Бәсекелестер тауарынан айырмашылығы бар кәсіпорын тауарына тұтынушының назарын аудару

Скачать

Бәсекелік саясатта тауарға қатысты, ең алдымен, оның функционалдық  тағайындалуын,  сенімділік,  қолдануындағы ыңғайлылық, сыртқы      келбетің эстетикалығы және басқа сипаттамалары, яғни берілген       тауардың үлгі тауарларға қарағандағы тұтынушының қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мүмкіндіктері  назарға  алынады. Берілген тауардың жиынтық қасиеттерін қосатын тауардың мұндай тұтынушылық  құндылықтарын  қалыптастыру нарықта өмір сүріп қалудың  маңызды  шарты  болып  табылады.  өндіруші бәсекеге  қабілетті тауарды  өндіргенде  әртүрлі  стратегияны  қолданылады:
Бәсекелестер тауарынан айырмашылығы бар кәсіпорын тауарына тұтынушының назарын аудару; Өндіріске айқындалған тауарлардан барлық тұтынушылар үшін тартымды бір тауарды таңдап, соның негізінде нарықты жаулап алу; Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасынан экономикалық тиімсіз тауарды уақытылы алып тастау; Ескі және жаңа тауарлармен жаңа нарыққа шығудың амалын табу; Сатып алушының жаңа қажеттіліктері  мен талғамдарына сәйкес өндірілетін тауардың модификациясын жасау; Сатылатын тауарлардың сервистік қызмет жүйесі және жалпы өткізуді ынталандыру жүйесін жетілдіріп дамыту [11].
Халықаралық еңбек бөлінісі мен ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен бәсекеге  қабілеттіліктің кең таралуы өндірушілерді жаңа  бәсекеге  қабілетті  тауарларды мен оны өткізудің жаңа нарықтарын көбірек        іздеуге  мәжбүр етеді. Халықаралық  тәжірибе  бір  ғана  өнім  емес, ассортименттік наборды құрастыратын кең параметрлік қатарды            өндіру тиімді екенін көрсетеді. Параметрлік қатар мен ассортименттік     набор кең болған сайын, тұтынушы өзі үшін сатып алудың               оптималды нұсқасын табатынына ықтималдылығы жоғары болады.   Мысалы, бір-бірінен жүккөтерімділігі, жылдамдығы, айналу радиусы       және басқа айырмашылығы бар бір типті автотиеуіштерді шығару.          Әрбір сатып алушыға оның  жұмыс жағдайы есебінен сатып алынатын автотиеуіштердің  кейбір  анықталған  эксплуатациялық параметрлері     қажет  болады. Егер сатушы ол қажеттіліктерді қанағаттандырса, тұтынушы оны сатып алады; егер қанағаттандырмаса, тұтынушы басқа сатушыны  іздейді.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін, ең алдымен, бәсекелестері  өнімді сатып жатқан немесе өткізуге мақсат қойған нарықтар  туралы  объективті  ақпаратты алуы  керек. Нарықтарды талдауға ерекше назар аударылады. Әсіресе берілген тауар қанағаттандырмайтын қажеттіліктер және тұтынушылар атап өткен тауардың жақсы қасиеттері бағалану керек.  Ең соңында техникалық деңгейі және сапасы бойынша өндірілетін өнімнің ақырғы тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетіні туралы мәселе шешіліп, нарықты комплексті зерттеуі нәтижесінде оның бәсекегқабілеттіліг бағаланады.

