Әйелдердің туу мүмкіндігінің тек орыс әйелдері ғана емес, сонымен бірге қазақ әйелдерінің арасындала төмендеуі

Скачать


Қазақстан халқының саны 2000 жыдың басында 14896,1 мың адам болды. 1989 және 1999 жылы 16199,2 мыңнан, 1999жылы 14953,1 мың адамға азайды. Шындығында жеке облыстар, қалалар және ауылдар арасында халықтың аумақтық қайта бөлінумен қатар жүретін халық санының кемуі, елді мекендер желісі мен жүйесінің қалыптасуына елеулі өзгерістер туғызады. Қазақстан халқының динамикалық аймақтар бойынша едәуір айырмашылықтары байқалады. Соңғы екі халық санағының арасында еліміздің аймақтарының 80% -да (78,6%), оның ішінде Павлодар облысында 85,6%, Ақмола облысында -78,6%-ға дейін,Солтүстік Қазақстан аймағында едәуір халық санының төмендегені байқалады. Тек Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында халықтың бұрынғыдай дәстүрлі өсу тенденциясы сақталуда. Бірақ бұл облыстарда да халық саны салыстырмалы азаюда. Екі халық санығының арасындағы он жылда халық саны недәрі 5,3%-ға ғана өсті. Халық санының және оның аймақтарының төмендеу тенденциясы еліміздің экономикасы тұрақталмайынша, халықтың тұрмыс жағдайы жақсармайынша біраз уақыт сақталуы мүмкін.

Әзірше елімізде және оның аймақтарында халықтың сыртқа жаппай қоныс аударуы байқалып, туу деңгейі төмендеуде.

Экономикалық реформалармен байланысты болған өзгерістер (өнеркәсіп, оның ішінде өндеуші салалар кәсіпорындарының жабылуы) урбандалу үрдісіне едәуір әсер етті. Еліміз және оның аймақтарында қала халқы санының өсуі баяулап, оның керісінше жедел төмендеуі байқалуда. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша халық саны екі халық санағының арасында 8,85%-ға төмендесе, еліміздің өнеркәсібі дамыған аймақтарында қала халқының саны- Алматы облысында 13,3%-ға Ақмола облысында -24,3%-ға азайды.

Қала халқы санының қысқаруы орташа және шығыс қалаларда көбірек болды. Олардың халық саны қысқарып қана қоймай, кейбір шағын қалалар тіршілігінің тоқталуы байқалды. Халықтың саны 10 мың болатын қалалар (1989ж. 67 болса, 1999ж. 60-қа түсті). Ал халқының саны 20 мың болатын қалалық елді мекендер он жылда 17 мыңға дейін төмендеп, Қазақстандағы орташа қалалар 42%-ға күрт азайды. 12 қаланың орнына 1999 жылы 7 ғана қала қалды. Сондай-ақ ірі қалалар саны да, азайды. Республикадағы осы қатардағы 25 үлкен қаланың орнына бүгінде бір ғана Алматы қаласын қалды. Реформа кезеңінде 500 мыңнан төмен тұрғыны бар қалалар Қарағанды қаласы жатты (1989 жылы 507,3 мың адам, ал 1999 жылы — 436,9 мың адам).

Халық санағы аралығы кезеңінде қала халқы негізінде елімізден тысқары жерлерге көшіп-қонуы есебінен қысқарды.Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан сияқты екі аймақтағы халықтың бір шама өсуі-табиғи өсу және халықтың ауылдан қалаға, республика ішілік қоныс аударуы есебінен жүзеге асуда. Экономиканың құлдырауы, еліміз аумағы бойынша салыстырмалы түрде халықтың орналасуын біркелкі ете отырып, қала халқының шоғырлануының бұзылуын (декоцентрация ) күшейтуде.

Ауылдық      қоныстану үрдесі қалыптасуының  едәуір аймақтың айырмашылығы  байқалады.   1999жылғы статистикалық мәліметке сүйенсек, ауыл халқының ең жоғарғы үлес салмағы Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына келеді. Осы екі облыстар үлесіне ауылдық мекендер тұрғындарының 35,6% келеді. Қазақстанның жеке аймақтарында ауыл халқы санының өзгерісі әрқалай. Мысалы, 1989-1999жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа ауыл халқының саны 19,5%-ға азайды, Қарағанды облысында-21,2%-ға Шығыс Қазақстан облысында -14,2%-ға азайғандығы байқалды.

