Қазақстанда маркстік идеялардың таралуы туралы қазақша реферат

Скачать


Қазақстанда маркстік идеялардың таралуы туралы қазақша реферат
          ХІХ ғасырдың соңына қарай империялизм дәуіріне аяқ басқан Ресей дүниежүзілік революциялық қозғалыстың орталығына айналды. Сөйтіп, “Жұмысшы табын азат ету жолдарындағы күрес одағы” идеясы қазақ даламына тарай бастады. Оны таратушылар Қазақстанға жер аударылған орыс революционерлері – социал демократар болды. Лоар өздерімен бірге тиым салынған құпия әдебиеттерді, патша өкіметіне қарсы жазылған прокламацияларды алып келіп, жергілікті тұрғындарға таратты.
         Бұл кезде қазақ еңбекшілерінің пролетариаттану процесі жедел қарқырмен жүріп жатқан болатын. Ол жөнінде “Восточное оброзование” газеті тілшілерінің бірі былай деп жазды: “Малынан және қыруар шабындық жерлерінен айрылған олар (қазақ кедецлері – авторлар) топ-тобымен мал өсіру кәсібінен қол үзіп, қырдан кетіп жатыр. Егіншілік кәсібі- не көшуіне және тәуелсіз өнеркәсіп еңбегінің саласымен шұғылдануға мүмкіндік болмай, бұрынғы көшпелілер құстай құстай “еркін”, қандай ауыр жұмысты болсын істей алатын жұмыскер ретінде еңбек рыноктарына келуде. Ақысы сутегін арзан жұмыс қолдары енді қаптап жатыр, олардың бұлай шұбыруы екі миллион қырғыз халқының күйзелуінен болып отыр. Табиғи байлығы мол сахарада малынан айырылған көшпелі халықтан жұмысшы мен пролитарият туындауда. 
          Қазақ шаруаларының  күн көріс жолын іздеп, еңбек рыноктарына баруы пролетари-аттың ұлттық кадрларының жасақталуының алғы шарттарының бірі еді. Бір ескертетін жағдай, Қазақстанда көп ұлтты пролетариат туа бастады. Мұның өзі оның таптық күрес- келдік санасезімін шыңдауға, ұлттық томаға-тұйықтатқан арылуға қолайлы жағдай жаса- ды. Әсіресе, орыс жұмысшылары, саяси жер аударылғандар қазақ жұмысшыларымен революциалық  тәжірибелерін бөлісіп, стихиялы әрекеттен саналы ұйымдасқан әрекетке көшу жолдарын үйретті. Мұны сезген Дала өлкесінің генерел-губернаторы 1883 жылғы есебінде: “Мұнан былайға уақытта саяси себеппен жер аударылғандарды дала облыстары- на жіберудің тоқтатылғаны дұрыс болар еді”, — деп жазуға мәжбүр болған.
          Патша үкіметінің қатаң талап қойып, жіті бақылау жасауы Ресейге марксизм идея- сының таралуын тездетті, нәтижесінде ол қазақ даласына да кең тарала бастады. Бұл бағытта күнделікті баспа сөз үлкен рөл атқарды. Ол революциялық қозғалыстың мақса- тын, сондай-ақ жұмысшылар мен шаруалар арасындағы қарым-қатынасты түсіндіру мен болады. Соның бірі – жалпыорыстық, большевиктік “Искра” газеті. “Искраны” Ұлытау, Атбасар, Есіл, Ақмешіт маңына, Қарсақпай жұмысшыларына алғаш таратушылардың бірі – Иван Деев пен Сабыр Шарипов екені тарихтан белгілі. Иван Деев пен Сабыр Шариповтің көбіне-көп паналаған ауылы орта жүздің Бағаналы елі болған. Бұл елдің сауатты азаматтары “Қазақ” атты Ахмет Байтұрсынов басшылық еткен газетті шығаруға да атсалысқаны архивтік деректерден таныс.
          “Искраның” тілшілері Ресейде ғана емес, Қазақстанда да болды. Олар қазақ халқы- ның ауыр тұрмысынан хат-хабар, мақала жазып тұрды. Айталық, “Искра”  2-нөмірінде  “Ұлы Сібір магистралы бойында” деген авторы көрсетілмеген хат жариялады. Онда темір жол қоғамы шонжарларын тіс қаққан қасқырларға теңеп, олардың нағыз жыртқыш бейне- сін ашты.
          “Искраның” 1902 жылғы қаңтардағы нөмірінде Орынбор-Ташкент темір жол құры- лысын жүргізуші жұмысшылардың ауыр халі туралы корреспонденция жарық көоген. Он- да сол жылы басталған Орынбор-Ташкент темір жол құрылысы мердігерлері мен жұмыс- шылар арасындағы “шатақтар”, әсіресе, жұмысшылардың арсыздықпен тоналғандығы жа- зылады. Жұмыс істеу жағдайының өте ауыр екеніне,орынсыз айып төлеудің барынша етек жайғанына қарамастан, жұмысшылардың жалақысы дұрыс есептелмей заңсыз ұытап қалу тәрізді жолсыздықтардың кең орын алып отырғанын әшкереледі.
          Корреспонденция соңында жұмысшылардың бір сом орнына 60-80 тиыннан ғана жалақы алатынын, бұған ашынған соң әкімшілікке қарсы шыққаны жазылған.
