Алтын қоры

Скачать

Тағайындалатын валюта бағамы туралы қазақша реферат

             Тағайындалатын валюта бағамы әдісі. Бұл тәсіл жоғарыда қарастырған тәсілге қарама-қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валютаның еркін айналуын тұрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда (1-сурет) валюта жетіспеушілігі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жоюы керек. Осы мәселе тағайындалатын валюта бағамының ең күрделі сұрақтарының бірі. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады және олар қазіргі замандағы барлық елдерде қолданыла алады:

•   Резервтерді қолдану. Бұл валюта бағамын тұрақтандырудың ең бір жеңіл тәсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен әсер ету механизмі. Ал валю-та қоры қалай жиналады? Мысал қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң салъдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды. Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бүл төсілдің тиімсіз жағы: егерде теріс саль-до ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бұл саясаттан бас тартуға мәжбүр болады.

•     Сауда саясаты. Ол мемлекеттің бағамды бір қа-лыпта үстау мақсатындагы импортты (яғни шет ел ва-лютасына деген сүранысты) шектеу, керісінше экспортты (өз валютасына деген сұранысты) ынталандыру саясаты. Импортты квота, қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бүл қолдан жасалған шек-теулер экономиканың дамуына кедергі жасайды.

•    Валюталык, бақылау; оцтайландыру. Тағы да бір балама валюталық бақылау. Оның мәні келесіде: мемле-кет езінің шетке тауар шығарушыларына (экспорттау-шыларына)   шетсл   валютасын  тапсыруға   міндеттейді. Алынган азын-аулақ шетел  валютасын импорттаушы-ларға бөліп береді. Сонда импорт көлемін елдің экспорт көлеміне байланысты етеді. Бүл жүйенің келесідей кем-шіліктері бар:

—    сауданың бүзылуы;

—    кемсітушілік;

—    таңдаманың шектеулілігі;

—    Қара базар.

•    Ішкі макроэкономшалык, реттеулер. Салық жөне ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сүранысты азайтады.

Енді валюталық бағамдарға келетін болсақ, соңғы жылдары валюталық бағамдардың үш түрі қолданылады:

•    Алтын стандарт.   1879  —   1934 жылдар  аралы-гында өлемде ажын стандарт атты жүйе қолданылды. Оның барысы мен қүлдырауы тағайындалатын валюта бағамының   барлық   жақсы   және   жаман   жақтарын көрсетеді.

Ақшаның алтын стандартталуы болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп саналды:

1)    үлттық валютаның қүрамындагы алтын салмағын белгілеу қажет;

2)    алтын қоры мен ішкі ақша көлемі арасында тепе-теңдік қажет;

3)алтынның  экспорты  мен  импортына  кедергі болмау қажет.

Әр сл валютасыидагы алтын құрамын өзі тағайыидайды және алтын салмағының қатынасы валюталық бағамды білдірді. Мысалы, АҚШ-тың доллары = 25 грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.

Бұл жерде алтындық қатынасты есептегенде біз орауыштың құнын, тасымалдау шығындарын, сақтандыру шыгындарын есептемейміз. Бірақ бұл шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға бұндай шығындарды 3 цент деп есептейік. Бұндай жағдайда америкалықтар бір фунт үшін 2,03 доллар төлейді. Бұл жағдайдан бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады. Бұл нүктені алтынның экспорттық нүктесі деп атайды.

Алтын Америкаға ағылу үшін бағам 1,97-ге дейін түсуі керек. Бұл бағамнан төмен бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағылады. Ал бұл нүкте алтынның импорттық нүктесі деп аталады.

Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Фунт пен доллардың тепе-тендік жағдайы 1-су-реттегі сұраныс  пен  ұсыныс  жағдайындай  болсын. Белгілі бір себептердің әсерінен британдық фунтқа сұ-раныс артсын (ІУ қисығына дейін). Соның нәтижесінде Америка үшін бағам алтынның экспорттық нүктелерінен артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын. Алтын стандартының алғашқы заңына сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең болып, Америкада ақша келемі қысқарады, ал Британияда ақша көлемі керісінше үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты азайтады және оның нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы найыздық мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді.Ал Британияда керісінше жалпы сұраныс деңгейінің, ұлттық табыс деңгейінің, жұмыс істеушілер санының, баға деңгейінің өсуі байқалады. Ал банктік несие-нің пайыздық мөлшерлемесі керісінше төмендейді. Осыдан барып фунтке деген сұраныс төмендеп, керісіншіе долларға деген сұраныс артады. Себебі арзан америкалық тауарлар британдықтардың салыстырмалы қымбат тауарларынан тиімді көрініп, доллар қажет бола бастайды және үлкен пайыздық мөлшерлеме инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Осындай себептерден фунтқа деген сұраныс қайтадан (D) нүктесіне түседі. Бұл жүйенің нашар жағы: жұмыссыздық деңгейінің өсуі, жалпы сұраныс деңгейінің төмендеу жағдайына ұшырауы. Төлем баланысы жагымсыз болган жағдайда елдегі алтын басқа елдерге көшуінен туындайтын жоғарыда айтылған жағдайлардың әсерінен ел экономикасының құлдырау қаупі бар.

