Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру

Скачать


Жоспары:

Кіріспе……3
І. Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
1.1. Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері……….4
1.2. Кәсіпкерліктің экономикадағы орны………9
1.3. Кәсіпкерлік қызмет түрлері………….12

ІІ. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
2.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары……15
2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты……18
2.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары……21

ІІІ. Шетелдерде кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
3.1. Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру………25
3.2. АҚШ-тағы шағын кәсіпкерлік………….26
3.3. Ресейдегі кәсіпкерлік қызмет ерекшелігі………29

Қорытынды………32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…..34
Кіріспе

Менің тақырыбының аты “Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің   дамуы”.

Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан  жеріндегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.

Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.

Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.

19-шы ғасырдың екінші жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын тапқан бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар  талғампаз және ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмыкіндік берді қаржы табуда және өндіріс көлемін ұлғайтуда көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жұмысшыларды жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақта түрде өсе түсті. Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар.

  Курстық жұмыс 34 бет


Скачать


zharar.kz