Эстетикалық көрсеткіштер

Скачать


Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштері туралы қазақша реферат

Нормативтік құжаттармен реттелген өнеркәсіптік өнімдердің сапа көрсеткіштері номенклатурасына сапа көрсеткіштерінің 10 тобы кіреді:
Арнаулы көрсеткіштер. Сенімділік көрсеткіштер. Технологиялық көрсеткіштер. Сәйкестендіру көрсеткіштері. Патентті – құқықтық көрсеткіштер. Эргономикалық көрсеткіштер. Эстетикалық көрсеткіштер. Тасымалдау көрсеткіштері. Қауіпсіздік көрсеткіштері.
10.Экологиялық көрсеткіштер.

Сапа көрсеткіштер топтары өз кезегінде топшаларға, ал топшалар бірлік көрсеткіштерге бөлінеді. Бұл 10 көрсеткіштер ішінен мен эстетикалық көрсеткішті таңдадым.

Эстетикалық көрсеткіштер – олар өнімдердің адамға эстетикалық әсерін сипаттайды және олар келесі топшалардан тұрады:

1. Ақпараттық айқындау көрсеткіштері – қоғамда болатын эстетикалық формаларды айқындау қабілеттілігін анықтау. Бұл топша оригиналдық, стильдік, сәйкестік, және сәндік сәйкестік.

2. Рационалдық форма көрсеткіштері – бұйымның дайындалу және пайдалану шарттарына байланысты формаларының сәйкестігін анықтау.

3. Композиция бүтіндік көрсеткіштері – бұл жалпы және жеке бөліктерінің үйлесімділігін анықтау.

4. Өндірістік орындаудың мүлтіксіз көрсеткіштері – бұйымның эстетикалық формасын анықтау.

Зергерлік тастардың бағалығын, сапасын, құндылығын олардың эстетикалық көрсеткіштерімен анықтайды: әдемілігі, мөлдірлігі, жылтырлығы, түсі, пішіні.

Зергерлік тастардың көпшілік қасиеттері (қаттылық, беріктілік және т.б.) осы минералдардың пайда болу жағдайларымен және олардың ішкі құрылымымен байланысқан. Заттың екі түрлі құрылу типі бар: кристадық және аморфты (кристалдық емес). Заттардың кристалдық құрылуы кезінде, оның атомдары немесе атомдар тобы өзара байланысқан белгілі қашықтықта және қатаң тәртіппен орналасады, ал аморфты құрылуы кезінде – атомдардың немесе олардың топтарының ара-қашықтығы мен өзара орналасуы ретсіз немесе жартылай реттелген болады. Зергерлік тастардың құрылымы, негізінде, кристалдық болады, сондықтан олардың құрамы біркелкі, бірақ физикалық қасиеттері барлық бағытта да бірдей емес, яғни анизотропиямен сипатталады.

Кристалдар формасы көпжақты болады: гексаэдр, октаэдр, ромбододекаэдр, пентагондодекаэдр. Сол сияқты, кристалдардың одан да күрделі формалары болады. Егер тасты микроскоппен қарайтын болсақ, онда ол бірнеше ұсақ кристалл-дәндерінен тұратынын көре аламыз.

Түс – зергерлік тастардың маңызды, әрі өзіне тән сапа көрсеткіштерінің бірі. Тастар түсі бойынша сан алуан болады: жеңіл боялған, қою боялған, сызықтармен, шұбар-ала, ауыспалы әртүрлі түстермен және т.б. боялған. Сондай-ақ, тастар мөлдір, жартылай мөлдір және мөлдір емес болады. Табиғатта өз бояуы бар минералдар саны көп емес. Олар, мысалы, көгілдір немесе жасыл түске мыспен боялған көк тас пен малахит. Ал қоспалармен бояу көзделген минералдар саны недәуір көп. Көп жағдайда, аса қарқынмен боялған тастар ерекше бағаланады (бұл зүбәржәт пен аквамаринге тән). Әдетте, ашық түстер аз бағаланады, бірақ оған аса бағалы саналатын түссіз немесе аздаған көгілдір реңкі бар алмасты жатқызбайды.


Скачать


zharar.kz