Тауардың  қазіргі және болашақтағы бәсекеге қабілеттілігін бағалаудан кейін одан әрі өндірістік-өткізу саясаты туралы шешім қабылданады:
Берілген тауардың өндірісі мен өткізуін жалғастыру керек пе; Өндірістің модернизациясын жасау керек пе; Оны өндірістен алып тастап, жаңа тауарды шығаруға кірісу  керек пе; Тауарды нарықтық жаңалық тауарға айналдыруындағы модернизацияны өткізу керек пе; Қаржылық ресурстар, тауарды өткізу торы, сатылған тауардың сервисін қамтамасыз ету мүмкіндігінің жеткіліктік есебінен жаңа өткізу нарығын іздеуге кірісу керек пе [7].
Өнеркәсіптік  кәсіпорын  жағынан  өндіріс рентабельділігі мен   өткізуін қамтамасыз ету мақсатында нарықтың жоспарланған үлеске ие болуға мүмкіндік беретін тауарлардың өндіріс көлемін  туралы мәселе шешілуі тиіс. Сонымен бірге, кәсіпорынды ресурстық қамтамасыз                 ету ─ қажетті материалдар, жинақтайтын бұйымдар, жартылай      фабрикаттар сатып  алу  мүмкіндігі,  қажетті  қаржылық ресурстар              мен квалификациялық  деңгейі  жоғары кадрларды тарту да өте          маңызды мәселе болып табылады. Көптеген бәсекелестерге қатысты         нарықта ұстанымды  жаулап алудың негізгі  сәті — өндірілетін       тауарлардың уақытылы  жаңаруы, өнімнің жаңа  түрлерінің  өндірісін  ұйымдастыру  мен даярлау. Қазіргі жағдайдағы нарықта  кәсіпорынның  гүлденуі  үшін  жаңа тауарлардың өндірісі мен қалыптастыру               шешуші мағынаға ие. Статистикалық мәліметтер бойыншаөндірістің      негізін қалайтын жаңа өнімді игергеннен кейін оның өткізуінің өсу          темпі бәсекелестерге қарағанда 2 есе артық.  Жаңа өнімді шығарғанда      және тауарлардың ассортиментін  кеңейткенде  кәсіпорын нарықтың болжанбайтын өзгерістер есебінен банкротқа әкеле алатын  бір тауардан тәуелділігін азайтуға тырысады. Нарыққа шығарылған жаңа тауарлардың бірталайы коммерциялық сәтсіздікке ұшырайтыны белгілі:  шамалас  10  өнімнен   8 өнім  өндірушілер  оларға  артқан сенімділігін  ақтамайды. Негізгі себептері: берілген тауарларға сұраныскөлемінің жеткіліксіздігі, тауардың техникалық  және  эксплуатациялық  кемшіліктері,  тиімсіз жарнма, жоғары  баға, бәсекелестердің болжанбайтын жауапты қимылдары, нарыққа шығу  үшін  таңдалған  дұрыс  емес  уақыт, өндірістің  шешілмеген  мәселелері,  жалпы  алғанда  бәсекелес  саясаттың  дұрыс  емес  болжануы.

Жаңа  тауарларды  шығару тұжырымдамасының  негізінде  тек  жаңа техникалық және техникалық-экономикалық параметрлерге жетудегі дәстүрлі ұмтылысты сақтау ғана емес, сонымен бірге басқа аналог тауарларға  қарағанда  бәсекеге  қабілеттілігі  жоғары  деңгейлі   нарықтық жаңалық тауарды  құруға  талпыныс  болып  табылады.

Өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  жоғарлату  жолдарын  таңдаған   кезде жаңа тауар шығару емес, өндірістен моральдық ескірген тауарды          шығару емес, тауардың модификациясы туралы уақытылы шешім     қабылдау  жиі  жақсы  нәтижеге  әкеледі. Тауардың модификациясы     туралы  шешім үлкен пайда алу үшін тұтынушының ерекше     қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында  қабылданады. Сонымен     қатар,  машина,  құрал-жабдық  және басқа өнеркәсіптік өнімді қолдану     мен  өткізумен  байланысты   комплексті  қызметті  көрсету, олардың    жоғары  тиімділікті  эксплуатацияға  әрқашан  дайын  болуы,  яғни    сервистік  немесе сатудан кейінгі қызмет көрсету өнімнің бәсекеге қабілеттілігін  жоғарлатуға  дұрыс  бағыт  болып  табылады.  Білікті     ұйымда өнімнің   бәсекеге қабілеттілігін    жоғарлатудың  шешуші      факторы сервис болып табылады, өйткені қосалқы бөлшектерге баға  өндірісте қолданылатын  жинақтаушы  бөлшектерге  қарағанда  1,5-2,0  есе  төмен.

