Дүниетанымның қалыптасуы-әлеуметтік педагогикалық мәселе. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы орасан зор. Дүниетанымның қалыптасуы көп қырлы, үрдіс, сондықтан педагогика ғылымында бұл мәселеге түрлі көзқарастар бар.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, адам ойының дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, болжам-ой, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық үрдістер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез келген адамның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Дүниетаным көп қырлы, өте күрделі психикалық құрылым. Оның ұйтқысы теориялық ойлау, жоғары зияттық, яғни интеллектік сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер.
Ғылыми педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі дүниетанымдық сана, сезім, ерік пен жігердің тұтас қалыптасу идеясынан бастау алады.
Философия мәні дүние – адам мәселесі туралы ойлар. Философия екі құбылысқа негізделеді: бүтін дүние және адамның осы дүниеге қатынасы; таным ұстанымдарының кешені, таным әрекетінің жалпы әдісі. Осыған орай, философияның дүниетанымдық және әдіснамалық басты екі қызметі анықталады.
Философияның дүниетанымдық қызметінің бірі — әлеуметтік аксиология; құрылымдық-құндылықтық, түсіндірмелік және сындарлық болып бөлінеді. Құрылымдық – құндылық қызметінің мазмұны – Жақсылық, Әділеттілік, Шындық, Сұлулық сияқты түсініктерді талдау. Сондай-ақ, оған әлеуметтік арман-мұрат туралы түсінікте жатады. Қоғамдық арман-мұрат деке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат адамгершілікке негізделеді.
Жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы білімді, оның құбылыстарын тану мен бағалау және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктерін білдіреді. Жеке тұлғаның дүниетанымы: заттық-мазмұндық, психологиялық және сезімдік-жігерлік категория.
Қажымас ерік-жігер – дүниетанымның маңызды құрамы. Сенім адамды әрекетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен ғана шектеліп қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді.
Дүниетанымның құрамды бөлігі ретінде теориялық ойлау – адамның білімді, болмыс құбылыстарын шығармашылықпен ұғынуы, дүниетанымды мейлінше жетілдіріп, ерік-жігерді, сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілеті.
Ұлттық көзқарасты қалыптастыратын тарихтан басқа, рухани көркем туындылар ұлттық мүддені алдыңғы қатарға шығарып, ұлттық танымға қызмет етуі тиіс.
Отбасына деген құндылық көзқарас, яғни отбасы – бақыт бесігі, ұрпақтарының өсіп-өнуін, болашақтағы ұрпақтарының жалғастығын, ойлау орын алса, қазір бұл құндылықтар да әлсіреуде. Демек, отбасы институты өзгеріс үстінде. Қазақстанда қазақ ұлтын көбейту мәселесі бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат болып тұр. Отбасында тәрбиеленіп келе жатқан ұрпақты ұлттық мұрат негізінде тәрбиелеу керектігі, бүгінгі маңызды мәселелердің бірі.
Сондықтан да, отбасындағы ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынас мәдениетін арттыру, ондағы ұлттық дәстүрді сақтау мәселелері де өте маңызды.
Қорытынды
Абайдың: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек — деген өлең жолы – қорытынды бөлімнің ауызашары.
Адамның тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде өскен ортаның, тәрбиенің рөліне үлкен мән бере отырып, ұлы ақын Абайша айтқанда әркімнің өзін-өзі жүйелі түрде тәрбиелеп отыруына көңіл бөлу керек. Осы ой Абайдың он бесінші қара сөзінде: Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір — өзіңнен есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күніңді өзің өкінбестей өткізіпсің. Жоқ, болмаса, не қылып, өткізгеніңді өзің де білмей қалыпсың? . Бұл арқылы ақын әркімнің өзін өзгелердің көзімен қарап, істеген ісіне талдау жасауға, өзінің іс-қимылына, өзіне-өзі баға беруге, өзін-өзі тексеруден өткізуге үндейтіндігі хақ.
Адамның тұтыну мүмкіншіліктері жайлы толғана келіп Абай, бұл мәселеде қанағатсыздыққа ұрындырмайтын мөлшер, шамадан асып кетпеу, керектігін өсиет етеді: Әрбір жақсы нәрсенің өлшемі бар, өлшемінен асса жарамайды. өлшемін білмек – бір үлкен керек іс… Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің де өлшемі бар . Ал, сол өлшемнің шамасын қалай анықтауға болады. Ақын пікірінше, оның тарзысы ұяттылық пен арлылық. Осы сезім бар жерде адам қанағатшылдық пен кісіліктің тізгінін айырылмақ емес деген ойға жүгіндіреді.
Қазақ мақал-мәтелдеріндегі адамгершілік-этикалық идеяларға үстірт шолу жасаудың өзі Қазақстандағы этикалық ой халық даналығының тереңдегі таусылмас қайнар бұлағынан нәр алатын бай адамгершілік материалға негізделгенін көрсетеді. Қазақтың ақын-жыраулары ойдың асыл інжу-маржандарын осы мақал-мәтелдерден алып отырды. Көпғасырлық халық даналығы адамгершілік-этикалық идеяларға толы. Тарихтың бүкіл өн бойындағы өзара қатынастарды реттеп отыратын адамгершіліктің қарапайым нормалары бүкңл халықтың жинақтаған тәжірибенің нәтижесі мен қорытындысы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қ.Жарықбаев Ақылдың кені ұлағатты сөздер, Алматы, 2008
Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли Философия тарихы , Алматы, 1999
Т.Ғабитов Философия оқу құралы, Алматы, 2002
Саясат журналы, №7, 2008
Евразиские сообшение журналы, №2, 2010
Философия мұрасы, 20 том
С.Мырзалы, Философия , Алматы, 2008