Жоспар
І. Кіріспе бөлім
-Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Дидактикалық ойындар
2.2. Дидактикалық ойындардың қолдану мақсаттары
2.3. Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
2.4. Дидактикалық ойындар математика сабағында
2.5. Дидактикалық ойындардың түрлері
2.6. Санамақ
ІІІ. Қорытынды бөлім
3.1. Практикалық жұмыс
3.2. Зерттеу жұмысы
3.3. Әдістемелік нұсқау
3.4. Қолданылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Қазіргі кезеңде саласының алдына қойылған талаптар- оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтар да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану- бұл проблеманы шешудің бірден- бір жолы.
Ойын- күрделі философиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Мысалы, сонау ерте заманға грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.
Біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінше, ойын Мәңгілік- шахмат ойнап отырған бала . Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады, оның пікірінше, ойын –әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс.
Осының нәтижесінде қазіргі кезеңде ойынды философиялық тұрғыдан ұғындыруда мынадай теориялар қалыптасқан:
Ойын- мәңгілікке ұштасатын құбылыс (Платон, Демокрит).
Ойын- артық күштен арылу жолы (Ф.Шиллер., Г.Спенсер).
Ойын балаларды ересек өмірге дайындайды (К.Гросс, К.Блююллер)
Функционалды тенденция теориясы (Д.Н.Узнадзе, т.б.)
К.Г. Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен қарастырады. Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік→ матив→мақсат→ ойынның іс-әрекеті→ нәтиже.
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады;
ә)Танымдық мативтің дамуына әкеледі;
б) Іс- әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Педагог ғалымдар ойынның оқыту процесіне оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынадай пікір айтады.
А.С. Гуревич, А.В. Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н.Н. Скатова, Р.И. Половникова, В.К. Романт оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырамыз. Біз ойынды әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.
Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді. Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады.
курстық жұмыс 36 бет