Ауылдан халықтың қалалық мекендерге кетуін жалпы шаруашылық тұрмысынан қарасақ, ауыл халқының кемуі заңды болып табылады. Бірақ Қазақстанда соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы саласындағы дәлелсіз реформалар салдарынан (фермерлік шаруашылықтың жедел дамуы) көші-қонның жеделдеуімен байланысты ауылдық мекендердің елсізденуі орын алуда. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары ауылдық мекендерінен халықтың кетуі соншалықты, ауылда еңбекке жарамды адамдар қалмауда. Сондықтан мемлекет мүддесіне сай келетін бұл аудандарда халықтың ауылдық көші- қонуын реттеу мәселесі орын алуда. Халықтың динамикасы мен құрлымы ерекшілігін анықтайтын негізгі элемент туу болып табылады. Қазіргі кезіңде туу мыналармен анықталынады:

-1988 жылдан бастап туудың жалпы деңгейінің төмендеуге едәуір қарқынды болды. Тек 1990 жылдан 1992  жылға дейінгі кезеңде туудың жалпы деңгейінің төмендеуі едәуір қарқынды болды. Тек 1990 жылға дейінгі кезеңде туудың төмендеу қарқыны Қазақстан бойынша 9,3%-ды құрып, яғни туу коэффициенті осы кезеңде 1990 жылғы 21,7%-дан 1992 ж.19,2%-ға төмендеді.  Мұнан  кейінгі  жылдары коэффициентінің  төмендеуі  едәуір         болды.    1994-1997жж. кезеңінде туу коэффициенті 23,8%-ға, яғни 18,2%-дан 14,7%)-ға төмендеді. Туудың елеулі төмендеуі қала және ауыл хақына тән болды. Және де бұл үрдіс қарқынды түрде қалалар және қала типтес поселкелерде 1990 жылмен 1992 ж. аралығында, ал ауылдық қоныстарда 1994 пен1996 жылдар аралығында жүзеге асты. Бұл белгілі бір мөлшерде, қалалық қоныстарда әйелдердің төменгі ұдайы өсу (туу мүмкіндігі), ал ауылдық қоныстарда оның әлі де болса мүмкіндігінең болуымен түсіндіріледі. Қарастырылып отырған облыстарды алсақ, онда әрі жалпы, әрі қалалық және ауылдық қоныстар бойынша туудың ең жоғары төмендеуі Шығыс Қазақстан, ал ең төменгісі-Оңтүстік Қазақстанға тән болып келеді;

-әйелдердің жас айырмашылығына сай туу мүмкідігі дәрежесінің төмендеуі 30 жастан бастап құрт төмендейді (1996 ж. статистикалық мәлімет бойынша әйелдердің 30-34 жас аралығындағы туу мүмкіндігі 20-24 және 25-29 жаспен салыстырғанда төмен болып келеді);

-әйелдердің жас айырмашылығына сай туу мүмкіндігінің тек орыс әйелдері ғана емес, сонымен бірге қазақ әйелдерінің арасында да төмендеуі. Мысалы, 1996ж. статистикалық мәлімет бойынша қазақ әйелдерінің туу қабілеті негізінде 35 жасқа дейін аяқталады (баланың тууының 90,9%-ы 35 -ке дейінгі ана жасына келеді). Орыс әйелдерінің туу қабілеті 30 жасқа таман аяқталады (барлық туудың 84,1%-ы 30 жасқа дейінгі аналарға келеді). Мұндай тенденция қалаға да және ауылға да тән;

-жанұядағы бала санының қысқаруы. Орыстар негізінде қалалық қоныстарда екі баламен және ауылда үш баламен шектеледі. Қазақ әйелдері негізінде қалалық қоныстарда үш баламен (90,0%) және ауылда төрт баламен (91,4%)шектелді.

3.2. Қазақ халқының өсіп-өну мәселелері туралы.

Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметіне жүгінсек, соңғы мәліметтер біршама қуантып, қазақ халқының саны көбейгендігін дәлелдейді.

Тұрғындардың саны 01.12 04.ж.-15,068 миллион адамды құрады. 2004 жылдың басынакн салыстырғанда халық саны 116,9 мың адамға өсті.

Халықтың өсуі табиғи өсімнің, миграция, өлім-жетім азаю есебінен болды. Республиканың табиғи өсімі 23,2% өсіп, өлім-жетім 2,2% төмендеді. Некелесу процесі төрт есе өсті. 2004 жылдың 11 айының ішінде мигранттардың саны 8% өсіп, 63,9 мың адамды құрады. Ал кеткендердің саны 12,1% азайып, 61,1 мың  адамды құрады. Жұмыссыздықтың деңгейі 8,8% төмендеді. Тұрғындардың экономикалық белсенділігі 69,9% құрады. 7,2 миллион экономикалық белсенді халықтың 7,2 миллион адам жұмыспен қамтылды.

