Ақтөбе қаласы.
№21 Кәусар бұлақ МДГ
тәрбиешісі: Симонова Ардақ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы:Қатынас
Тақырыбы: Орман еңбекшілері. Қ қ дыбысы мен әріпі
Бөлімі : Сауат ашу және жазу
Мақсаты: Қ қ дыбысымен таныстыру, Қ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, жуан және жіңішкелігін ажыратуға үйрету. Ойлау , есте сақтау, сөйлеу мәдинетін, тілдерін дамыту.
Іс-әрекет кезеңңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотиватциялық қозғаушы
— Құмырсқа орман тазалаушылары әңгімесін оқып беру.
— Құмырысқаның қандай пайдасы бар?
— Бүгін біз Қ қ әріпінің айтылуы мен жазылуын үйренеміз,
ол үшін бізге кішкентай орман еңбекшілері көмектеседі.
— Құмырсқа үйге асығып келе жатып адасып кетеді. Оған
үйге апаратын жолды табуға көмектесуіміз керек. (тақтада Қ қ әріпі
жазылады).
— Сұқ саусағымызды дайындап жол бойы мен жүреміз.
—
Енді бізге
көмекке қоянда келеді. Содан кейін тиін, аю және тышқан келеді.
— Тыңдап отырып, сұрақтарға жауап береді.
— Орман суреттерін қарайды.
— Әріптің жазылу үлгісін бақылап, естеріне сақтайды.
— Ауада әріпті жазады.
— Қ қ әріпі ілінген арқан бойымен жолды көрсетіп жүріп
отырады.
(тиін, қоян, аю және тышқан).
—
Аю , тышқан
ролдерін орындайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
Тапсырма –ойын Дыбыстың қайда екенін анықта?
Берілген дыбысқа сөз атап шық ойыны.
Жуан және жіңішке ойыны.
Ал
, мынау құмырсқаның үйі. Құмырсқалар нағыз құрлысшылар. Үйдің жанында конверт
, ал онда екі әріп Л л және А а. Оларды Қ қ әріпімен салыстыр. Ал ,
сендерге құмырысқа нені естеріне түсіреді? Құмырсқа қалаға ұқсайды деп кім айтты? Ендеше қала
саламыз.
Қала
салушылары ойыны (геометриялық фигуралардан жасайды)
Қала
сөзін әріптер арқылы құрастыру жұмысы. Дәптерге Қ қ әріпінің таңбасын жазу.
Сюжетті ойын: Акцион
Рахат
деген фермада,
Қаламқас
жүр жан сала.
Қазақтың
киімдерін,бұйымдарын
Танытамын баршаға.
— Сөздердегі әріптің дыбысталу позициясын анықтайды.
— Суреттегі бейнелерді атап береді.
— Қ қ әріпінен келетін сөздерді атайды.
— Балалар сөздерді қайталайды.
— Жуан және жіңішке дыбыстарды ажыратып атайды, әріптерді
атап шығады.
— Үлкен үй, қала,т.б.
— Үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды.
— Қ қ дыбысын таяқшалармен жазады.
—
Ойын шарты
бойынша ойналады.
Қаламқас
: балалар , мына дайындалған көрмелеріңе қарағанда қазақтың ұлттық бұйымдарын
, киімдерін жақсы білетін сияқтысыңдар.
Қаламқас
:
Сараптаңдар
білімді ,
Алмай
тағы тыңбаңдар.
Жасырамын
бес жұмбақ
Шешуін
жаңылмай табыңдар.
Кіруге адам
батпайды,
Аман –есен сақтайды.
2 . Бала көтерген қаңбақты,
Батыр лақтыра алмапты.
3. Әсемделіп ілінген ,
Көздің жауын алады.
Жата кетсең үстіне,
Ұйқын келіп қалады.
Арқауы бір қос
қалта,
Ажыраса алмайды,
Атам қайда жол тартса
Қанжығадан қалмайды.
Сұлу – сұлу
құнанмын
Сылдырлаған жүгенім.
Аяз күнде мінген,
Аяғы жерге тимейді.
Ұшты-ұшты ойыны
Ұшты-ұшты,
қарлығаш ұшты! Ұшты-ұшты , қарындаш ұшты!
Ұшты-ұшты, қарға
ұшты! Ұшты-ұшты , арба ұшты!
Жаңылтпаш
Қыс қыспаса, қыс
па? Құс ұшпаса , құс па?
Қарға , қарға,
қарғалар, қар үстінде жорғалар.
Дәптермен жұмыс.
— Балалардың жауабы: (Сандық)
— Мамық
— Көрпе
— Қоржын
— Сәукеле
— Ойынды қызыға ойнайды.
— Қайталап бірге айтады.
—
Қ қ -дыбысын
дәптерлеріне жазады.
Рефлексивті- түзетушілік
—
Құмырсқаға және оның достарына көмектескендеріне алғыстарын жеткізеді.
— Бүгінгі
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мақтап,
мадақтап белсенділіктері үшін қаламқастың сыйлығы да бар.
— Қаланы тұрғызып жақсы жұмыс жасағандары үшін.
— Сұрақтарға толық та, анық жауап береді.
— Қаламқастың дайындаған сыйлығын алып қуанады.
Күтілетін нәтеже:
Нені біледі: Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығын және Қ қ әрпінің жазбаша үлгісін танып біледі.
Қандай түсініктерді игереді:Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішкелігінің түсініктерін қалыптастырады.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Сөздегі дыбыстық позициясын анықтайды , Қ қ әріпінен келетін сөздер мен дыбыстарды ажыратуға дағдыланады.