Караханид мемлекетіндегі негізгі әлеуметтік - саяси институт әскери лендік жүйеболды

Скачать


Қазақстан территориясындағы салық пен салық салу дамуының өзіндік, спецификалық теориясы бар. Бұл Карл Маркстың, көшпелі тайпалар мен халықтардың отырықшыларға қарағанда меншік, айырбас және ақша қатынасы ерте дамиды деген белгілі ережесімен байлынысты.
Жеке меншіктің пайда болуы мен жерді жеке меншікке иеленудің қалыптасуы туралы б. Э, д. 1 мыңжылдықтан сақталған материалдық (қабір, тиындар) және жазбаша түрдегі мәліметтер бар.
  Ерте орта ғасырдағы мемлекеттердің (Батыс Түрік және Түргеш Қағанаты) дамуы кезеңінде жеке меншіктің пайда болу салдары ретіндегі борыштылық мәселелері жазбаша мәліметтерде кеңінен қамтылған. Борыштылықтың негізгі түрі әскери жазбаша мәліметтерде кеңінен қамтылған. Борыштылықтың негізгі түрі әскери борыштылық ( басқаша қан салығы) болды. Бұл кезде вассал тайпаларының барлық еркек- жауынгерлері сюзерена тайпасының құрамына кірді. Олар алым төлеу арқылы бағынды. Бағындырылған құралдардан, әскери кезеңде тұтқындалған адамдардан құлдар категориясы қалыптасты. Алайда раб-нул терминін классикалық түрде түсінбеу керек. Құл- тайпалар вассал тайпалар, олар сюзерен- тайпаларға елтірі, аң терісі түрінде алым- салық төлеуге міндетті болды.
Кейінгі орта ғасырдың дамуы кезеңінде (X-XIY) феодалдық негізде орналған және басқа мемлекеттерге экономикалық, әлеуметтік жағынан ұқсамаған Қараханидтер қағанатының мемлекеттік- әкімшілік жүйесі қызық түрде болды.
Караханид мемлекетіндегі негізгі әлеуметтік- саяси институт әскери лендік жүйеболды. Хандар өз туыстары мен жақындарына аудан, облыс және қала халықтарынан бұған дейін мемлекет пайдасына түскен салық алу құқығын алып беріп отырды. Бұл қағида инта деп аталды,ал оны ұстанушы адам мукта (араб термині) немесе иктарар (парсы термині) деп аталды.
Иктаның Қазақстан территориясында жайылуы туралы дерекнамаларда тек жанама мәліметтер сақталған. Қазақстанның онтүстік және оңтүстік-шығыс өңірінің шаруашылық және саяси өмірінде икта институты маңызды роль атқарды. Низам-Әл-Мүлканың айтуынша, Мукта заңды түрде өзіне жүктелген алым- салықты халықтан жинауы керек, алым салық төленгеннен кейін халық, оның мүлкі, әйел мен бала, олардың заттары мен иеліктері қауіпсіздікте болғай .
Сонымен, икта институты (дерді иелену түрі) шаруалардың иктаратқа заңды рәсімделген түрде тіркелуін алдын ала ескермейді, әйтсе де иктадарлардың жүйелі табыс алуын қамтамасыз ете отырып, икта ұстанушының белгілі жерде үнемі тұрақтануын талап етпейді.
Көшпелі иктадар өмірін өз бетінше жалғастырып, табысты жергілікті халықтан және қаладан ауылшаруашылық табысы түрінде жүйелі алып отырды.
Иктаны иеленушілер алым- салық алуды ғана емес, сонымен қатар жер мен салық салынатын шаруаларды өз қарамағына алып, феодалдардың жерге деген құқығының кеңеюінде феодалдық жер меншігін нығайту және табыс алу құқығын жер рентасын алу құқығына айналдыру тенденциясы жатыр.
Иктамен қатар жерді иеленудің басқа да түрлері болды. Қараханид басшылары қазынаға салық түсімі ретінде және шартты, уақытша жер беру қоры болып салынған үлкен жер учаскілерін иеленген. Бұл карахан династиясының жауларынан конфискеленген, сонымен қатар кейде мемлекетпен алынған жерлер болды. Мұсылман дін басыларының ірі жерлерді иеленумен қатар негізгі материалдық базасы вакфтық жерлер болды. Вакфтық жерлерден мемлекет пайдасы үшін салық алынбады. Орта Азиядағыдай, Онтүстік және Онтүстік-шығыс Қазақстанның отырықшы егіншілік жерлерінде эксплуатацияның бір түрі үлестестік болды. Парсы – тәжік дерекнамаларында үлескерлерді музари немесе барзигар деп атады.


Скачать


zharar.kz