен өсімдіктерді вегетативті көбейтуде жаңа технологияны дамытудың қажеттілігі сөзсіз. Ол үшін біз шөл далада өсетін жыңғылдың және тау бөктерінде өсетін ұшқаттың қалемшелерін кесіп, оларды 50 нг мл БФ бар ерітіндіге 1 тәулікке малып қойдық. Содан кейін қалемшелерді бір күн бұрын алдын-ала қайнатылып, суытылған суы бар ыдысқа салып, оны 4-5 күн сайын ауыстырып отырып, 1 ай мерзімде тексердік. Бір ай мерзімінде қалемшелердің тамырланғанын және жапырақтарының өскенін байқадық. Cонымен қатар таржапырақты жиде және сары акация өсімдіктерін таңдадық. Таржапырақты жиденің тамырындағы түйнекті микроорганизмдер топырақтағы минералдық азоттың мөлшерін көбейтеді. Бұл өсімдіктердің Қазақстан жағдайына пайдасы өте зор. Ерекше көңіл аударатын жағдай, біздің биореттегіш тек қана тамырландыруды ғана емес, жапырақтардың өсуінде реттей алады.
Қорыта айтқанда бидай фузикокцині қалемшелердің тамырлары мен жапырақтарын өсіргізе алады. Яғни, тазартылып алынған қалемшелерден көшетті алу үшін бидай фузикокцинін қолданудың тиімділігі өте жоғары екендігі сөзсіз.
Казахский национальный университет им. аль-Фараби,
г. Алматы, Республика Казахстан;
Ж.М. Басыгараев