Орта және ұлы жүздегі билік және оның нығайуы туралы қазақша реферат
Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, ХҮІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен көршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы өтетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазакстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бұл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықтты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.
Орыс мемлекеті ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығына, Орта Азия билеушілеріне қарсы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың атақты кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Сонымен қатар олар баж төлемей қазақтармен сауда жүргізуге ұрықсат алды. Бұл кезде Мәскеу мемлекетінің билеушісі IV Иванмен қазақ ханы Ақназар арасындагы алгашкы саяси байланыстар Сібір ханы Көшімге кареы бапдтталды.
Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан жіберген елшілікпен одан әрі жалғасты. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Құлмұхамед жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен достық пен ынтымақ жасауға асықты. Өйткені Бұқар ханы Абдулламен уақытша бітім жасап, ноғайлармен арадағы қатынас өте шиеленісіп тұрған болатын. Елшіліктің алдына Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмұхамедті босату және Борис Годуновтай отты қару алу еді. Орыспатшасы Тәуекел ханда жауабында оған отты қаруы бар көп әскер жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан сақтайтынына уәде берді. [2;98]
1595 жылы Тәуекел ханға жауап ретінде Ресейден Вельямин Степановтың елшілігі жіберілді. Елшілік арқылы орыс патшасы: Тәуекел хан және оның ханзада бауырларының бәрі патшаның қол астына кірсін, ал патша әрі ұлы князь оларды барлық дұшпандарынан қорғауға, Бұхара мен Көшім ханға қарсы тұруына көмектеседі. Өзінің патша ағзамға адалдығын білдіру үшін Тәуекел хан ұлы Үсейінді жіберуді, ал сол үшін бауыры Оразмұхамед ханзаданы босатуға уәде беретінін хабарлады. Тәуекел хан Мәскеу патшасының талабы мен қойған шарттары қисынсыз, өте ауыр болғандықтан қабылдамады.
XVIІ ғасырда Орыс мемлекеті мен Қазак хандығындағы ішкі және сыртқы жагдайлармен байланысты бұлардың арасындағы қарым-қатынас біраз уақытка үзілді. Саяси байланыстар XVII ғасырдың аяғында, екі мемлекетте де билік басына аса көрнекті саяси қайраткерлер – Тәуке хан мен I Петр келген кезде жанданды. Мұның өзі Ресейдің Батыс Сібірді игеру, Түмен, Тобыл, Тара калаларының өсуі, казак даласы аркылы Орта Азиямен сауданың күшеюіне байланысты еді. 1687 жылы Тобыл каласына Төшім батыр бастаған казақ елшілігі жіберілді. Бұл елшіліктің басты міндеті екі мемлекет арасында неғұрлым берік байланыс орнату болатын. Тобылға 1689 жылдың аяғы — 1690 жылдың басында барған келесі елшілікті Тұманшы батыр басқарды. Бұл екі елшілікте нәтижесіз аяқталды. Жалпы 1686-1693 жылдары Тәуке хан Ресейге бес елшілік жіберген, алайда оның берік саяси байланыстар жасауға ұмтылысы тиісті нәтиже бермеген. Өйткені Тобыл әкімшілігі тарапынан да, Қазақ хандығы жағынан да жіберілген елшіліктерді екі жақта да дұрыс қабылдамай, арандатушылық орын алған. Мұның өзі Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкеп соқтырды. Бұл XVII ғасырдың аяғы — ХVШ-ғасырдың басында Ресейдің жоңғарлармен жақындасуына себеп болды. Осыған қарамастан Қазақ хандары солтүстіктегі өзінің үлкен көршілесімен саяси-экономикалық байланыстарды жақсартуды үнемі өз алдарына басты міндет етіп қойды. Өйткені Ресей мен Қазақстан хандығының екі жақты жақындасуына XVIII ғасырдың басында жоңғар феодалдарының шапқыншылығына карсы тұру мүдделілігі басты себеп болған еді. Бұл кезде қазақ хандығының Бұқар және Хиуамен қатынастары да шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ өзенінің бойындағы қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Осындай күрделі мөселелерді шешу үшін Солтүстіктегі қуатты көрші Ресеймен мәмілеге келуді керек етті. Қазакстанның басқа көрші ел халыктарымен қарым-қатынасын ұшықтырып, өзіне тәуелді болуын іске асыруға бағытталған жымысқы саясат жүргізіп отырған Ресеймен тең құқықты, тату-тәтті қарым-қатынас орнату қазақ хандары үшін, оның ішінде елдің батыс бетіндегі қалмақтар мен башқұрттардың тынымсыз шабуылынан мазасы кетіп отырған Кіші жүздің ханы Әбілхайыр үшін қазақ даласында тыныштық орнатудың кепілі сияқты көрінді. [1;105]
Қазақ даласы Ресейді Шығыс мемлекеттермен жалғастыратын көпір іспетті еді. Ол арқылы Еуропа елдерінен Шығыстағы елдерге және одан кері қарай құрлық пен сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Ресейден Орта Азияға, Ауғанстанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа шығыс елдеріне баруға болатын еді.
