Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен өндірілуінің тиімділігі туралы қазақша реферат
Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздеріең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастыылады, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталады.
Экономикалық ғылымдар және экономикалық тәжірибесі көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе ҚР үшін өте маңызды, өйткені 1990 жылдан бастап елімізде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндірістің техникалық деңгейі құлдырады, ғылыми өнімдекрдің шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциалымыз қысқарып кетті, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелімен жойылды, еліміз өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан ЖІӨ көлемі де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейін азайды.
Егер, өткен шаққа көз салатын болсақ, Кеңестік Одақ кезеңінде материалдық-техникалық қамсыздандыру, соғыстан кейінгі жылдар қарқынмен дамып, жүйелі іске аса бастады. Айталық машина құрылысындағы өндірістік процестерді автоматтандыру деңгейінің елеулі артуы 40-50-ші жылдар сандық бағдарламалық басқару (СББ) жүйелерінің пайда болуымен және олармен металл кесуші станоктарға орнатумен байланысты.
70-80-ші жылдары СББ бар станоктардың негізінде автоматтандырылған бағдарламалау жүйелері орнатылған икемді өндірістік жүйелер (ИӨЖ) түрінде алғашқы салыстырмалы кішігірім өндірістер құрыла бастады.
Қазақстанның станок-құралдық өнеркәсібі негізгі қор құрайтын сала ретінде өнеркәсіптің ғылыми-техникалық прогресі мен өнімнің бәсеке қабілеттілігіне жетудің негізі болып табылады. Станок жасау дамуының деңгейінен мемлекеттің технологиялық және де ақырында экономикалық қауіпсіздік дәрежесі тәуелді. Осы саланың даму бағыттары оның өнімдерін металл өңдеуде және мәшіне құрылысында1, өнім ішкі және шетел нарықтарында бәсеке қабілеттілігін арттыруда болашақ технологияларын ендіру үшін тиімді пайдалану шарттарынан анықталады.
Станок жасау саласының қор құраушы рөлі өнім шығару көлемініңЖІӨ артуы мен өнеркәсіптік өндіріспен салыстырғанда өсуінің жоғары қарқындарын анықтайды, оның сапасына жоғары талаптар қояды.
Экономиканың әлемдік дамуы келешекте мәшіне құрылысының келесідей салалары приоритетті дамиды: ғарыштық және авиациялық техника, автомобиль құрылысы,тұрмыстық және шаруашылық техникасын өндіру, энергетикалық мәшіне құрылысы және т.б. Бұл өнім түрлеріне қойылатын негізгі талаптар: жоғары сенімділік, сапа мен дизайн, сонымен қатар бөлшектерін жасау тиянақтылығы, төмен материал, энерго, еңбек шығындары, жасап шығарудың салыстырмалы қысқа циклі, қолайлы, экономикалық негізделген баға.
Осыған сәйкес приоритетті салаларда өндірілетін техниканың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тиіс станок жасау өнеркәсібінің өнімдеріне қойылатын талаптар: тапсырыс берушіге жабдықтарды жеткізуде өндіріс проблемаларны кешенді шешу (алдыңғы қатарлы техника немесе ноу-хау , жиынтық жеткізу, ақпаратты қамсыздандыру), оптималды өнімділік, өңделетін бөлшекті жасаудың үздіксіздігі, сенімділік, жоғары тиянақтылық, ұзақ мерзімді, минималды қолданушылық шығындар, төмен материалды және еңбек шығындары, бәсекеге қабілетті баға, сервистік қызмет етудің жөнге салынуы.
Дүние жүзіндегі мәшіне құрылысының дамуын зерттеу металл өңдеу технологияларында үлкен өзгерістер күтілуде, алдымызда станоктардың дамуының үшінші толқыны келе жатыр. Қазіргі кезеңде технологиялардың дамуына тән тенденциясы технологиялық жүйелердің қайта құрылуы мен интеграциясы болып табылады. Олар өз кезегімен әр салада тым күрделі, кең және тым мамандырылған. Әрқашанда адам қуатты технологияны басқара алмау жағдайының тәуекелі бар.
