Елбасымыздың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында айтып кеткендей

Скачать


Елбасымыздың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында айтып кеткендей: Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек . Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды.

Өмір талабына сай мектеп жаңа әлеуметтік тапсырысты орындауға, басқа мақсатты, формалы, сапалы білім беруге бағытталуы қажет. Ойлап қарасақ, барлық әлемдік кеңістіктегі білім беру идеологиясы бүкіл өміріңнің білімі принципінен өмір бойғы білімге ауысуда. Бұл идеологияны және ішкі резервті пайдалана отырып, жаңа нарықтық жағдайларға жүйелі бейімдеу механизмін орындау – біздің міндетіміз.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Ол  2008 жылдан бастап енетін, 12 жылдық білім беру мазмұнынан жан-жақты көрініс таппақ. 12 жылдық жалпы орта білім беру педагогикалық процестің әрбір қатысушысының шығармашылық потенциалы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дамуына жағдай жасауға, сондай-ақ негізгі мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге, жоғары сатыдағы оқушыларды бейіндеп оқытуға бағытталған біртұтас жүйе құруды қарастырады. Осы жүйенің негізінде 2003 жылдан бастап республикамызда 12 жылдық білім беруді эксперименттен өткізу қолға алынды. [16]


Скачать


zharar.kz