Орыс патшасы Бірінші Петр бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнату, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Ресейге қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді. Солардың бірі — подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцтің экспедициясы. Экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан және басқа жерлерден жинап алынды. Әскери-дипломатиялық сипаттағы барлық дайындықтар біткеннен кейін, 1715 жылдың шілдесінде құрамында 2797 адамы бар И. Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты. 1715 жылғы қазанда экспедиция Ямышев көліне жетіп, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды. Осыдан кейін Бухгольцтің отряды Ом өзенінің сағасында 1716 жылы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізінңалады. Бұл әскери-инженерлік құрылыстардың басты мақсаты оңтүстік-шығыс шекараны, Ресей мемлекетінің сыртқы ықпал ету аймағын кеңейту болып табылды.
И. Д. Бухгольцтің экспедициясынан кейін Батыс Сібір генерал-губернаторы М. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жіберді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды — Железинск, В. Чередовтың отряды -Колбасин бекіністерін салды. Чередов одан әрі жүріп Жаңа бекініс — Семипалат (Семей) бекінісін салатын жерді таңдап алды. Сөйтіп, 1718 жылы Семей қамалының, ал 1720 жылы И. М. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін қалады.
XVIII ғасырдың 20-шы жылдарында Бірінші Петр өкіметі Орта Азия және Қазақстан билеушілерімен елшілік арқылы байланыс жасап тұрды. Қара теңіз бен Балтық теңізі арқылы Еуропаға терезе ашқан Бірінші Петр енді Азия елдеріне төте баратын жолды іздестіре бастады және бұл жолдың қазақ даласы арқылы өтетінін жақсы түсінді.
Ресеймен қарым-қатынасты нығайтудың қажеттілігіне бұл тұста Кіші жүзден басқа қазақтың Орта және Ұлы жүз хандары мен ру басшылары да бой ұра бастаған еді. Өйткені ондаған жылдар бойына созылған жорықтар калмақтарының және көршілес Орта Азия хандарының шапқыншылық әрекеттері қазақ елін әбден тоздырып әлсіреткен болатын.
XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ хандары орыс патшасынаң жоңғар қалмақтарына қарсы көмек сүрап елші жіберді. 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейітқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келді. Олар әйел патша Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. Біз Әбілкайыр хан, — деп көрсетілді жолдауда, — маған қарасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген халқымен сіздің алдыңызда күллі бас иеміз. Сіздің қамқорльмыңызда болсақ дейміз . 1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамота жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А. И. Тевкелев бастаған елшілік келді. Олармен бірге Петроградқа жіберілген қазақ елшілері де оралды. Сонымен 1731 жылы 10-шы қазанда қазақ сұлтандары мен ру басыларының жиналысында Кіші жүздің Ресей құрамына бодан болып қабылдануы жөнінде шешім қабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сөмөке Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп ант беріп, өзінің мөрін басты . Бірақ, бұл шарт тек 1734 жылдан кейін ғана жүзеге асырыла бастады. [9;55]
Ресей патшасының Кіші жүзді қол астына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр патша әйел Анна Иоановнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Хангелді батыр жеткізді.
1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойып, Ұлы жүз хандығына: Сіздерді қол астымызға Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз , — деген қағаз жіберді.
Қазақтар Қазақстанның Ресеймен бірігуі елдің экономикалық өркендеуіне, саяси, мәдени жағдайының жақсаруына игі ықпал жасайды деп үміт етсе, патша өкіметі өзінің отаршылдык саясатын жүргізу үшін пайдасы бар деп санады.
1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановна Әбілқайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салатын жерге И. К. Кириллов пен А. И. Тевкелевті жіберді.
Патшаның өмірімен қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар салынып, олар біртіндеп ірі қалаларға айнала бастады. Сол тұста Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды. Басқа өзендердің жағалауларынан да бірнеше қамал-бекіністер бой көтерді. XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында Ертіс өзенінің жағасына салынған Омбы, Железинск, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар қалаларға айналды. Мұндай әскери бекіністер салу отарлау саясатын жүргізуге кең мүмкіндіктер ашты.
