Жоспары
I Кiрiспе
II Негізгі бөлім:
1. Delphi программалау ортасы
1.1. Delphi-дi iске қосу. Delphi ортасы. Проект. Форма. Қасиеттер.
1.2. Оқиға. Код терезесi. Әдiс.
1.3. Компоненттер палитрасы.
1.4. Компоненттердi пайдаланып қарапайым проект құру.
1.5. Проектiнi сақтау және ашу.
1.6. Программаны компиляциялау. ЕХЕ файл.
1.7. Delphi ортасында шартты оператормен танысу
ІІІ Қорытыныды
Пайдаланылған әдебиеттер
І КIРIСПЕ
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған білімдердің болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен танысуда жазушы В.И.Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше.
Delphi Windows жүйесiнде программалаудың ыңғайлы құралы.Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзiрiн құру,анимация, мультимедиа процестерiн ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистiк қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс iстеу және т.б. iс-әрекеттердi орындау да мүмкiн. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi екi түрде дайындалған: бiрiншiсi – күрделi қосымшаны бiрлесiп дайындаушылар үшiн (Delphi Client – Server), екiншiсi – қалған программалаушылар үшiн (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрi. Ол тек маман программаушылар емес, барлық Delphi — мен жұмыс iстеушiлерге арналған. әдетте пайдаланылатыны – екiншi түр.
Delphi-дi Паскаль программалау тiлiмен жұмыс iстеген адамдардың меңгеруi көп қиындық келтiрмейдi. Бiрақ, мұнда программалауды үйрену үшiн объект, оқиға, қасиет түсiнiктемелерiмен еркiн танысып, онда компоненттердi пайдалану және әдiстер деп аталатын түрлi командалардың жазылу түрлерiн бiлу қажет. Жалпы, Delphi-де пайдалылатын процедуралар (әдiстер) мен түрлi кластарға, компоненттерге енгiзулi мәндер меншiктелетiн қасиеттер көп. Нақты есептердi шешу программаларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де программалауды үйренуге болады. Ол үшiн кiтапқа енгiзiлген программаларды iс жүзiнде орындап, оларға түрлi өзгерiстер енгiзiп, жаттығу да мүмкiн. Жетiстiк тек тәжiрибеге байланысты.
Delphi-дiң мүмкiндiктерiн бiр кiтапқа сыйғызу мүмкiн емес. Мұнда студенттер мен өз бетiнше оқып үйренушiлер үшiн қажеттi негiзгi материалдар қарастырылған, Delphi-дi терең оқып-үйренiп, күрделi қосымшаларды дайындауға машықтанушылар үшiн кiтап соңына әдебиеттер тiзiмi енгiзiлген.
Курстық жұмыс 28 бет