Осыған сүйеніп техникалық дамудың келесідей бағыттары болжамданады:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен және автоматтандырылған жабдықтардың (өңдеу орталықтарының, икемді өндірістік модульдердің, икемді өндірістік жүйелердің және т.б.) негізінде құрылған өндірістерді қолдануды кеңейту;
2) ірі өндірістік сипаты бар салалар үшін шығындарды төмендетіп, өндірісті елеулі арттыруда өңдеу талаптарына бейімделудің өңдеуші орталықтар құрылады. Мұндай салаларда арнайы жабдықтарды қолданудың елеулі дәрежесі тоқтатылады;
3) өңдеуші мәшінелердің құрылымындағы тиімді өзгерістер орын ауыстыруда, осі бойынша үдеуіде, шпиндель айналымының жиілігінде, шапшаңдату мен тежеу уақытынан, құрал мен өңделетің бөлшектің орын ауыстыру тездігінде байқалуға тиіс. Станоктардың тез жұмыс істеуніе сызықтық жетектерді, жаңа материалдарды, сызықтық подшипниктерді, лазерлік жүйелерді, жылдамдық аутқуын жөндеу үшін байланыс датчиктерін қолданудың арқасында қол жеткізуге болады;
4) келешектің станоктары өндірістьің қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды екінші реттік қайта өңдеу сияқтыжаңа талаптарына сай болады. Құралдарды матеиралдародың жаңа түрлерінен (синтетикалық алмаздар, керамиканың жаңа түрлерін, құрамында кобальты бар болат) өндіу дамиды. Бөлшектреді жасаукдың дәстүрлі емес технологоиялары (мысалы, арқылы жасау) дамы маңызды болады;
5) келешектіңғ станоктарына ашық конфигурациялы сандық басқару жүйелері, опеациялық жүйелер мен графикалық интерфейсті үш өлшемді бавғдарламаларды қолдану анықтаушы әсер етеді. Басқару жүйелері өндіріс жағдайнына бейімделдуді жәнек жоғарғы тиянақтылықты қамтамасыз етуде аппараты бөліктің және математикалық қамсыздандырудың жоғары икемділігіне ие болады;
6) болашақтағы күрделі жабдықтарджа жұмыс істеу үшін жоғары мамандалған қызметкерлер керек, ал ол арнайы шаралар кешенін қажет етеді.
Әлемдік тәжірибе бойынша өзіндік станок құрылыс дамуы мемлекеттің маңызды приоитетінің бірі. Қазіргі даму кезеңінде негізгі мақсаттарының бірі жоғары технологияларының жетістіктерін қолдану, күрделі ғылыми өнімдеерді құру болып табылады. Икемді өндірістік жүйеленржді өндіруме байцланысты маңызды ұйымдастырушылық техникалық шешімдер 2000 жылдыңғ басынан сынақты компьютерлі интеграцияланған өндірістерді (КИӨ) көзделді. Олар бұйымның өмір сүру циклінің: маркетинг, бұйымды құру, технологиялық процестерді құру, материалды қпамсыздандырылуы мен өндірісін дайындау, өнімді жасап шығару, ноны өткізу, икемді өндірістік жүйелерді іске кірісітіру процесінде қыщзмет ету мен пайдаланудан шыққаннан кейін жоюдың барлық мәселелерін шешекді. Бізлдің ойымызша КИӨ құрумен кешіктіру Қазақстанның технологиялық және тұтастай экономикалық қауіпсізілдігіне ұқатер тудырады.
