Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар

Скачать


 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау туралы қазақша реферат

        Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп , оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және бсқа да шоттарында ақшалары болуы керек.

Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.

Қарызды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.

Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.

Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздары өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.

Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарынның сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.

Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффиценті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффиценті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффицент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.

Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлде қайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни , өтеуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.

Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді.Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенәң мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.

Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.

Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем қабілеттілігінің коэффиценті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады.

Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді – бір жылдан аса) төлем қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде – осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.

Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффиценттері талданады.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалвқ көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

Үш көрсеткіш жиі падаланылады:

1)            абсолютті өтімділік коэффиценті ;

2)            аралық өтеу (жабу) коэффиценті;

3)            жалпы өтеу (жабу) коэффиценті.

Абсолютті өтімділік коэффиценті (жеделдік коэффиценті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімдіміндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Ол баланс жасаған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағықарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:

Ка.ө.  > 0.2-0.25

Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатан белгісі.

Аралық өтеу коэффицентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы:қауіпті өтім коэффиценті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Айналым қаражатының өтімді бөлігінің (яғни тауарлы-материалдық босалқыларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.

Аралық өтеу коэффицентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:

Кар.ө >= 1.

В.Ф.Палий “бұл коэффиценттің теориялық ақталған бағалауы 0,7-0,8 аралығында жатыр” деп есептейді

Қауіпті өтімділік коэффиценті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды.

Ағымдағы өтімділік коэффиценті (жалпы өтеу коэффиценті) барлық ағымдағы активтердің жкдкл және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы өтеу коэффиценті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрлымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән беріледі. Оның кеңінен қолданылуының негізгі себептері:

1)              біріншіден, ағымдағы активтермен ағымдағы пассивтердің өтелу дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;

2)              екіншіден, ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі ағымдағы активтерді (ақша қаражатынан басқасы) сату немесе жою (тарату) кезінде зияндардың пайда болуына бөгет болады. Бұл қарсы әрекеттің қаншалықты күштірек болуы, кредитор үшін соншалықты тиімді. Бұл арттыруды шетел компанияларында жұмыс істеуші капитал немесе қаржы-эксплуатациялық қажеттілік деп деп атайды.

Жалпы өтеу коэффиценті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалары әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады.

Кағ.ө. >= 2.

Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффиценті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезендегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды.

Кәсіпорын өтімді қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде реттеуі қажет. Ол — әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға байланысты:

—            кәсіпорын және оның қызметініңкөлемі, мөлшері (өндіру және өткізу көлемі қаншалықты көбірек болса, соншалықты тауарлы-материалдық құндылықтар қоры мол болады);

—            өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы);

—            өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);

—            материал қорын қалпына келтіруге қажет уақыт (олардың айналу ұзақтығы);

—            жалпы экономикалық коньюктура.

Егер ағымды активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара қатынасы 1:1 – төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Егер де  Кағ.ө  мәні 1:1арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бар екені туралы қорытынды жасауға болады.

Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады. Сонымен бірге, менеджердің көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық борышқа аудару кәсіпорынның активтерін шебер пайдалануымен байланысты.

Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі дәрежесінде кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын жан-жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффиценті (Ка.ө) қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффиценттеріне (Кар.ө) көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның сатып алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффиценті (Кағ.ө) бойынша бағалайды.

Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффицентінің жалпы өтімділіктіің жоғары коэффицентіне сай келуі тәе екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материалдар, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффицентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек.

Зерттелініп жүргізілген “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтімділігін анықтау үшін ауытқуларын және олардың әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау үшін төмендегі (3.4) кестеге назар аудару керек.  
Кесте 3.4
“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері.
  Көрсеткіштер 2006 жыл басы 2006 жыл аяғы Өзгеріс (+;-) 1 Ағымдағы активтер оның ішінде:   14685304,74 95516985,6   80831681 1.1. Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар.  

 

150321,98  

 

10654293,4  

 

10503972 1.2. Дебиторлық борыш және басқа да активтер.  

7569543,41  

63584739,5  

56015196 1.3. Алдағы кезең шығындарынсыз тауарлы материалдық қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдар.  

 

 

 

 

 

6965439,35  

 

 

 

 

 

21277952,5  

 

 

 

 

 

14312513 2. Қысқа мерзімді міндеттемелер

Оның ішінде:  

4769248,96  

73051013,9  

68281765 2.1. Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар.       —-

         —-       —- 2.2. Кредиторлық борыш.   640875,26 71491099,1   70850223,9 2.3. Бюджетпен есеп айырысу   23707 158508,74   134801,74 2.4. Басқа да ағымдағы міндеттемелер.  

 

4104666,7  

1401406  

-2703260,7 3. Өтімділік көрсеткіштері       —-       ——      —— 3.1. Абсолюттік өтімділік коэффиценті (1.1.қ:2.)  

