Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі

Скачать

Банк – экономиканың тиімді қызмет етуінің негізі ретіндегі мәні мен рөлі туралы қазақша реферат

Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi және несие жүйесінің негізгі буыны болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым бөлігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады.

Кейбір ғалымдардың пікірінше алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV-XV ғасырларда пайда болған.

Олардың  еңбектерінде банк тауар шаруашылығының  ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының  ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының  дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда саудагер клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға. Артықшылығы бар компанияға қарызға берді.

Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында пайда болған дейді. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады. [4,243б.]

Дегенмен, осы деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.

Банк итальян сөзінен bank- орындық мағынада айырбас орны дегенді білдіреді. Бұл айырбас орны тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылды. Банктер пайда болғанға дейін ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын қарызға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушы-лар біртіндеп банкирлерге айналды. Тарихшылардың пайымдауын-ша алғашқы банктік операцияларды жекелеген тұлғалар мен қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен. Сөйтіп алғашқы банктер жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз жатуға болмайтындығын,оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.

Банктердiң және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен өзара тығыз байланысты болды.  Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болды. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушылардың экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал  ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi,  ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да  көптеген қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi. (1-сурет).

Қаржылық делдалдар осылайша  капиталдың  салааралық , аймақаралық бөлу тетігімен қамтамасыз ете отырып, аса маңызды халық шаруашылығы қызметiн атқарады.

Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып табылады.  Өз қызметiнiң үрдiсiнде олар ақша нарығында тауарға айналатын жаңа талаптар мен мiндеттемелердi тудырады. Мәселен, банктер клиенттердiң салымдарын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені-депозитті құрады, ал жаңа талаптың ссудасын қарыз алушыға береді.  Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Қаржы ресурстарының несие берушіден қарыз алушыға қозғалысы, орналасуы, ағылуы және осылармен байланысты болатын қаржы институттарының қызметі қаржылық делдалдық деп аталады.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, мемлекеттiң Орталық банкке кең өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi. Әр түрлi көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының  “тобын” құрайды және оларды жұмыс iстеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлi шарттармен несиеге деген қажеттілікті қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелiк  қызмет көрсетуiн ұйымдастыру және несиелiк жүйенiң қызмет етуi шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие.

 

 

 

 

Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып , ұдайы өндiрiстiң барлық фазасының аясына араласады. Банктер шаруашылық өмiрдiң орталығы, барлық экономиканың негiзгi түйiнi болып табылады.

Банктер басқарудың экономикалық әдiстерi, мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлi буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттiлiктерiн әр түрлi несиелер мен қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздiксiз қызмет етуiндегi қажеттiлiгiн қанағаттандырады, қоғамдық өнiмнiң тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етедi.

Банктер есеп айырысу операцияларын жүргiзудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн айыппұл, төлем төлеу күнiн созғаны үшiн өсiм, несиенi өз уақытында қайтармағаны үшiн жоғары пайыздарды алуымен өзiнiң мүддесiн ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесiн қорғайды.

Банктер өз қызметтерiн орындау кезiнде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аймақтық  (жергiлiктi орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс iстейдi.

Банктер экономикалық басқарудың органдары болғандықтан, өз клиенттерінің алдындағы олардың жауапкершілігі экономикалық сипатта болады.

Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсендi қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол арқылы ұдайы өндiрiстiк үрдiске әсер етедi.  Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда. Меншiктi жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру нәтижесiнде жеке меншiк, меншiктiң ұжымдық және акционерлiк түрлерi, кооперативтiк қозғалыс кең етек алуда, меншiктiң аралас түрi негiзiнде кәсiпорындар құрылуда.  Қоғамда белгiлi-бiр класқа ие комерсанттар, кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты экономикада, қоғамда банктердiң ролi күшеюде. Олардың жұмысында әмiршiл — әкiмшiл әдiстердiң орнын экономикалық әдiстер алмастырды. Сөйтiп экономикаға банктiк ықпал етудiң құндық құрылымдарының мағынасы арта түстi.

Бұл жағдайда экономикада инфляцияның төмендеуiнде және олардың нарықтық жолға көшуiнде , ең алдымен меншiктi жекешелендiрудегi ролi айрықша. Мұнда банктiк жүйенiң негiзгi мақсаты – несиелiк механизмдi жетiлдiру, ақша массасын реттеудегi әдiстерiн жетiлдiру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртiбiн сақтау болып табылады. 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы өз валютасын- теңгені енгізді. Алайда инфляция бәсендеген жоқ. Инфляцияның жоғары деңгейі 1994 жылдың шілдесінде байқалды-46%. Үкімет пен Ұлттық банк қабылдаған монетарлық шараның нәтижесінде инфляция кеміді(25%), ал 1994 жылдың тамыз айында ол 13,5%-ға, қыркүйекте10,9%-ға теңесті. Ал бүгiнгi таңда инфлиция жоспарланудан ауытқымай 6,2%-ды құрады. [4,268б.]

Мемлекеттiк меншiктегі кәсiпорындарды жекешелендiріп,  қайта құруда банктiк жүйенiң ролi маңызды. Сондықтан да банктiк реформаның негiзгi міндеттерінің бiрi – кәсіпорындардың жекешеленуіне және жеке экономика секторының құрылуына қолдау көрсету.

Банктiк жүйенiң реформасы инвестициялық қорлардың ролiн жоғарылату және сауықтыру банктерiн құру жолымен жекешеленген кәсiпорындарды қайта құруға қолғабыс етедi. Сауықтыру банкiнiң ролi жекешелендiру бағдарламасының негiзгi мақсаты болып табылатын, тиiсiнше жекешеленген  және көп шығынды кәсiпорындарға корпоративтi жетекшiлiктi күшейтуге қатысты арта түседi.

Банктiк жүйенiң реформасы жеке кәсiпорындардың банктен несие алуын қамтамасыз етедi, жеке сектордың дамуына жәрдемiн тигiзедi. Осы мерзiмде ол шығынды мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта құруды ынталандырады.

Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктердің экономикадағы маңызының ерекше екендігін олардың жүргізетін 200-ден аса қызметтері мен операцияларынан көруге болады.


Скачать


zharar.kz