Компьютерлді интеграцияланған өндірістер бпарлық КИӨ-ге ортақ үш ерекшекліңктерімен сипатталады. Біріншіден, бұл икемдіңлік. Яғни, жабдықтардың минималды ттоқтап тұруымен, өнімнің тұрақиты сапасы мен оның нарық жағдайында бәсекеге қабілеиттілігін қамтамасыз ете отырып бұйымның бір түрінен екіншішісін өндіруге көшудің мүмкіндігі. Екәінші ерекшелік – ақпараиттық технологиялар негізінде интеллекуалды есептерді шешетін, функционалдаудың оптималы режимін таңдайтын, кемшіліктерді тауып, оларды жоятын және т.б. мүмкңндңктерң бар ойлайтын мәшінелердің жаңа класы. Үшіншісі — өндірісті, мркетингті және ндірісті дайындауды (конструкторлық және технологиялық) ұйымдпастыратын күрделі интеллектуалды процестерді автоматтандырылыған түрде жүргізу.
Ғылыми және техникалық тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаратын жоғарғы деңгейлі иекмділігі мен автоматтандыроылуы бар КИӨ мәшіне құрылысында автоматтандырылған зауыт (АЗ) атауына ие болды.
Мәшіне құрылысы саласы АЗ-да қажеттігін анықтайтын басты факторлар:
өнімнің әр түріне тұтынушылардың тілектерінің дербесмтігінің артуы. Оларды уақытында қанағаттандыру тек өндіріс жоғары икемді болғанда мүмкін, ал оған тек бұймының өмір сүру циклін басқарудың барлық функцияларын автоматтандыру арқылы қол жектізуге бюолады.
сапаға талаптардың қатаң болуы (өнімді сертификаттау тәжірибесінің кеңеюі және сапаның халықаралық стандарттарын ендіру). Бұл сауалдарды қанағаттандыру тек өндірістің барлық фазаларында технологиялық процесті автоматтандырылған бақылауы бар бағдарламалық басқару жабдықтарын пайдалану көмегімен мүмкін;
технологиялық процестің автоматтандырылуы тек жоғары деңгейде болғанда ғылыми өнімге деген қажеттіліктің өсуі.
Автоматтандырылған зауыттың өндірістік жабдықтары әр түрлі технологиялық қызметтері бар икемді өндірістік жүйелер болып табылады. Осы жабдықтардың барлығы материалды және ақпараттық ағымдармен бітұтас өндірістік-ақпараттық АЗ кешеніне байланысқан.
Өндірісті басқарудың автоматтандырылу және ақпараттандырудеңгейінің жоғары болуы АЗ қызмет ететін адамдарға да – операторларға, инженерлерге, бухгалтерлерге, ғылыми жұмысшыларға және т.б. талаптарды өзгертеді. Автоматтандырылмаған өндіріске қарағанда аз физикалық күш жұмсаумен мұнда шешім қабылдау жауапкершілігі мен қажеттілігіне байланысты психологиялық ауыртпалық туындайды.
КИӨ-тің артықшылықтары оларды әр түрлі бұйымдарда жасау үшін: мәшіне құрылысы мен өнеркәсіптік роботтарды жасау және жеңіл өнеркәсіпте қолданудың кең аясын алдын-ала анықтады. Экономиканың көптеген салаларында КИӨ құрудың халықаралақ тәжірибесі әдістемелік бағыттары бойынша, ақпараттық ағымдарда құру қағидалары мен материалды ағымдарды ұйымдастыру бойынша бұл өндірістердің көп ұқсастықтары бар.
Кең технологиялық номенклатуралық станоктарды жасап шығаратын әлемдік алдыңғы ұатарлы фирмалардың тәжірибесіне сүйеніп, Қазақстан өнеркәсібіндегі актуалдық мәселелерді шешуде қазіргі автоматтандырылған зауыттарды тәжірибелі түрде қолдану жөн.
Оларды Қзазақстанда құрудың мақсаттары:
1) Осындай жүйелерді құрудың тәжірибесін алу, қазақстандық мәшіне құрылысы саласының техникалық деңгейін елеуле түрде арттыру үшін ғылыми-техникалық базасын құру.
2) Мәшіне құрылысында да, өнеркәсіптің басқа салаларында да пайдалануға жарамды жаңа бәсекеге қабілетті бұйымдарды, материалдарды, технологияларды, жабдықтарды, бағдарламалық-математикалық қамсыздандыруды, ұйымдастырушылық-техникалық құрылымдарды, білім базаларын құру.