0,03  

0,1  

0,07 3.2. Аралық өтімділік коэффиценті (1.1+1.2):2қ  

1,61  

1,02  

-0,59 3.3. Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффиценті (1.1қ+1.2қ+1.3қ):2қ  

 

3,07  

 

1,3  

 

-1,77

 

 
Жыл аяғындағы аралық өтімділік пен жалпы өтімділік жыл басына қарағанда біршама төмендегенін көрсетеді. Осылай, аралық өтімділіккоэффиценті 0,59 пунтке, ағымдағы –1,77 пунктке төмендеді. Ал абсолютті өтімділік коэффиценті керісінше 0,07 пунтке өсті. Абсолютті өтімділік өскенімен, ол халықаралық тәжірибие коэффицентінің нормативіне  (0,2-0,25)  сәкес емес.           Аралық коэффиценті –0,59 пунтке төмендеген болса да, теорияға сәйкес.Абсолютті өтімділік коэффиценті керісінше 0,07 пунтке өсті. Абсолютті өтімділік өскенімен, ол халықаралық тәжірибие коэффицентінің нормативіне  (0,2-0,25)  сәкес емес. Аралық коэффиценті –0,59 пунтке төмендеген болса да, теорияға сәйкес.

Жалпы өтімділік коэффиценті жыл басында да, жыл аяғында да талап етілген шектеуге жауап береді, бірақ жыл басына қарағанда 1,77 пунтке төмндеді. Бұған көлемін тізбектеп ауыстыру әдісімен анықтауға болатын, оның құрылу факторлары әсер етті. Келесі есептеу кестесін қарай отырып, оларды есептеу әдісімен көрсетеміз.Кесте (3.5)                                                                                                                                                          
                                                                                               Кесте 3.5.
Жалпы өтімділіктің (ағымдағы) коэффиценті деңгейінің өзгеруіне қорытылған факторлардың әсерінің есебі
№ Көрсеткіштер Жыл басында Ағымдағы активтермен жыл басында және қысқа мерзімді міндеттемелер мен жыл соңында Жыл аяғында Ауыт-қулар (+;-) Соның ішінде өзгеру есебінен

Ағымдағы қысқа

активтер    мерзім         3гр-2гр       міндет

( 2-1)

  1 Ағымдағы активтер 14685304 14685304 95516985,6      х       х             х 2 Ағымдағы міндет-лер  

4769248,9  

73051013  

73051013,9      х       х                х 3 Өтімділіктің (ағымдағы) жалпы коэффиценті  

 

3,07  

 

0,201

   

 

1,3  

 

-1,77  

1,099         -2,869
 

       Кесте мәліметтері өтімділіктің жалпы коэффицентінің өсуіне ағымдағы активтердің абсолютті өсімі оң әсер еткенін көрсетеді, соның есебінен өтімділік коэффиценті 0,201 пунтке өсті (1,3 — 0,201). Осы көрсеткіштің өзгеруіне ағымдағы міндеттеменің күрт өсуі теріс әсер етті, ол 2,869 пунтке төмендеуіне әкелді (0,201 – 3,07).

Өтімділік коэффицентін жан-жақты бағалау үшін, оларды құрайтын факторлардың өзара байланысын білу маңызды. “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы өтімділік коэффицентінің өзгеру факторларын қарастырайық.

Ағымдағы активтер баптары үшін үлестік қатысу коэффиценті – 0,000103, ал ағымдағы міндеттемелердің баптары үшін – 0,000306 құрады.

Жалпы (ағымдағы) факторлардың әсерлерінің есебі (3.6) кестеде келтірілген.

Кесте 3.6.

       Жалпы  (ағымдағы) өтімділік коэффиценті деңгейінің өзгеруіне

                        нақтыланған факторлардың әсерінің есебі
  Факторлар Есептеу Факторлардың әсер еиу деңгейі 1. Ағымдағы активтердің өзгеруі 1,3 – 0,201

 

  1,099 1.1. Ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар  

10503972*0,000103  

1081,909 1.2. Дебиторлық борыш және басқа да активтер  

56015196*0,000103  

5769,569 1.3. Тауарлы-материалдық босалқылар  

14312513*0,000103
1474,188 2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің өзгеруі  

0,201 – 3,07
-2,869 2.1. Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар             —-

             —- 2.2. Кредиторлық борыш 70850223,9*(-0,000306)     -21680,168 2.3. Бюджетпен есеп айырысу 134801,74*(-0,000306)       -41,249 2.4. Басқа да ағымдағы міндеттемелер  

-2703260,7*(-0,000306)  

827,197
Келтірілген есептеулерден, жалпы өтеу коэффицентіне дебиторлық борыштар (8,4 есе) мен тауарлы материалдық қорлардың (3 есе) күрт өсуі оң әсер еткенін көруге болады. Кредиторлық борыштың 110 есе, бюджетпен есеп айырысу (6,6 есе) өсті және басқа да ағымдағы міндеттемелердің (0,34 есе) төмендеуі, сонымен бірге өтімді активтердің көбеюі осы көрсеткіштердің оң болуына әкеледі.

Осылайша, біз кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі – төлем қабілеттілігін толық қарастырдық. Ол баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар – елдегі саясат және экономикалықжағдай, ақша нарығының жағдайы, кепілдік және банктік заңдардың жетілуі, меншіктің капиталымен қамтамасыз етілуі,дебиторлық борыш, кәсіпорынның қаржы жағдайы және басқалары әсер етеді.

Төлем қабілеттілігін талдау кезінде осы факторларды кешенді түрде қарастыру маңызды, бұл талданатын кәсіпорынның қаржы жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді.


Скачать


zharar.kz