Дүниежүзілік сауда ұйымының пайда болуы туралы қазақша реферат

Скачать

Дүниежүзілік сауда ұйымының пайда болуы туралы қазақша реферат

         Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан Уругвай кезеңінен бастап жұмыс істей бастады. Ол  екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жасалған Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) жалғасы болып табылады. ГАТТ механизмі саду дамуының қазіргі уақыттағы кезеңі үшін жетілдіріліп, жаңартылған болатын. Оған қоса, ГАТТ жүйесі, халықаралық ұйым бола тұрып шындығында бұл мәртебеге ие болған жоқ, ал Дүниежүзілік Сауда Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің арнайы мекемесінің заңды мәртебесіне ие блды. Алғашқы кезеңде Дүниежүзілік Сауда Ұйымына 77 мемлекет кірсе, 2008 жылғы қазан айына байланысты соңғы мәлімет бойынша оған 153 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина(соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. Ол мүше елдердің санына қарай халықаралық ұйымдардың арасында Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіретін елдердің үлесі әлемдіктауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. ЖәнеҚазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие. Ұйымның соңғы мәліметтер бойынша 169 миллион швейцариялық франк шамамен 90 миллион АҚШ доллары. Бас штабының орналасқан жері Швейцария мемлекеті, Женева қаласы. Ұйымда 500 штатты жұмыскер қызмет етеді. Ол бас директормен басқарылады.


Скачать


zharar.kz