Мазмұны
Кіріспе
1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек нарығы.
3. Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кіріспе
Осы уақытқа дейін біздің елімізде жетілген еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйенің болуы тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді.
Жұмыссыздық — соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары екі қолға – бір жұмыс деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс орны болады.
Экономикалық әдебиеттерден адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы , яғни, талаптануы тек нарық, соның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығымыз жақсы білеміз. Себебі, нарықтың басқа түрлеріне қарағанда еңбек нарығының басты ерекшелігі – оның негізін құрушы тірі адамдар екендігі.
Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және де басқа шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың қыруарлығы өндіріс қуатының толық пайдаланылмауына, көптеген кәсіпорындардың банкротыққа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздық мөлшері асып немесе кеміп кетсе, нарықтық экономикаға залалын тигізеді, ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Жұмыссыз қалу қаупі — әр ересек адам үшін үлкен мәселе. Адамдардың көпшілігі үшін жалақы – жалғыз табыс көзі әрі жұмыс адамды моральдық жағынан қанағаттандырады. Сөйтіп, жұмыссыз қалу материалдық жағдайды төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ болашаққа сенімсіздік туғызады, адам өзін өмірге жарамсыз сезінеді.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін, нарықтық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері соңғы отыз жыл бойына жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеудің механизмі құқықтық негізде әрекет ететін мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың жүйесін қолданады. Мұндай жағдайда мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыру қажет.
Еңбек нарығы. Жалдау формасы біздің елге тән құбылыс екендігіне күмән жоқ, бірақ ол іс жүзінде қалай болса, солай жүргізілді, яғни біз оған немқұрайлы көзбен қарадық.
Еңбеккерлерге белгілі бір жұмыс орны бекітіліп, тіпті, оның зейнетке шығуына дейін қамтамасыз етіліп отырды. Оларды жұмыстан шығаруда көптеген жағдайлар тосқауыл болып отырды.
Ал қазіргі жағдай аз да болса да өзгеріп келеді. Меншіктің әр түрлі формаларына көшуге байланысты қоғамның әрбір мүшесіне жұмыс орнын ерікті түрде таңдауына ғана емес, сонымен қатар, өзінің жұмыс күшін өз еркімен пайдалануына да кең жол ашуда. Олардың қоғамдастырылған өндірісте (мемлекеттік немесе ұжымдық) жұмыс істеуі, жеке еңбек әрекеті, жалдамалы еңбекпен айналысу құқықтары кеңейтілуде. Сонымен қатар, келешекте әрбір адамның өз еліндегі орнын анықтауына, тіпті басқа елге кетуіне мүмкіндік туды.
Нарықтық экономикаға көшуге орай, жұмысшы күшінің жұмыс орнынан босау процесі өрістеуде. Болашақта жұмыс орны кепілдік түрде анықталмайды, яғни еңбекке жолдау нақты түрде жүзеге асырлатын болады. Бұл жағдай, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбеккерлердің табысының өсуіне, ғылыми техникалық прогресті тежейтін формаларды жоюға жол ашады.
Курстық жұмыс 30 бет