Өнімнің  бәсекеге  қабілетілігін  жоғарылату міндетін шешуінде  таңдау мәселесі мен жаңа өткізу нарықтарын игеру мағынасы жылдан   жылға  артып  келеді.  Осыған  байланысты  әрбір  кәсіпорында  бұл     салады  талдау-іздеу  жігері  өте  маңызды. Жаңа өткізу нарықтары   тауардың  бәсекеге  қабілеттілігі мен өткізу қызметінің рентабельділігін   күрт өзгерте алады. Жаңа нарыққа тауарды еңгізіп, оның өмірлік           циклін ұзартуға болатыны түсінікті. Әлемнің әрбір түкпірінде      сұраныстағы маусымдық  ауытқулар  тауардың  сәтті  өтуіне  себеп  бола алады. Ал жаңа нарықтарда сату көлемінің өсуі бірлік өнім өндірісіне   кеткен шығынды азайта алады, бұл ең алдымен арзан жұмыс күші,     салықтың төмен  деңгейі,  және  кеден  баждары  мен өткізу жаңа нарықтардағы басқа факторлар есебінен болуы мүмкін. Осыған    байланысты,  егер  ішкі нарықта тауардың бәсекеге қабілеттілігі күрт төмендесе, тауардың бәсекеге қабілеттілігі әрі қарай дамуы үшін (оның модификациясын жасамас  бұрын,  жаңа  өнім  немесе  ескі  өнімді  өндірістен  шығармас бұрын) онымен   өткізу   жаңа нарығына шығуға  әрекет  жасау  керек .

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті  жоғарылатудың  келесі  жолдары  қабылдануы  мүмкін:
Қолданылатын материалдардың, комплект бұйымдардың немесе өнім конструкциясының құрамы мен құрылымының өзгеруі; өнімді жобалау тәртібінің өзгеруі; өнімді дайындау технологиясының; дайындау сапасы, сақтау, орама, транспорттау мен  монтаждауды  бақылау  жүйесінің  өзгеруі; өнім бағасының, қызмет көрсету мен жөндеу бағасының, қосалқы бөлшектерге бағаның өзгеруі; нарықта өнімді өткізу тәртібінің өзгеруі; өнімді өткізу, өндіріс, жетілдіруге арналған инвестиция көлемі мен құрылымының өзгеруі; жабдықтаушыларды ынталандыру жүйесінің өзгеруі; импорт  құрылымы  мен  импортталатын  өнім  түрлерінің  өзгеруі.
Қорытындылай келіп, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатудың 3 негізгі жолдарын көрсетуге болады:
тауардың сапасын жоғарылату; тауардың бағасын арзандату; тауардың өткізуін өрістету.
Сүт саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру  біртұтас механизм ретінде нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика және экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндігіне  сай  болуы  тиіс.

Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз  болады [6].

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмі іс-әрекеттердің жиынтық   көрінісі  ретінде   оларды  жүзеге  асыратын  бірнеше  тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктер курстық жұмысымда  өзіндік сипаттары бойынша төрт топқа бөліп қарастырылады:

бірінші топ — өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;

екінші топ — өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;

үшінші топ — өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;

төртінші топ — өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау

Әлемдік  нарықтың  қатаң  талаптары  мен  бәсекелік  шарты отандық сүт  өнімін  өндіруші кәсіпорындардың сол талаптар мен шарттарды ұстануын  қалайды.  Өйтпеген  жағдайда  әлемдік  нарықта  осы  өнім  түрлері бойынша  негізгі  өндірушілер  саналатын  АҚШ,  Израиль,  Голландия, Ресей және Дания сынды мемлекеттер өздерінің бәсекелік ықпалымен еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің  нарықтарын  игеріп  алуы  қиын  емес.

Сондықтан да ішкі нарықтағы сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен,  олардың  сапасына  байланысты.

Сүт  өнімдерінің  сапалық  деңгейі бірнеше тұрғыда анықталады. әлемдік нарыққа шығудың негізгі жолы болып – халықаралық сапа стандарттарының талаптарын орындау және оны өндіріске енгізу     қадамдары саналады,  сонымен  қатар, өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу саясатын да негізгі назарда ұстанған жөн деп       санаймыз [3].

Өндіріске  инновациялық  және ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, алдыңғы қатарлы озық технологияларды пайдалану тек өнімнің сапалық қасиеттерінің жақсаруына ғана емес, шикізат пен материалдарды үнемді пайдалануға, сонымен қатар, оның баға бәсекесі жағдайындағы өтімділігін  арттыруға  да  серпін  береді.