2004 жылғы 1 қаңтардағы халықтың құрамы- М.Б.Татимов.

Ұлттар

Барлығы

Табиғи өсім

Үлес салмағы

Жалпы саны

14 950 000

Қазақтар

8 555 000

+ 7

57

Орыстар

4 050 000

-10

27

Украиндер

470

-243,1

3,1

Өзбектер

405

+9

2,8

Немістер

260

-25

1,3

Татарлар

230

-8

1,2

Ұйғырлар

220

+ 5

1,1

Корейлер

100

+ 1

0,5

Беларустар

95

-15

0,5

2004  жылғы қаңтардағы халықтың  құрамы- Л.Татимов,  ж-л

Парасат-4-2004 ж.,с.12

3-кесте

Қазақстанда 7 млн.704 мың әйел бар-51,8 %, ерлердің саны-7 млн.158 мың 300 адам-48,2%. 2002   жылы-526қыз 554 ұл-бала дүниеге келеді.

42  мың әйел-85 жас өмір сүріпті. Орташа жасы әйелдердің-71,4 жас, ерлердің-60,6 жас. Әйелдердің -55,6% ерлердің -62,3% отбасылы, әйелдердің-21,6%-ерге шықпаған, 30,4% ерлер үйленбеген. Әйелдердің 8,1%,ерлердің -4,4% ажырасқан. Орташа есеппен қыздар-23,6 жаста, жігіттер-26,6 жаста үйленеді. Әрбір отбасы орташа есеппен 4 адамнан тұрады. 2002жылы-2-124 500 қыз-келіншек баласын алдырған. 5 554 ер, 181 әйел СПИД пен аурады.

Демографиялық процестер бүкіл қоғамдық өміріне әсер етіп, оның салдары көп түрлі. Көршілес өзбек халқы 2030 жылы 40 миллионға жетпек, Қытай көрші мемлекет 2050 жылы 1,5миллиардқа өспек, Ресей халқы 2050 жылы 144 миллионды құраса, бұл аз сандар емес. Ел басы Н. Назарбаевтың 2030 жылы ҚР-ң халық саны 25 миллионға өсу қажет дегенін дұрыс түсінбесек, осыған сәйкес демографиялық дамуды дұрыс жүзеге асырмасақ, ұлттық мемлекеттік    қауіпсіздікті    қамту    қиын    болады.    Қазақстан

Республикасының экономикасын дамытуда демографиялық фактор шешуші роль атқарады. Кез-келген мемлекет еңбек ресурстарымен, экономикалық белсенді халықпен байыды. Қазіргі 47 пайыз экономикалық белсенді еңбек ресурстары балаларды, зейнеткерлерді, оқып жатқан жастарды асырап жатыр. Бұл сан өзгермей, тек өсуі үшін белсенді демографиялық саясат тек Оңтүстік Қазақстанда емес, сонымен қатар Қазақстан барлық аймақтарында жүзеге асырылуы тиіс.

Осы проблеманы жою үшін өсіп келе жатқан қазақтың өскелең жастарының экономикалық жағдайын көтері, оларға қалдау көрсетіп, олардың пәтер мәселесін, жұмыс орны мәселесін шешіп, олармен бірге жүйелі түрде жұмыс атқарсақ нұр үстіне нұр болар еді. Міне, осы мәселелер толық шешілсе, онда қазақ жастарының, қазақ харқының санын өсіруіне толық ықпалы   тиер еді.

Қазақ халқының ұрпағының өсіп-өнуі және өшіп-өлуіне деген жауапкершілік Қазақстан мемлекетінің басты идеологиясына айналуы керек, мемлекетті мемлекетіне қарап емес, ұлттылығына қарап анықтаған. Қазақ халқының үлес салмағын оңтүстік региондағы бес облыстар — Атырау, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы-белгілеп отыр. Осы облыстар Қазақстандағы тууған барлық балалардың тең жартысынан артығын береді. Туған баланың ең көп саны Оңтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиеді, ал Солтүстік Қазақстан Облысының қазақтар үлес салмағы — 15,2%, Қостанай облысы — 22,9%, Павлодар-28,5%, Көкшетау-28,9% құрайды.

Республика бойынша қазақ ұлтының үлес салмағы — 57% жетті, ал тарих деректеріне жүгінсек, қазақ халқы 1897 жылы-81,8% құраған. Ресей отаршылық саясатының нәтижесінде 1959 жылы қазақ халқы өз жерінде үлес салмағы 30% төмендеп кетті. Қазақ халқының демографиялық өмірбаяны өте ауыр, сол себептен бізге белсенді демографиялық саясат қажет. Демографиялық саясат жастарға, өсім бере алатын ауыл халқына оңтүстік региондағы бес облысқа арнаулы тиіс.

