Асқазан рагы - өте жиі кездесетін қауіпті ауру

Скачать


Асқазан рагы — өте жиі кездесетін қауіпті ауру. Рак ауруы сау ұлпада өршімейтіндіктен, ол ағзада ұзаққа созылған, емделмеген әр түрлі ісіну, қабынулардың асқынып барып, ракқа айналуынан болады. Ойық қара немесе асқазанында қатерсіз ісігі болған адамдар сырқаты белгі берсе, бұл созылмалы сырқаттың қайталануы деп, дәрілерін іше бастайды, дәрігерге бармайды, мән бермей жүре береді. Бұл ауру жанды онша қинамайды — аздап қана ауырады. Екінші бір ауру адамның іші өтіп, тамаққа тәбеті нашарлайды. Үшінші бір ауру адамның салмағы жеңілдеп, жүдейді. Әлсізденіп, жұмыс қабілеті төмендейді, тез шаршайды.

Асқазан рагыньң ең басты белгісінің бірі — адамның денесі қалшылдап, температурасы көтеріледі.

Асқазанында ісік бар, жоғын білу үшін науқастың асқазанын аш қарында резеңке түтік (зонт) арқылы жуып, суды микроскоппен қарап, рак жасушалары бар, жоғын айыруға болады.

Дұрыс диагноз қоюдың ең тиімді әдісі — гастрофиброскопия. Гастрофиброскопия жасағанда ісіктің барын, формасын анықтау үшін арнайы тістеуікпен кішкене тістеп альт (биопсия) микроскоппен тексеруге болады.

Асқазан рагын негізінен хирургиялық жолмен емдейді. Асқазанға операция жасау арқылы ғана көздеген мақсатқа жетуге болады.

Рак ауруының алдын алудың негізгі бір шарты — дұрыс тамақтану, тым ыстық не өте суық тамақ ішпеу керек. Тамақтану режимін сақтаудың үлкен мәні бар. Тамақтың дәмді, құнды, құрамы әр алуан болуына мән беру керек. Жақсы демалу, дене шынықтырумен айналысу адамның ауруға қарсы тұру күшін молайтып, жүйке жүйесін, зат алмасуын жақсартады. Ең маңызды шара — жылына бір рет тексеріліп тұрса, рак ауруының алғашқы нышанын тауып, емдеп жазуға болады


Скачать


zharar.kz