1946 - 1953 жылдардағы Ұлтшылдықпен күрес науқаны туралы қазақша реферат

Скачать


1946-1953 жылдардағы Ұлтшылдықпен күрес науқаны туралы қазақша реферат

            Өткен күнде белгі бар , — дейді халық даналығы. Санада қалған қазақ баспасөзінің тарихы – ел тарихы, халқымыздың басынан өткен кезеңдерін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізген қазыналардың бірі. Сондықтан оқырманның ой мәйегіне айналған газет тарихының сарғайған парақтарына көз жүгірте отырып, қоғам дамуына байланысты өмірлік көзқарастарын кездестіреміз.



           XYIII – XX ғасырлардағы Ресей империясының отарлық және одан кейінгі Қызыл империяның саясаты сол кезеңнің өзінде шет мемлекеттерде төртінші билік болып есептелетін баспасөз, яғни бұқаралық ақпарат – құралдарына әсерін тигізді.  Соның бір көрінісі төртінші бесжылдық соңында 1949 жылы қайта жаңғырған Ұлтшылдық сарынға қарсы күрес болып табылады.

Бұл – турасын айтсақ, 1937 – 1938 жылғы нәубеттің жалғасы. Ұлтщылдыққа қатысы бар деген адамдарды жазалаудың түрлі жолдары қолданылады. Алдымен 1950 жылдардың басында қазақ тарихы, әдеиеті мен мәдениеті сынға алынады.

Мәселен, 1951 жылы 28 қыркүйекте Казахстанская правда газетінде Мұқан Төлебаевтың Қазақстан музыкасындағы бұрыс бағыт туралы , деген мақаласы жариялаенды. Бұл сын ахмет Жұбановтың Қазақ сазгерлерінің  өмірі мен шығармашылығы атты тұңғыш зерттеу – монографиясына қарсы бағытталды. Мұнда, бұрынғы сынау шегінен асқан автор  А.Жұбановты буржуазияшыл – ұлтшылдығы, панисламист және пантюркистігі үшін айыптады.

Осыған орай Ахмет Жұбановтың мәселесә ғана қаралып, оған әр шешен өз атынан жаңа теңдеу табуға тырысқан. Ал келесі кезек қазақ әдебиетінің мақтанышы – Мұхтар Әуезовқа келді. Бұл науқан қазақ мәдениетінің, оның өкілдерін жоққа шығапуға бағыттал- ды. Олар М.Әуезов ірге тасын қалаған“Абайдың поэтикалық мектебін”, осы тақырыпқа алғаш диссертация қорғаған Қайым Мұхаммедовтың еңбегін жоққа шығарып,Шәкә рім, Тұрағұлдары буржуазияшыл-ұлтшылдардың қатарына қосты.

1951жылы11қазанда идеология“қайраткерлері” тағы да “Казахстанская правданың” беделіне сүйеніп, жаңа бір бастаманың ұштығын шығарды. “Қазақ батырлық эпосын зерт- теудегі қателіктерге қарап”, деп аталатын мақалада газет “біртұтас ағым” теориясын сы -нап, ауыз әдебиетін “таптық күрес” тұрғысынан қарастыруды талап етті. Оған 1944 жылы ВКП(б) Орталық Комитеті Татарстанда феодалдық пиғылда “Едіге” жырын әшкере- леген қаулы негіз болды.Сөйтіп,газет оқырмандар арасында қазақ эпостарына қарсы идеология- лық ой-пікір туғызуға тырысты. Ал фальклор зерттеушілері М.Әуезов,Қ.Жұмалиев,М.Ғаб- дуллин, буржуазияшыл-ұлтшылдықтары үшін сыналады.

1950 жылы 26 желтоқсанда “Правда” газеті кқтерген ұлтшылдыққа қарсы науқан- дардың төресі 1951 жылдың 16-17 қазанда Қазақстан Орталық КомитетініңҮІІІ пленумын- да хатшы Ж.Шаяхметовтың баяндамасы болды. Ол өзінің 1944 жылы Абылай,Кенесары, Наурызбайларды қазақ батырлары санатына қосқанына өкініш білдірді.Бірақ қанша ақтал- ғанымен хатшының өзі де сыналды.Себебі,тізімі таяз болса да сол кездегі обком хатшыла- рының бірі Жанбаев қоғамның ағымын, партияның бағытын түсінетін көреген саясаткер әрі ғалымдар мен Орталық Комитет хатшыларының үлкен сыншысы болып шықты.

Бұдан кейін қазақ антеллегенциясының көрнекті өкілдерінің үстінен жеке іс қозғал- ды. Енді нысанаға республика ғылымының мақтанышы акадкмик Қаныш Сәтбаев ілікті. Жоғарыда айтылған ҮІІІ пленумда Ж.Шаяхметов, одан бұрынғы Орталық Комитетінің 10 тамыздағы “Вестник” және “Известия” журналдарына байланысты қаулысында Ғылым академиясының президенті Қ.Сәтпаев тарихшы Бекмахановқа қамқорлығы үшін, буржуа- зияшыл-ұлтшылдары уақытында әшкерелемегені үшін айыпталды. Ал, “Казахстанская правда” газеті болса, мұны “партия мүшелерінің халықтың үніне құлақ аспауы”, деп тұжырымдары. Сондай-ақ, белгілі ғылым, педогог, психолог, Қазақ мемлекеттік Универ- ситетінің редакторы Т.Тәжібаев та бұрын саяси айыптар тағылып академиядан қуылған адамдарды университетке қызметке алғаны үшін, әсіресе Бекмахановты қолдағаны үшін сыналды.  Тек,1954 жылдың көктеміне  кейін ғана Қазақстанның ғылымы мен мәдениетіне төн- ген қара төнектің бұлты ыдырап, саяси науқан бәсеңси бастады.


Скачать


zharar.kz