Музыкалық бағдарлама

Скачать

Тақырыбы: Ұлағат болсын ұлыма,

                         Ғибрат болсын қызыма .

Мақсаты:

Білімділік. Ата-бабамыздан ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.

Дамытушылық. Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту, өз ұлтына деген сүйіспен.шілігін арттыру.

Тәрбиелік. Отбасы арасындағы байланыс, әкенің ұлға, шешнің қызға байланысы, бірін-*бірі сыйлай білеуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: киіз үйдің керегесі, жабдықтары, қанатты сөздер, мақал-мәтелде, ұлттық аспаптар, М.Мақатаевтың суреті, тұлпардың салынған суреті.

    Сабақ түрі: Сайыс сабақ.

    Кіріспе бөлім.

Әлеуметтік педагог.
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
 Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

Бастаушы:
Армысыздар, ақ жаулықты аналар,
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Балғын шақты біз бақытты балалар!

 

Әлеуметтік педагог.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар. Бүгін міне, алдарыңызда оқушылар мен ата-аналар даярлаған Шаңырақ сыны сайысын көруге шақырамыз. Бүгінгі сайысқа түсетін тобасы құрамының имүшелері:

1-    топ Парасат жанұясы

2-    топ Ақбосаға жанұясы.

    Сайыс сабағымызды бастамас бұрын әділқвазылар алқасын сайлап алайық..

1.Мектеп директоры: Садықова А.Г.

2.Тәрбие ісінің меңгерушісі: Иманбаева Ж.Б.

3.Ата-аналар комитетінің төрайымы: Құрмашева Қ.П.

4.Аға оқытушы: Жиенбекова А.А.

Ал енді сайысымызды әрі қарай жалғастырайық.
Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке аяқты анық бастық.
Келешекте енді мін болмайды,
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып танытпастық.

Бастаушы.
Кері кету есігін біз ашпайық,
Шаңыраққа ұранды біз тастайық.
Ең бірінші кезегіміз – беташар,
Ал, кәнекей Шаңырақ сынын бастайық.

Беташар әні орындалады.

 

1. Таныстыру.

Яғни екі топ өздерінің жанұя құрамымен таныстырады.
Парасат Ақбосаға.
 

2 шарт. Балаларын еркелету . Төрт түлік малға, құстарға байланысты.

(Сыныпта Балдәурен ансамблін, құрдық. Әр сайыстың арасында көрініс бағдарлама көрсетіп отырдық)

Балдәурен ансамблінің орындауындағы Қызыл жалау әні.

3 шарт. Панорамалық сәттер (тәрбиеге байланысты тосын сұрақ). Ару ана әні.

4 шарт.  Бастаушы.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең мендей сүй!

 

Халық әндерін кім көп біледі?(Екі жанұя халық әндерін орындап кезек-кезек сайысқа түседі). Халық әндерін Парасат тобы бастайды,  Ақбосаға тобы сол әнді аяқтайды

Еламан әні.

5 шарт.  Әлеуметтік педагог.
Асқар таудың шыңдарына өрлер кім,
Аттанайық қиясына белдердің.
Ал,енді, кезек келді әкелерге,
Сайысын көрейік біз ерлердің.

— Ал, қанекей, әкелер сайысы (тұлпардың сынын сипаттау).
Ер-тұрман — ат көркі  Таудың көркі – тасы мен бұлағы, аттың көркі – құйрық-жалы, құлағы.
Музыкалық бағдарлама.

6 шарт.
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер .
Ананың – қызына, әкенің – ұлына тәрбиесі

7 шарт
 Шаңырақтарға жеңістерді әпердім,
Сонда да көп шарттарды әкелдім.
Кезек келді енді сайыс кезегі,
Сөз өнері – мақал менен мәтелдің.

       Мақал-мәтел сайысы (ата-аналар – тәрбие туралы, балалары – оқу-білім туралы).

Музыкалық бағдарлама: Біз өмірдің гүліміз әні.

8 шарт Өнер сайысы .

Бастаушы.
Жарайсыңдар, барлығың да өренім,
Асып бір төселсінші кемелің.
Риза болып, біздер қане көрелік,
Тамашалап Шаңырақтың өнерін.

Музыкалық бағдарлама: Лағым менің .

9 шарт.
Ән-жырға, өлеңдерге төселермін,
Ақ жаулықты апаларға есе бердім.
Оу, халайық, көрейік біз ендеше,
Өнеге берер сайысын шщешелердің.

Шебердің саусағы алтын (сырмақ ою).

Музыкалық бағдарлама: М.Мақатаев Шеше, сен бақыттысың өлеңі.

10 шарт.
Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан.

Әр жанұя өзінің мерекелік Дастарқан мәзірімен таныстыру. Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарғанша, балдәурен ансамблі музыкалық бағдарлама ұсынды.
Төле би ауданы
Қайнар орта мектебі.


Скачать


zharar.kz