Бретгон-Вуд валюталық жүйесі. 1944 жылы АҚШ-тың Нью-Хэмпшир штатының Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық басқосуда (саммитте) әсер етілетін байланған валюталық бағам жүйесі туралы келісімге қол қойылды. Жаңа жүйе алтын стандарттың тиімді жақтарымен оның келеңсіз әсерін жоятын жүйе болуы керек. Ол конференцияда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды. Ол бүл жүйені қадағалау мен оған әсер ету қызметін 1971 жылға дейін жүргізіп келді.

Бұл жүйенің пайда болуына не әсер етті? Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың бәсекелестік мүмкіндігін жақсарту мақсатында девальвацияға (ақшаның құнсыздануына) ұшыратты. Себебі ел валютасы басқа валюталарға қарағавда арзан болса, онда тауарлары да арзан болады. Мысалы, а және б елдері бар және а елі өз валютасының құнын б елінің валютасына қараганда арзан етіп, өзінің тауарларына сұранысты үлкейтті. Соның нәтижесінде таза экспорт ұлғайып, елдің өндіріс көлемі мен жұмыс орындары арта түсті. Бірақ өнімде а және б елдері жалгыз емес және олардың көбі өзін а елінің жағдайына жеткізгісі келеда. Сондықтан бұл жүйенің ең басты мақсаты ~ дүние жүзіндегі валюта бағамының тұрақтылығын сақтау болды. Әр ел өзінің ұлттық валютасын алтынмен немесе доллармен бағалап, оның тұрақтылығын сақтауға міндетті болды. Бағамды ХВҚ-ның рұқсатынсыз (10%-ға ғана) өзгертуге мүмкіндік берілда. Валюта бағамын өзгертпей ұстауға алтынның немесе басқа да қордың болуы қажет. Себебі теріс баланс кезінде елдең шетел валютасына қажеттілігі 1-суреттен көріп отырғанымыздай АВ кесіңдісін құрайды. Сол кесіндіні толтыру, яғни валютаны қалыпты бағамда ұстау келесі көздерден жүргізіледі:

1)  Қорлар. Алдыңғы жылдарда қалыптасқан оң сауда балансының кемегімен жиналған шетел валютасының қоры. Басқаша айтқанда көмекші қор;

2)  Алтын қоры. Елдің үкіметі өзінің алтын қорын қажет елдің валютасына сатып, оны өз елінің валютасына жәрдем ретінде қолдануы;

3) ХВҚ-дан қарыз алу. Бреттон-Вуд валюталық жүйесіне енген әр ел өзінің ЖҰӨ-іне, халық санына, сауда көлеміне байланысты жыл сайын төлем жасап түруы келісілген еді. Сол төлемдерден жиналған қордан әр ел өзіне қажетті мөлшерде қарыз алуға, оны өз валютасымен қайтаруға құқығы бар. Олардан алынған шетел валютасы ішкі нарықта сатылып, қосымша ұсыныс қалыптастырады.

Бұл жүйенің кемшілігі бар. Егерде елдің салъдосы оң, теріс болып өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы тиімділік екінші жылдағы шығындарды жабады. Ал теріс салъдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры таусылып қалады немесе қарыз алуға мәжбұр болады.

Бұл жүйеге алтын стандарты мен еркін баға жүйелерінің жақсы жақтары тән. Ол тұрақты валюта бағамын Қамтамасыз етіп әлемдік сауданы ынталандырады. ХВҚ-ның көмегімен валюта бағамын тұрақты ұстап тұруда Қиыншылықтарға ұшырамауын қамтамасыз етті.

Бұл жүйе неге жойылып кетті? Оның себебі бұл жүйеде халықаралық валюта ретінде алтын немесе доллар қолданылуы қажет болды. Алтынды қолдану көптеген қиыншылықтар тудырғандықтан доллар баршаға танымал дүниежүзілік валютаға айналды. Оған келесі жағдайлар әсер етті:

1.АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы ең сау ел болып шықты.

2.Алтынның үлкен қорын құрап алды.

Осы себептерден доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша рөлін атқарды. Доллар бүл рөлді атқару үшін ең алдымен алтынға тұрақты бағаммен жеңіл аударылуы керек. Сондықтан да доллар Бреттон-Вуд жүйесінің ортақ ақша рөлін, онымен бірге жалпы жүйенің тіршілігін жойды. Ол Американың бірнеше жылдар бойы теріс сальдоны иемденіп, одан шығу жол-дарын таба алмауынан 1971 ж. 15 тамызда доллардың алтынға айналғыштығын (37 жыл бойы 35 доллар 1 унция алтынға тең болды) тоқтатты.

3.Бұл жүйені реттеулі ауытқулы валютаның еркін айналымы деп атаған дұрыс болады. Қалыпты валюта еркін айналуы кейбір кезде Орталық банк интервенция жасау арқылы ауытқуларды реттеп, елдің саясатын көздейді. Ел экономикасының өзгеруі еркін айналуды реттеуді қажет етеді. Ал тапшылық немесе артықшылық пайда болмауы үшін әдетте бағамға сұраныс пен ұсыныс арақатынасынан қалыптасқан нүктеге дейін еркін өзгеріп, автоматты түрде жоюға мүмкіндік туғызады. Соның нәтижесінде Бреттон-Вуд жүйесіне қарағанда бағам ауытқулары айқын көрінеді (2-сурет). Бірақ азын-аулақ болып тұратын ауытқулар елдің сауда қатынастарына кедергі жасайды. Сондықтан да Орталық банк анда-санда шетел валютасын сатып алып, оны ішкі нарықта сатады.


Скачать


zharar.kz