Кактустарды қолдан көбейту жолдары туралы қазақша реферат
Кактусты тұқымынан да, вегетативтік жолмен де көбейтуге болады.
Кактус тұқымын көмір ұнтағы қосылған жеңіл топыраққа егеді. Егер тұқым ірі болса, үстін топырақпен биіктетіп жабады. Тұқым ұсақ болса, онда үстін жаппасада болады. Осыдан кейін топырақты жылы сумен ылғалдап, ыдыстың үстін әйнекпен жабады да, жылы жерге қояды. Тұқым өсе бастаанша ыдысты қарңғы жерге қойғын жөн. Бірақ топырақ құрғап қалмайтын болсын.
Тұқым өсе бастаған бойда әйнекті ашып, желдетеді. Ол үшінәйнек пен ыдысың арасында тіреу орнаылады. Суаруды сиретеді. Өсімдікке түсетін сәуле тым жарық болмауы үшін әйнекті әкпен майлайды немесе папирос қағазымен орап қояды.
Екпе көшекте тікен шыға бастаған езде, оны көшіріп басқа жерге отырғызады. Отырғызылатын топырағының құрамында 3 үлес жапырақ топырпақ, І үлес шым топырақ, 2 үлес құм және көірдің ірі бөлшектері, 5-10% көмір ұнтағы болады. өсімдікті бір күн бойы суармайды, күн көзінен қалқалақтап, үш күн бойы әйнекті ашпстан ылғалыды ауада ұстайды.
Опунция басқа кактустарды бір жаз ішінде бір не екі рет көшіріп отырғызуға болады.
Себілген тұқым 5−7 күннен кейін, ал кейде одан да ертерек өсе бастайды. Жылу мен ылғалы жеткіліксіз болса тұқым бір айға дейін өнбей жата беруі мүмкін. Сондықтан өсіп шыққан өсімдік егілген тұқымның санынан кем екендігін байқаған гүл өсірушілер топырақты көпке дейін қозғамайды.
Тұқымды, әдетте , сәуір − мамыр айларында егеді. Тұқымынан өскен жас өсімдіктер күзгі суыққа дейін үлгеруі үшін тұқымды кейде ақпан − мамыр айларында себеді. Ол үшін тұқым егілген ыдыстарды қоятын жылы орын болуы керек.
Егер кактус тұқым тауып алу мүмкін болса, онда қалемше дайындау керек. Қалемшеге кактустың жанама бұтақтарының ұшынан кесіп алынады. өсімдік тым қартайса , немесе оның тамыры шіри бастаса қалемше ретінде оның негізгі сабғының ұшын пайдалануға болады. Өсімдіктің кесілген жерін күннің көзіне немесе сипирт жалынына ұстап кептіреді де, бетіне көмір ұнтағын себеді. Кесіліп алынған қалемшені 7−10 күндей желге қақтырып кептіреді. Сонан соң қалемшенің кесілген жерінде жұқа жылтыр қабыршақ пайда блады. Бұл қалемшенің отырғыза беруге келгенін көрсетеді.
Қалемшені әдетте топырақа таяз етіп 1 см тереңдікке көмеді. Ал опунцияны мүмкіншілігінше тереңірек көмген жөн. Отырғызылған қлемше орнықты тұруы үшін оны қазыққа байлап қояды. Топырақты ылғалдап, үстін әйнекпен жабады да күннің көзі түсетіндей етіп жылы жерге қояды. Қалемше тмырларына бастағанша сирек суарып тұрады.
Қалемшелеуге қолайлы мерзім көктем мен жаздың алғашқы айы. Бұл мерзім ішінде қалемшені отырғызып үлгере алмаса оны күзде не қыста кесіп алып, әбден, кептіртірген соң,құмға көміп қояды. Мұндай қалемше көктемде отырғызылса да өсе береді. Жас өсімдіктерді тез өсіру керек болса, емесе өсімдіктің тамыры шіри бастаса немесе әдемі будан алу керек болса, одан кактустерді уаластырады. Уаластырылатын өсімдіктерің жуандығы мен балғындылығы бірдей болуы қажет.
Тілуші өсімдіктерді тиісті жерінен өткір бәкіні бір сермеп кесіп тастайды. Тілінушімен бірігіп өскенше оның кесілген жері сола бастауы мүмкін. Әдетте телуші мен тілінуші жанасатын жеріндегі қабығын жұқалап алып тастайды да екеуін тезірек беттестіре қояды. Содан соң жұмсақ жіппен немесе рзинкамен екеуін жалғап байлап жылулығы 20°−26° жерге қояды. Өсімдіктің үстін әйнекпен жабады да, күннің сәулесі тікелей түспейтін орынға қояды. Осы айтылғандар дұрыс орындалса ішінде өсімдіктің екі бөлігі бірігіп өсіп кетеді.
Жақсы жетілген өсімдік күтімді көп тілемейді. Дегенмен кактустарды,басқа өсімдіктердей, бір орнынан екінші орынға қозғай беруге болмайды. Кактус өсімдігін жиі−жиі суарып, қоректендіре беру де зиян. Эхинокактустар мен эхинопистерді отырғызатын ыдыстың беті кеңірек болу керек.
Кактустарды үш жасқа дейін жыл сайын қайта отырғызады. Үш жасқа толған кактусты жыл аралатып барып көшіру керек. Эхинопистерді гүлдей бастамасы үш жылда бір рет қайта отырғызуға болады. Ал эпифиллюмді гүлдеп болғаннан соң жыл айн қайта отырғызыды.
Ірі кактустар үшін керекті топырақтың құрамы мынадай болады: 2 үлесі шым топырақ, 2 үлесі жапырақ− топырақ, 1 үлесі аздап араласқан құм.
Кактустарды жиі суаруға болмайды. Жас кактустарды аптасына, ересектерін − екі аптада бір рет суарса жетеді. өте жиі суарылған кактус әдетте гүлдемейді. Қыста айына екі рет, көктемде 10−12 күнге бір рет суарып тұру керек.
Топырақтың аса құрғап кетуі өсімдікке зақым келтіреді. Сондықтан топырақты қопсытып тұрған дұрыс.
Алматы ботаника бағында кактустарды күнге таңертең, қыс айларында−аптасында бір рет суарып отырады. Бұл ауа райының ыстық құрғақ болуына байланысты жүргзіледі.
Кактус өсімдіктерінің биологиясын жақсы білу үшін және оларды өсірудің әдістерін үйрену үшін және оларды өсірудің әдістерін үйрену үшін Москва, Лененград,Рига сияқты үлкен қалаларда кактус өсірушілер клубтары ұйымдастырылған.