Кремнийорганикалық полимерлер макромолекуласының қарапайым буыны кремний, көміртек атомы және тағы басқа элементтерден тұратын жоғары молекулалы қосылыстар. Кремнийорганикалық полимерлер негізгі тізбектің химиялық құрылысына байланысты 3 негізгі топтарға бөлінеді:
Кезектескен кремний және т.б. элементтерден (О, N, S, Al, Ti, В және т.б.) тұратын макромолекулалардың бейорганикалық негізгі тізбектерінен;
Кезектескен кремний және көміртегі, ал кейде оттегі атомдарынан тұратын макромолекулалардың органобейорганикалық негізгі тізбектерінен;
Макромолекулалардың органикалық негізгі тізбектерінен.
Басқа полимерлер сияқты, кремнийорганикалық полимерлерді басты полимерлік тізбектерінің құрылымына қарай келесілерге бөлуге болады:
Сызықты
Тармақталған
Циклосызықты (сатылы)
Тігілген (оның ішінде циклоторлы)
Сонымен қатар кремнийорганикалық полимерлер, силикондар, каучук, смолалардың үлкен топты сұйықтықтары болып табылады. Олардың барлығының құрамында органикалық көміртегімен тікелей немесе оттегі арқылы (полиорганосилоксаны) байланысқан кремний болады.