3) Еңбектің қоғамдануы. Жаңа дәуірді СББ бар компьютерлер мен технологиялық жабдықтарды қолдануға негізделген автоматтандырылған зауыттарда қоғамдалған процестерді пайдалану. Мұндай СББ кеңейтілген функционалдық мүмкіндіктері бар және акүрделі профессионалды білімдерді талап етеді және өз кезегімен бұл жұмыстарға жастарды тартады.
Автоматтандырылыған зауытты құру елеулі дәрежеде нақтылы шарттардан тәуелді. Ал бұл шарттар зауыт өніміне қойылдатын талаптармен, өндіріс көлемімен, басқа өндірістер мен жабдықтаушылармен кооперация деңгейімен, зауыттың қадлалық немесе басқа территорияда орналасуымен және т.б. факторлармен анықталады.
АЗ ұйымдасу құрылымының негізінде келесідей қағидалар жатыр:
1) өндірістің толық жете мамандануы және кең кооперация;
2) технологиялардың операциялардың интеграциясы мен өңдеу және жинаудың жиынтық технологиясын қолдану;
3) басқарудың орталықтандырылмауы мен ақпаратпен қамтамасыз етілуі;
4) өндіріс объектілерін рационалдау.
Сонымен қатар, АЗ құрудың жаңа қағидаларына ұйымдастыру мен басқарудың біртүтас функцияға бірігуі тән. Жалпы түрде автоматтандырылған зауыт бұл жабдықтаушы бұйымдар, буындар мен агрегаттарды өндірісі бар кооперациялық және ақпараттық байланыстар желісімен қосылған автономды басқарылатын икемді компьютерлі-интеграцияланған кәсіпорын.
Әрине, КИӨ пайдаланудан белгілі бір тиімділік болады:
Экономикалық эффект. АЗ құру туралы шешім қабылдау, ең алдымен, стратегиялық тиімділіктермен байланысты, бірақ бірқатар жағдайларда оларды сәйкесінше есептермен дәлелдеуге қиын. Әртүрлі кәсіпорындардың, әсіресе АЗ-ң инновациялық түрінің қызметінде инновациялық түрінің қызметінде инвестициялық технологиялардың маңызы зор. Бұл жаңа қорларды игеру процесінде негізгі қорлардың шығу мен сериялық бұйымдардың өркендеп жаңаруымен байланысты. Кәсіпорындардың инновациялық қызметінде инвестициялық технологиялардың маңызы зор. Бұл жаңа қорларды игеру процесінде негізгі қорлардың шығып кетуі мен сериялық бұйымдардың өркендеп жаңаруымен байланысты. Кәсіпорындардың инновациялық қызметі нарықтық экономика жағдайында ерекше мәнге ие болды. Өйткені бәсекелестердің әрекеттері тауарлардың сапасын арттыруға, олардың ассортиментін кеңейтуге, өзіндік құнын төмендетуге мәжбүр етеді.Бұл шаралар міндетті түрде шығындарды қажет етеді, ал олардың өз кезегімен орны басылуы тиіс. Осыған байланысты әрбір капитал салымы экономикалық негізделген болуы тиіс, яғни инвестор салынған қаражаттар қайтарылады деп сенуі қажет. Бірақ АЗ жағдайында инновациялық қызметтің табысы тек пайда, рентабельдік қайтарымдылық сияқты экономикалық критерийлердің көмегімен бағалана алмайды. АЗ үшін тиімділікті бағалаудың мұндай бағыты шектелген болып табылады. Себебі таза экономикалық тиімділікпен қатар басқа да эффекттер де (саяси, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) болады.
Бүкіл өндірістік процеске қатысты инновацияларды табыс өсуінің немесе шығындар төмендетуінің көрсеткіштері бойынша бір сәтте өлшеу қиынға түседі. Өндірістік процестің рационалдауы жарамсыздық көлемін төмендетуде, өндірістік процестің уақытының қысқаруында, өнім сапасының артуында, өндірістің икемділігі мен тұрақтылығының өсуінде, сонымен қатар қоршаған ортаға зиян әсерінің төмендеуінде айқындалады.