Бүгінгі жағдайда, өңдеуші өнеркәсіптердің, соның ішінде сүт өнімі кәсіпорындарының  инвесторлар  үшін тартымдылығы төмен екендігін ескере отырып, бұл кемшілікті жою мақсатында сол кәсіпорындардың     өздері нақты ұсыныстарды алға тартуы тиіс. өйткені, ғылыми-       техникалық жетістіктерді өндіріске тарту ірі көлемдегі қаржының    көмегінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Мұндай ұсыныстардың қатарына төмендегілерді  жатқызуға  болады:

— қосылған құн тізбегі бойынша өнім шығаруды дамыту жолдарын айқындау. Яғни, өнімнің шикізат түрінен дайын өнімге айналуына  дейінгі  өндірістік   процесті   ұйымдастыруды   қамтамасыз ету;

— сүт өнімдері тамақ өнімдерінің басқа да түрлері сияқты белгілі бір мөлшерде құнарлылық, энергетикалық құндылылық көрсеткіштеріне, пайдалану  уақытына  сай  жарамдылық,  сақталу мерзімі, дәмдік сипаттарына тәуелді. Осыған орай, дамыған елдерде қолданылып жүрген, өнімнің осы қасиеттерін жетілдіруге немесе жақсартуға мүикіндік беретін, инновациялық сипаттағы технологияларды пайдалану жолдарын       қарастыру [6].

Инновациялық процестерді жетілдірудің жолы ретінде аймақтық ғылыми-өндірістік жүйені құруды ұсынуға болады. Бұл жүйе белгілі бір өңірдің  (мәселен,  Алматы облысының) сүт  өндіретін  кәсіпорындары      мен осы салаға қатысы бар ғылыми зерттеу мекемелері кіреді. Бұл мекемелердің өзара тығыз жұмысы әлемдік сүт өндірісінің техникалық мүмкіндіктерін, өнімдерінің дайындалу ерекшеліктерін зерттеуге, жаңа жетістіктерді айқындауға және мүмкіндігінше сол пайымдаулардың нәтижелерін өндіріске енгізуге ықпал етеді. Аталған жағдай саланың өндірістік, экономикалық және ғылыми- техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға итермелейді. Сүт өндіруші  кәсіпорындардың  қолдауымен  ғылыми  мекемелер өз зерттеулерін жүргізе отырып, маңызды ұсыныстарын тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік алады.

Сонымен, сүт өнімдерінің сапасын арттыру осы сала өндірісінің даму тұрақтылығы мен әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігінің кепілі болатынын ескере отырып, бұл бағытта келесі нақты қадамдар шешімін табуы тиіс деп санаймын:
Отандық тауар өндірушілер өнімнің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру; Сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және                  олардың бәсекеге  қабілеттілігін  қалыптастыру  мақсатында  мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда, Жапония және Еуропа мемлекеттерінің  осы  салаға  қатысты  тәжірибелерін  негізге   алу; Тамақ өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін, оның сапалық талаптарын ғылыми тұрғыдан негіздеу; Сүт саласына қатысты өндірістік және ғылыми-зерттеу мекемелерінің ортақ жүйесін құру; Құрамында витаминдері, майлы қышқылдары, минералдық заттары бар өнімдер шығаратын технология дайындау; Отандық қалыптасқан дәстүр бойынша халықтың тұтыну  ерекшеліктеріне сай таза өнімдер шығару үрдісін ұстану; өнімнің биологиялық құрамын табиғи түрінде сақтау үшін ғылыми негізделген жолдары мен әдістерін іздестіру; өнімнің органолептикалық қасиеттерін жақсарту мақсатында қажетті табиғи қоспаларды пайдалану; өнімнің сапасын көтеруде және адам өміріне қауіпсіздігін қалыптастыруда стандарттау мен сертификаттау талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау; өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озат техника мен технологияларды пайдалану; тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне  сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту; инновациялық озық үлгідегі құрал-жабдықтар мен қондырғыларды енгізуге қажетті қаржыларды тарту жолдарын іздестіру және белсенділік таныту.
Сапаны  жоғарылату  мәселесі ҚР Президентінің Қазақстанның  әлемдік бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену стратегиясында кең қарастырылады. Тұтынушылар Ұлттық лигасы мен Қазақстанның мінсіз бизнес кәсіпорындар Ассоциациясының мамандарының ойынша отандық компаниялардың сапа стандарттарын тұтынушымен жөнделеген кері байланыс  арқылы  жоғарылатуға  болады.


Скачать


zharar.kz