ЖОСПАР
Кіріспе. 2
І. Негізгі басқару функцияларының сипаттамалары.. 3
1. Жоспарлау функциясы.. 3
2. Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде. 3
3. Ынталандыру басқару функциясы ретінде. 9
4. Бақылау басқару функциясы ретінде. 14
Қорытынды.. 23
Пайдаланылған әдебиеттер. 24
Кіріспе
Шетел ғалымдары кәсіпорынды басқару мәселелерін арнайы пәнге шығарып, Менеджмент деп атады. Менеджер – басқарушы, менеждмент – басқару.
Бұрын біздің елде инженерлік негізгі білімін жақсы үйретіп, экономиканы басқару білімдеріне көп көңіл бөлмейтін. Осы пәндерден инженер жұмыс уақытында қателесіп, сүрініп білім алатын.
Қазіргі инженер жаңа техниканы, технологияны үйренумен қатар кәсіпорынды басқару әдістерін, әсіресе нарықты жағдайында, білу керек. Басқару деңгейіне орай менеджерлерді үш топқа бөлуге болады: төменгі, орташа және жоғары сатыдағы менеджерлер. Төменгі менеджерлер – бұл бір топ адамдардың немесе бөлімдердің бастықтары. Жоғары сатыдағы менеджерлерге компаниялардың бастықтары жатады. Орта сатыдағы менеджерлер – бұл цехтардың бастықтары.
Жалпы айтқанда, менеджмент процесін төрт функцияға бөлуге болады:
а) ұйымдастыру
б) жоспарлау
в) ынталандыру
г) бақылау.
Менің жұмысымның тақырыбы осы функциялар туралы болмақ. Бұлар жайында қысқаша тоқталып өтсем деймін, сонан кейін жұмыстың барысында бұл функцияларды аша көрсетпекпін.
Басқару функциясы – бұл ұжымға тиімді жұмыс істеткізу. Басқаруға мынадай негізгі жұмыстар кіреді: тапсырма беру, сол тапсырманы қалай жасауын көрсету, жұмысты бақылау, жұмыскерлердің еңбегін қабылдау, бағалау, қателерін түзету. Басқару функциясын атқарғанда, жұмысты жақсы істеткізу үшін барлық амалдарды іске кіргізу керек.
Сонда бастық өзі жұмысты қалай істейтінді, қалай еңбекке қарайтынды үлгі көрсету керек. Жұмыс істегенде кезегімен бақылау өткізілу керек.
Ұйымдастыру функциясы – бұл еңбек пен түрлі ресурстарды қосып, жоспарланған бұйымды шығару немесе қызмет ету.
Жоспарлау және болжау – бұл алдын-ала кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін және қортындысын бекіту. Төменгі менеджер оперативтік (жылғы), ортадағы менеджер – тактикалық (орта жылғы), жоғарғы менеджер стратегиялық (көпжылдық) жоспарлауды жүзеге асырады.
Ынталандыру функциясы – бұл өзінің қарамағындағы адамдарды түрлі жолдармен жұмысты жылдам әрі дұрыс істеуге ынталандыра алу.
Бақылау – бұл бекітілген тапсырманы қалай орындағанын тексеру. Бақылау жоспарлау мәселелерімен тіке байланысты. Бақылау қатал болса, өндірістің бағдарламасынан айырмашылығы ерте көрінеді. Ерте табылған айырмашылықты немесе қателікті жіберілмей тез түзетеді.
курстық жұмыс 24 бет