Табиғи өсімі жақсы облыстардың (ОҚО, Ақтөбе, Жамбыл, Астана қаласы)-қазақ халқының үлес салмағы басымды екені айқын. Ал қазақ халқының ұлттық менталитеті, демографиялық мінез-құлқы, ислам дінінің әсері, ата-бабалардың салт-дәстүрі-баланы қажет ету, баланы сүю, оның санын шектемеу. ОҚО-қазақтар үлес салмағы 66%, Қызылорда-94%, Атырау-89%, Маңғыстау-78%, Ақтөбе-70%. Ал қазақ халқының үлес салмағы аз облыстар: СҚО-29%, Қостанай-3 1%).

Қазақстан-Орталық Азиядағы эмиграция мен депопуляция халқының азаюына әкеліп отырған жалғыз мемлекет. Депопуляция, сондай-ақ халықтың жалпы санының төмендеуі демографиялық болжамдар бойынша жуық арада тоқтамауы мүмкін. Болжамдарға сәйкес бұл процесс тағы 10-15 жылға созылуы мүмкін. Осы аралықта Қазақстан халқының едәуір бөлігін (1,5-2 млн) жоғалтатын болады.

Ол негізінен еуропалық диаспора арқылы жүзеге асады. Еуропалық даиспора 1989 жылы 9 миллионға сәл жетпейтін еді. 1999 ж 6 млн болса, 2020  ж.еуропалық ұлттар 4,5 млн адамды құрайды.

Қазақстанда 1999  жылдың басында тұңғыш ұлттық халық санағы өткізілген болатын. Санақаралық ішінде өткен 10 жыл ішінде Республиканың барлық облыстарында, әсіресе Солтүстік облыстарда халықтың көшіп кетуі кеңінен байқалды. Тек қана Оңтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарында оралмандар мен жергілікті халықтың табиғи өсімінің арқасында халықтың өсімі сақталып қалды. 1993 жылдың басымен салыстырғанда 9 жыл ішінде 2млнға жуық адам тысқары жерлерге қоныс аударған. Бұл әрине кейбір ұлт өкілдерінің өздерінің табиғи отанына оралуымен тікелей байланысты. Нақтырақ айта кетсек, шетелдерге, әсіресе жақын елдерге көшіп кету соңғы жылдары үдей түсті:1994 ж-410 мың, 1995 ж-238  мың, 1996 ж-176 мың, 1992 ж-270 мың, 1998 ж-200 мың жалпы еліміз егемендік жариялаған соңғы жылдары-2,1-2,3млн астам адам біржолата көшіп кетті.

Өткен ширек ғасырда 1967-92 жылдары Қазақстаннан 1,5 млн адам кеткен болса, 1992 ж-2000 ж. Осы мерзім ішінде Қазақстан халқының саны аттай 2,0  млн адамға кеміп, ол 1992   жылы 17  млн болған болса, 2000 жылы ол 14,9 млн дейін төмендеді.

Бұл Қазақстандағы соғыстан кейінгі уақытта бұрын-соңды болмаған кемушілік жағдай. Оны ғылым тілінде депопуляция деп атайды. Сан кемушілік әзірше миграция есебінен болып отыр.

Республикадағы ең басты этностың-қазақ пен орыстың жас мөлшерінің құрылымы жағынан бір-бірімен үлкен айырмашылығы бар. Қазақтар арасында жастар мен балалар жоғары пайызды құрайды. Керісінше орыстар арасында жасы үлкендер басым. 1999  ж санақ бойынша қазақтардың орташа медиандық жасы 23 болса, орташа Арифметикалық жасы 28%-ді құрады. Бұл бойжеткеннің тұрмысқа шығып, жігіттің отау құратын кезі. Алайда көптеген жастар өтпелі кезеңнің қимылдығына тап болып, отбасын құруға асықпайтын қимылға көшті.бұл өз кезегінде демографиялық әулетіне төмендеуіне әкелді.  Яғни онсызда саны аз халықтың өсімін тежеп отыр. Шет елдердегі қандастарымызды елге көшіріп әкелумен демографиялық мәселені шеше алмаймыз. Демографияның басты локомативті бұл табиғи өсім болуда. Халықтың динамикасы мен құрылымы ерекшелігін анықтайтын негізгі элементі туу болып табылады. Қазіргі кезеңде туу мыналармен анықталынады:

-1988 жылдан бастап туу-дың жалпы деңгейінің төмендеуге едәуір қарқыны болды. Тек 1990ж дейінгі төмендеудің жалпы қарқыны 9,3%-ды құрады. Бұл тікелеу әлеуметтік жағдайларға байланысты болды.

-Әйелдердің жас айырмашылығы тікелеу әлеуметтік жағдайларға байланысты болды.

-Әйелдердің жас айырмашылығына сай туу мүмкіндігі  дәрежесінің төмендеуі 30 жастан бастап күрт төмендеуі (1996 жылғы статистикалық мәлімет бойынша әйелдердің 30-34 жас аралығында туу мүмкіндігі 20-24 және 25-29 жастан салыстырғанда төмен болып келеді.)

-Әйелдердің туу мүмкіндігінің тек орыс әйелдері ғана емес, сонымен бірге қазақ әйелдерінің арасындала төмендеуі. Мысалы:1996ж статистикалық мәлімет бойынша Қазақ әйелдерінің туу қабілеті негізінде 35 жасқа дейін аяяқталады (бала тууының әйелдерінің туу қабілеті 30 жасқа таман аяқталады. (Барлық туудың 84,1% 30 жасқа дейінгі амаларға келеді) мұндай тенденция қалаға да, ауылғада тән.

-Жанұядағы бала санының қысқаруы. Орыстар негізінде қалалық қоныстарда екі баламен және ауылда 3 баламен шектеледі. Қазақ әйелі негізінде қалалық қоныстарда үш баламен (90,0%) және ауылда төрт баламен (91,4%) шекелуде.

-Әйелдердің арасында аборттың көбеюі. 1992-93 жылдары Республика бойынша қазақ әйелдері әр жыл сайын орта есеппен 200 мың бала туса, оның есесіне ішке біткен 150 мың шақалақ абортқа ұшыраған, ал 50 мың әйел тумаудың амалын жасап, жатырына “сақиналатқан”.Егер мұндай шектеулерге үзілді-кесілді тиым салынса,ең болмағанда алғашқы түсікке тиым салу керек, себебі бірінші түсік ананың екінші қайта бала көтермеуіне әкеледі. Бұл дегеніміз ананың екінші ана болу бақытынан айрылуы деген сөз. Жыл сайынғы туған балалар саны кемінде 50 мыңға дейін көтеріп тастауға әбден мүмкіндік бар.Зерттеулерге қарасақ жасанды түсіктің саны тірі туылған балалар санынан асып түседі екен.Халық арасында үгіт-насихаттар жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан  жасанды түсік тастау төмендемеуде. Жасанды түсікке қарсы тұрудың жолы бұл исламның кейбір жолдарын жақсы насихаттауымыз керек ислам діні жасанды түсікке қатты  қарсылық көрсетеді оған қатаң тиім салған. Жасанды түсік ересек адамды өлтіргенмен бірдей, оны істеген адам күнәхар саналады.

Эмиграцияның, халықтың табиғи өсімінің, өлім-жетімінің нәтижесінде тұратын шығыс халықтарының үлес салмағының өсуі мен қаладағы еуропалық ұлттардың үлесінің  азаюына әкеліп соқты. Мәселен түркі тектес халықтар 1982 ж 23%-дан 2002 жылы 65 жетті. Алдағы кезеңде, яғни 2010  ж қарай олар барлық Қазақстан халқының төрттен үш бөлігінен астамын құрайтын болады.

Қазақстандағы демографиялық  ақуалдың өзгеріс құрылымының маңыздылығы соншалық, бұл деректердің өздері еліміздегі этнодемографиялық тенденцияны айқындайды. Депопуляция мен көші-қонның  әсерінен еуропалық ұлттар соңғы он жыл ішінде 2,1 млн адамға азайып, шығыс халықтары керісінше 1,6 млн адамға ұлғайған. Халықтың ұлттық-этникалық құрамы күрделі өзгерістерге ұшырады. Егер де қазақ халқыынң өсімі 1488,1 мың адам және 22,9% құраса, ал оның Ресупблика халқының арасындағы үлес салмағы 40,1%-дан 53,4%-ға өсті. Өз кедергінде орыстар-1582,4 мың адамға (26,1%), немістер-593,5 мың адамға (62,7%), украйндар-328,6 мың адамға (7,5%), татарлар-71,7 мың адамға (22,4%), белорустар-66 мың (37,1%) арасында табиғи өсім кеңінен байқалуда. Мыс: Күрдтер-29,1%, дүнгендер-23,3%, ұйғырлар-15,9%, өзбектер-12%-ға сондай-ақ түріктер мен әзербайжандардың да өсуі белең алуда.


Скачать


zharar.kz