          Ал, “Искраның” 1903 жылдың 1 ақпанындағы нөмірінде Ташкент темір жолы жұмы сшыларының ауыр халі туралы тағы бір корреспонденция жарық көрді. Онда жұмысшы- лардың төбесі сабармен жабалған жер кепелерде тұратыны, шіріген овощ сорпасымен қоректенетіні үйреншікті жай екенін жаза келіп, 450 шақырым жердегі Орынборға арызын айтуға жаяу бара жатқанда жолшыбай 46 жұмысының аязға үсіп өлгенін жан түршігерлік оқиға деп көрсетті. “Қазақ сахарасында жүрген сорлы жандардың, — деді газет, — көрген күні қараң, еңбегі еш, аштық титығына жеткен бұлар, сайып келгендеажалға ұшырап болар”.
          Корреспонденция Ташкент темір жол құрылысының жақында аяқталатыны, бірінші поездің қанаушылықтың тозағынан өлген жұмысшылардың сүйегін басып жүретіні тура- лы кекесінге толы сөйлемдермен аяқталған.
          Патша өкіметі революция толқынынан қауіптеніп 1905 жылғы 17 қазандағы манифе сінде саяси бостандықтар, оның ішінде баспасөз бостандығы жариялады. Осыған байла- нысты жер-жерде жаңа газеттер жарық көре бастады. Соның ішінде 1905 жылы қазан айы- ның аяқ шенінде Петербургте шыққан “Новая жизнь” газеті де қазақ даласына орналасқан әскери бөлімдерде де толқулар болғанын, ол толқулар Ташкент, Жаркент тағы басқа гарнизондарды қамтығанын жазды.
          “Новая жизнь” 1905 жылғы 1 желтоқсандағы нөмірінде орал облысы қазақтарының ауыр халі жөнінде корреспонденция жариялап, патша өкіметінің отарлау саясатын сына- ды. Корреспонденцияда Ресейдің ішкі губернияларындағы жеріжоқ шаруалар орналасты- ру үшін қазақтардың қоныстанып отырған, өңделген жерлері таратылып алғаны,Жиренқұ- дық болысына қарасты қазақтардығ 80прщценті егіншілікпен айналысқанына қарамастан, оларға бір десятина да егіндік жер қалдырмағаны жазылды. Орман, ағаштарынан да айы- рылған қазақтардың балаларға тамақ істеп беру үшін бір тал шыбықты да таппай отырға- нын жаза келіп, газет “Қазақтар енді қайтеді?” – деп қынжылыс білдірді.                                                                                                                  
          1910-1911 жылдары Ресейдің экономикалық жағдайы күрт өзгеріп, өнеркәсіптік өр- леу өріс алды. Бұл жерде бір ескертетін жағдай, Қазақстанның экономикалық, саяси даму- ының өз өзгешелігі бар еді. Сол себепті мұнда жұмысшы қозғалысының өрлеуі Ресейге қа- рағанда кешеуілден, баяу дамыды. 1910-1911 жылдары Қазақытан жұмысшылары эконо-микалық сипаттағы жекелеген талаптар төңірегінде ғана қарсылықтар жасады. Атап айсақ, 1910 жылы даппай жұмыстан шығаруға байланысты Орынбор темір жол ұстаханалары- ның жұмысшылары ереуілге шықты. Ереуілдің бет алысынан қорыққан әскери күш губер- натордың жанындағы кеңес жұмысшсларды жаппай жұмыстан шығарудан бас тарту керек деген қаулы алуға мәжбүр болды.
          Патша өкіметі Ленадағы 500-ден астам жұмысшының атылғаны және жараланғаны туралы мәліметтердің елге таралуынан қорықты. Газеттерге ол жөнінде жазуға тиым сал- ды. Соған қарамастан, түрлі баспасөз арқылы Ленада болған шындық дүниенің төрт бұрышына тарап кетті. Тіпті, бұдан патшалық ресми “Туркестанский курьер”,  “Омский вестник”, газеттері де қалыс қалған жоқ. Сырдария облысының әскери губернаторы Лена алтын кендеріндегі қанды қырғын туралы материялдар жариялағаны үшін “Туркестанский курьер” газетінің зедакторына айып салынған.
          Сөйтіп, ел ішінде Ленадағы қанды қырғын оқиғаларына үн қосқан жаппай ереуілдер, демонстрациялар өріс алды. Оған Қазақстаннан Риддер кен орны, Нілді мыс қорыту заво- ды, Жем мұнай кәсіпшілігіндегі жұмысшылар, Екібастұз көміршілері қосылды. Алб Лена оқиғасының жаңғырығын қазақ жеріне толық жеткізген  “Правда” газеті болатын. Оның үстіне қөтеріліс кезінде ауыр жараланып, кейіннен 12 жылға каторгаға үкім етілген, революциялық күрес жолынан туған жері Қарқаралыда аяқталған Угар (Мұқатай) Жәнібіков туралы дуруктер де еңбекшілер санасын оята түсті.
          Міне, 1905-1907 жылдардағы орыс революцияның тұсында және 1910-1911 жылдар- дағы революциялық жаңа өрлеу кезеңінде “Искра”,“Правда ” сияқты жалпы орыстықжұ- мысшы басылымдарының әсерімен Орда қаласында өздерінің демократиялық, мәдени-ағартушылық күрес жолдарын бастаған қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы бір топ өкілдері өздерінің жасырын көпшілік одағын ұйымдастырды. Сөйтіп, олар ең алдымен одақтың шаруашылық және саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін “Қазақстан” газетін шығаруды қолға алды.     

Қазақстанда маркстік идеялардың таралуы


Скачать


zharar.kz