Әлихан Бөкейханның 1916 жыл тұсындағы қызметi туралы қазақша реферат
1916 жылдың 15 ғыркүйегiнен бастап 19-31 жас арасындағы қазақ жiгiттерi майдан жұмысына алына бастайды. Сол күндердің куәсi болған кiсiлердің көрсетуiне қарағанда, үлкендi-кiшiлi қалаларды аттанып бара жатқан жiгiттердi шықарып салуға ере келгендер лық толтырған. Сондай куәлердің бiрi: алынған жiгiттердi жөнелтерде жер қайысқан адам – еркек, әйел, у-шу, азан-қазан, жылап-сықтап, кетiп бара жатқан жiгiттердi ендi ол дүниеде жолықтыруға жаза гөр деп, арыздасып, дүниенi күңiренттi, қайғырды, қан жұтты, сарғайды, сандалды, жалғыз қазақтың қана басына ақырзаман туғандай болды,- деп жазды. Бұл бұрын мұндай iстiң не екенiн бiлмеген, азаматтарын алып жатқан мемлекеттiң өзiне қамқорлық жасағанын ешуақытта көрмеген, сондықтан да оынң iстеген iсiне жаулық деп қарайтын қарапайым, панасыз, момақан, жетiм жүрттың күйiн кешiрдi.
1916 жылғы 25 маусым жарлығынан кейiнгi уақытта шын мәнiнде бүкілелдiк ұйымдастырушы орталыққа және қоғамдық пiкiр қалыптастырушы құралға айналған Қазақ газетi, 22 қазан күнгi бас мақаласында жұмыскер жағдайының мәселесi бiздің қазақ сияқты, қанаттасып-ұштасып iс қылып, көрмеген жүртқа оңай мәселе емес.
…Ә.Бөкейханов осы жолы Земскi одағы Бас комитетiнің төрағасы князь Львовпен болған келiссөздер нәтижесiнде майдан жұмысына алынған бұратана жұмысшылармен жұмыс үшін бұратана бөлiмiн ашу жөнiнде келiсiмге келдi. Ол бөлiмге мынадай мiндеттер жүктелген едi.
Қазақ, өзбек, қырғыз, буряттар алынған жерлерде тамақ беретiн, ауру-сырқауларын қарайтын орындар ашу болды. Мұндай орындар бұратана жiгiттерi өтетiн жолдарда, темiр жол станцияларында ашылмақ болды.
Жұмысшылар орналасқан жерлерде жоғарыда аталған iстерден басқа түрлi қажеттерiн өтейтiн жұмыстарды ұйымдастыру.
Қазақ даласында, Түркістанда бурят жерiнде түрған жұрттардан өзiне көмекшiлер сайлап жұмысшыларға тамақ, киiм, жылқы, қой етi, iрiмшiк, құрт, шекпен, терi шалбар, тон, тымақ, киiз сатып алу, артында қалқан туған-туыстармен бiрiгiп кеткен жiгiттердің арасына хат-хабар жетiкiзiп түру.
Бұл Земскi Союз бастаған жақсы қызметтi, — деп жазды Бөкейханов, — атқаруға бiзден, қазақ баласынан зор қызмет керек.
Ә.Бөкейханов бастаған бұратана бөлiмi өзiнің Мәскеу, Минск, және Киев сияқты қалалардағы Земскi және қалалық одақ комитеттерiнде жасаған баяндамаларында, Үкімет орындарында болған қабылдауларда, түрлi өтiнiш хаттарында жiгiттердің бiрқалыпты жұмыс жасауына қажет шараларды қарастырып отырған болатын. Мәселен, Мәскеу Земскi және қалалық одағында бұратана бөлiмi атынан жасалған баяндамада билiк орындарында жiгiттердің тұрмысына байланысты 10 тармақтан тұратын өтiнiш айтылған болатын.
Бұратана бөлiмi үшін ең үлкен мәселеге айналған жұмысшыларға дәрiгерлiк көмек көрсету әрi ұйымдастыру iсi болды.
Ә.Бөкейханов Қазаққа жазған хатында Майданда науқастанған жiгiттердi земскi союздың майданындағы ауруханаларына жiберiлдi. Онда докторлар, фельдшерлер қазақша, ал ауырған жiгiттер орысша тiл бiлмеген едi. Бiр өкiнiштiсi сол, Ә.Бөкейхановтың қазақ дәрiгерлерiне арнаған үнi Том қаласындағы дәрiгер Әбубәкiр Алдияровтың қана құлағына жетiп отырған болатын едi. Ол М.Дулатовпен бiрге Минскiге наурыз айының басында келiп жетедi. Аз уақыттың iшiнде оның майдан жұмысындағы қазақ жiгiттерiне жасаған дәрiгерлiк қызметi аса елеулi болған едi. Ол жөнiнде Минскi жанындағы 9-дружина жiгiттерiнің атынан Нығметтолла Қайымекеұлы Қазаққа Доктор Әбубәкiр Алдияров жақсы қарап, көп пайдасы тиiп тұрған болатын. Бауырларына ерiнбей еткен қызметi үшін тәңiр жарылқасын айтамыз, — деп жазды.
1917 жылы 28 шiлдеде Минскiдегi бұратан бөлiмi өз жұмысын тоқтатады. Минскiдегi бұратана бөлiмi жабылып қалды. Iстiң бәрiн земсоюздың контрольный бөлiмiндегi бұратана столына тапсырдық. Аурулар, өлгендер қәм ақшасы тимеген жiгiттер жайынан сол контрольный бөлiмнен мағлұмат сұрау керек, деп, оның адресiн хабарлайды бөлiмнің бастығы А.Кенжин. Бiрақ бұратана бөлiмi қарауына қызметке барҚан қазақ зиялыларының ең соңынан қайтқаны А.Кендин емес едi. А.Кенжин осы хабарында Сейiл Жиенбаевқа рұқсат әперiп Орша, Смоленск, Вязьма, Орел, Пенза, Сызран, Самар қәм басқа сондай қалаларға жiбердiк, ауру қәм өлген жiгiттер жайынан мағлұмат жинауға қәм әр жерде қалған жiгiттердi бiр белгiлi орынға жинап, елiне қайтаруға деген мәлiметтердi келтiрiп отырады.
Осылайша, 1917 жылдың шiлдесiнің соңы тамызының басында майдандағы жұмысқа алынған жiгiттердің соңынан оларға қызмет көрсету Үшін барған қазақ зиялылары, тарихының азаматтық ерлiкке толы бiр кезеңi аяқталған едi. Бұл шын мәнiнде де, елдiк үшін, сол елдiктiң ертеңi Үшін болған аласапыран күрестің жарқын көрiнiстерi болатын едi. Оның басында Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов басқарған Қазақ газетi болды.