Енді материалды жинап, жүйелеу керек

Скачать


Енді материалды жинап, жүйелеу керек.Жұмысты құру керек.  Тақырып пен келесі кезең бір бірімен қиылысады: бір жағынан материалдар тақырыпты іздегенде кездесті; екінші жағынан, осы тақырыпқа байланысты іздеген материалдар болашақ тақырыптарды тудырады. Сондықтан материалды іздеген кезде, оны осы тақырыпқа келмесе де тыс тастамау керек, келесі жолы керек болады; қандай да қызықты материалдар болса да оны жинап, жеке жазып отыру керек, келесі жаңа жұмысқа керек болады…

Материалды жинау бастауы, арнайы әдебиетті зертеу, тақырыпқа қатысты оқу болып табылады. Ашылған нәрсені ашу болмасын, олар ертеде дәлелденді. Сондықтан, әдебиетті зерттеу кезінде, берілген сұраққа тағы қандай жұмыстар бар, біріншіден керекті кіпатардың, мақалалардың библиографиялық тізімін жасау, құру…

Дәптерге жазбай, карточкаға жазған жөн: әрбір фактіні, байқауды, ойды, салыстыруды, қайдан алынды, авторы кім, қайдан алған цитата, анық жазып отырғаны жөн…

Цитатадан көрі өзіңнің ойыңды, байқауыңды қысқаша жазып отырған жөн, жоба бейнелеуін, қысқартылған белгілер мен таңбалармен және т.с.с.; өсы кезде авторға ғана белгілі таңбалармен, өзі ғана еске түсіретіндей, ал әдебиет түрінде жазу кейінге қалтыру…

Нақты жоспар құру керек: тақырыбы, оған сәйкес ұғымдар; жұмысының болжам мазмұнын құру (олар жұмыс бабында өзгеріп отырады, кейін тақырыбын нақты ашатындай болып өзгереді); тақырыпқа байланысты көптеген ғалымдардың еңбектерін қарап, керекті авторлардың жұмыстары тақырыпқа жақын болса, олардың тізімін жасап, әдебиетті табу керек; басқадай ізденіс жұмысының материалдары тақырыпқа келмесе де, олар кейінгі жұмыста керек болады; тақырыпқа байланысты ізденіс жұмысы белсенді, қарқынды бола тұра сіздің салаңыз нәтижелі болады.


Скачать


zharar.kz