МАЗМҰНЫ
Кіріспе…..3-4
1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттері туралы жалпы түсінік…..5-17
1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары…..5-10
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері…..10-14
1.3. Ойлау формалары….14-17
2. Оқушылардың ойлау қабілетін зерттеу әдістері….18-
2.1. Дидактикалық зерттеу әдістері…18-21
2.2. Теориялық зерттеу әдістері…….21-22
2.3. Психологиялық зерттеу әдістері…22-24
Практикалық бөлім…..25-31
Қорытынды……32-33
Әдебиеттер тізімі….34
КІРІСПЕ
Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерінің дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере отырып жасалған, оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр болашақ мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсінуі қажет.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін зерттейтін әдістер
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мақсат – оқушыларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Ал ойлау қабілеттері белгілі зерттеу әдістеріне сүйенеді.Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін зерттеуәдістері арқылы біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден – баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден – сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін зерттеу әдістерін анықтау.
Курстық жұмыстық міндеттері:
1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.
2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.
3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.
Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлаудың зерттеу әдістері анықталды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолданылды.Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Ол кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеудің нысаны – бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін зерттейтін әдістер айқындалып, іс-жүзінде әдістер тиімді қолданылса, онда оқушылардың ойлау қабілетінің даму жүйесінің негізі қаланады.
Зерттеудіңәдіснамалық және теориялық негіздері таным, білім, оқушының және оның ақыл-ой іс-әрекеті, ойлау туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасын арттыру теориялары құрайды.
Зерттеудің көздері. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы, жетекші психолог, педагог, әдіскерлердің ғылыми-зерттеу нәтижелері, зерттеліп отырған мәселеге байланысты отандық, жақын шетелдік ғалымдардың еңбектері;
Курстық жұмыс 34 бет