Азаматтық құқық туралы жалпы түсінік туралы қазақша реферат
Азаматтық құқық – құқықтың бір саласы. Оның атауы ежелгі уақыттан белгілі. Римдің заңгерлер римдік құқықты Цивильді құқық деп атады. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан, күнделікті тыныс-тіршлікпен, сондай-ақ азаматтық заңды тұлғалардың заңды тұлғалармен, мемлекетің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністермен байланысты. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының мәнін тауар-ақша және қатысушылардың теңдігіне негізделген.
Азаматтық құқық бұл – тауар- ақшалай және қатысушыларының теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы.