Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас

Скачать


Мәшһүр Жүсіп Көпеев әкесі Көпейдің (шын аты — Көпжасар-Л.Ж.) 42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18 жасында, Баянауыл, Қызылтау деген екі таудың Ашамай тасы деген жерінде, қыс түнінде, қыстауға, 1858 жылында, қазақша жыл аты қой деген жылында, арабша ай аты ережеп деген айда, жұма күні, түс бесін уақытында дүниеге келді. Туғанда азан шақырып койылған есімі – Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса – дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған М. Шорманұлы Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: Өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен , — деп лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді.

1858 жылы қыста Көпей керуеншілікте жинаған табысына мал алып, Қызылжардан көшіп келіп, Қызылтауға қоныс тебеді. 1861 жылы Мәшһүр 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, Ақ сирақ болып шығады. Сонда Көпей: Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас , — деп  ұлы Жүсіпті оқуға беріп, ол Баянауыл медресесінде Қамар (Хамариддин) хазіреттен білім алып, оқуын жалғастырып, 1872-1874 ж. Бұхарадағы Көкілташ медресесінде орта ғасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгереді. Еліне оралған соң екі жылдай (1833-1886) өз ауылында балаларды оқытып табыс табады. Тұрмысы түзелген Мәшһүр 1887, 1885, 1907 ж. Үш мәрте Түркістан, Ташкент, Бұхара, Самарқанд қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтады.

Орта Азия қалаларына шеккен сапарларының тағы бір құнды нәтижесі – сол өңірлердегі тарихи әңгіме, аңыз, шежіре сөздерінің жазылып алынуы. Мәшһүрдің өзі дерек жинастыру қызметін ерте кезден бастағаны білінеді. Ә. Марғұлан хаты бойынша, Ер Олжабай батыр жырын Мәшһүр Жүсіп 7 жасар бала кезінде 1865 ж. Сақау ақынның айтуынан жазып алған. Бұған ұстазы Қамар хазіреттің де ел арасынан қисса дастандары қазақ бетіне түсіруі әсер еткен. 1887 ж. Бұхар сапарының барар жолында Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи, Ташкенттегі Зеңгі Ата кесенелерін көріп, қайтар жолында Шу мен Сырдария, Ұлытау, Кішітауды, Есіл мен Нұраны асықпай аралап сапар шегеді.

Мәшһүр Жүсіп  патша манифесінің арқасында 3 бірдей кітабын ( Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз , Хал-ахуал , Сарыарқаның кімдікі екендігі ) 1907 ж. жарық бетке шығарып үлгереді.

Ғалым бұл мезгілде саяси-қоғамдық өмірмен байланысын үзіп, ақындықпен қош айтысып, Қазақ түбі үлгілерін (XX ғ. 20 жылдары) құрастырып жинақтай бастайды. Саяси күрестің шиеленіскен жағдайда өтуіне бір мысал, 1921 ж. ортаншы баласы Әмен Ташкентте қайтыс болып, әкесі Мәшһүр Жүсіп көтерілісші қазақ жастарының тобына кездесіп, солардың ескертуінен соң Ташкентке бармай орта жолда қайтып оралуға мәжбүр болады.

1931 жылы Мәшһүр Жүсіптің қаза болған туралы хабар ел арасына жетеді.


Скачать


zharar.kz