Жайық бойында тұрғызылып жатқан қалалар мен бекіністердің маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды. Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендерінің бойындағы құнарлы жерлерінен айрылып, оңтүстікке қарай ығысқан Орта жүздің қазақтары Бұқара мен Ташкент түбіне келіп қоныстануға мәжбүр болды.
1740 жылы Орынбор экспедициясының бастығы генерал-лейтенант князь В. А. Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, 19 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөкенбай және Есет батырлармен, кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмембет және Абылай сұлтанмен келіссөздер жүргізді. Оның барысында Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. Осы шарттан кейін патша өкіметінің отарлау саясаты жаңа қарқын алды. 1740-1743 жылдардың өзінде ғана Кіші жүзбен Оңтүстік Оралдың жерлері түйісетін маңда қазақтардың қоныстарын тарылтқан, көптеген жаңа бекіністер салынды. Мұндай жаппай әскери тірек базаларын салуға қарсы болған Әбілқайырмен оның төңірегіндегілердің пікірі ескерусіз қалды.
Бұл кезде кең-байтақ Орынбор өлкесін басқарып отырған И. И. Неплюев Ресейдің Кіші жүздегі билігін күшейтуге бар күшін салды. 1742 жылы тамыз айында Әбілқайыр хан үшінші рет Ресейге бодандығы жөнінде ант берді. Неплюев Кіші жүздің бағындырылуын тездету мақсатында Қосалқы жоспар өзірлеп, Сенаттың бекітуіне ұсынды, оны сенат 1744 жылғы 1 науырызда бекітті. Осы жоспарға сәйкес барлық ағымдағы істер И. И. Неплюевтің өзіне жүктелді. Әбілкайыр ханның билігін әлсірету үшін Неплюев қарақалпақтар мен башқұрттарды Кіші жүз қазақтарына айдап салды, сөйтіп ұлтаралық қайшылықты қоздырды.
1744 жылы Орынбор губерниясы құрылып, оның бірінші губернаторы болып генерал И. И. Неплюев тағайындалғаннан кейін, онымен Әбілқайыр арасында араздық басталды. Неплюев Әбілқайыр ханды саяси аренадан кетіру үшін, небір жымысқа әдістерді қолданды. Ол Орынбор өлкесінде отарлау шараларын адам айтқысыз қатыгездікпен жүргізді, орыстардың Кіші жүз жеріне қоныс аударуына барынша қамқорлық жасады.
Әбілқайыр хан патша өкіметі мен Орынбор губернаторының түпкі мақсаты бүкіл Қазақстанды империяның отарына айналдыру, өздеріне ұнамайтын ықпалды сұлтандар мен ру басыларын әр түрлі әдістермен жоюды көздейтінін бірден аңғарды. Олар Әбілқайыр ханды айтқанынан шықпайтын орындаушы деңгейіне дейін төмендетуте тырысты. Ол үшін И. И. Неплюев ханға қарсы Орта жүздің атақты шонжары Барақ сұлтанды айдап салып, бұлардың арасындағы феодалдық топтық қырқысты шиеленістіруге себепші болды. Бұл қырқыс 1848 жылы 1 тамызда Ұлқияқ және Торғай өзендерінің арасында болған қақтығыс кезінде Барақ сұлтан тобының Әбілқайыр ханды өлтірумен аяқталды. Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды зорлықпен өлтіру өзінің даңқы мен билікке жетуіне даңғыл жол салып береді деп есептеді. Алайда, ол қатты қателесті, өз тайпаластарының көпшілік бөлігін өзіне қарсы қойып алды. Қазыбек бидің жетекшілігімен өткізілген билер соты оны ақтағанымен, халық одан теріс айналып кетті, сөйтіп көп ұзамай Барақты саяси қарсыластары улап өлтірді. Ал Кіші жүзде 1749 жылы хан болып Әбілқайырдың баласы Нұралы сұлтан сайланды. Ол алғашқы жылдардан бастап ақ патша өкіметінің айтқаңдарын орындайтын тәуелді билеуші екендігін көрсетті. [10;433]
Сонымен XVIII ғасырдың орта кезінде Ресейге Кіші жүздің біраз бөлігі, Орта жүздің тек аз бөлігі кірді. Ал, Солтүстік-шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей құрамына тек XIX ғасырдың 20-40 жылдарында ғана, патша өкіметінің әскери-саяси күш көрсету нәтижесінде қосылды.