Жоғары технология объектісін – АЗ құру – елеулі ивестияларды қажет етеді. Ал, оларда, өз кезегімен, өндірісті құру кезеңінде және қайта құрылымында белгілі бір шешімдермен байланысты экономикалық тәуекел болады. Осы себептен Қазақстанда АЗ құруда тәуекелді қысқарту мақсатымен мемлекеттік қолдау қажет.
Әлеуметтік эффект. АЗ ендіруде негізгі өгерістер адам-мәшіне жүйесінде өтеді: адам ой генерациясы, варианттарды бағалау, шешімдерді бағалау, техникалық қызмет көрсету функцияларын атқаруды жалғастырады, ал варианттардың айқындалуы аналитикалық дайындалуы, оптимизация мен шешімдерді жүзеге асыруға командалар беру ЭЕМ-ге жіберіледі. Өндірілген өнімде тек сандық және сапалық өзгерістер болып қоймай, адам еңбегінің мазмұнының өзі өзгереді. Ал бұдан кейін жеке тұлғаның да, бүкіл қоғамның да өмірінде өзгерістер болады.
Ең алдымен бұл – маманның квалификациясының өзгеруі, оның жауапкершілігінің артуы, себебі жұмысшының еңбегі инженер еңбегіне теңеледі. Ғылыми жабдықтарда қызмет етуде инженер-наладчик мамандығы ендіріледі. Күрделі жабдықтардың (ИӨК және т.б.) наладчигі қызмет етуші жабдыққтарда бұйымдарды өңдеу үшін басқару бағдарламаларын өздері құрады, ол тек бір мәшінені ғана емес, мәшінелер жүйесін басқаруы тиіс.
АЗ түрлі өндірістерге өтудің маңызды әлеуметтік жетістік – қызметкерлердің жұмыс уақытын қысқартып, бос уақытын арттыру. Бұл келешекте жұмыс күшін қысқарту, квалификацияны тұрақты түрде жоғарылатып тұру, төлемді демалыстардың ұзақтығын арттыру үшін мүмкіндік береді.
КИӨ өндірістік қызметте физикалық және ой еңбектерінің үйлесуін қамтамасыз етеді. КИӨ құру, ақпараттық және жаңа өндірістік технологияларды, сонымен қатар еңбекті ұйымдастырудың жаңа нысандарын ендіру тек өндіріс өнімділігі мен тиімділігінің артуына ғана алып келмей, адамның еңбегінің шығармашылық бастау рөлінің өсуіне көмектеседі.
Бірақ, КИӨ кезеңінің басталуы адамдарға тек тиімділікті әкеп қана қоймай, бірқатар әлеуметтік проблемаларды туғызады:
1) АЗ өмір циклінің барлық элементтері бойы автоматизация деңгейінің артуы қызмет етуші жұмысшылардың квалификациясына жаңа талаптар қояды. АЗ құруда кадрларды дайындауға шығындар зауттың жалпы құнынан 10 %-ын құрайды, жоғары білімі бар жұмысшылар үлесі 50 %-ға дейін жетеді.
2) АЗ дамуы зауыт мамандарын даярлауға және қайта даярлау үшін өзіндік зерттеуші және оқытушы кадрларды құруды талап етеді. АЗ жағдайында мамандықтары үйлестіруге және квалификациясын қайта-қайта жоғарылатуға тура келеді.
3) Квалификация еңбекті бағалаудың жалғыз критерийі болмайды, өйткені еңбек коллективті болады. Еңбекті бағалаудың жаңа критериийлері пайда болады, мысалы, мамандықтарды үйлестіруге, еңбектің коллективтілігінің қабіелеттілігіне байланысты. Онда әр қызметкер бпасқаның орнын алмастыра алады. Осы критерийлерді қанағаттадыратын еңбек қызметкерлердің квалификациясына қойылатын талаптарды анықтайды.
4) АЗ профессионалды-квалификациялық құрылымды қайта құру процесі күрделі құбылыс. Оның өзіндік шектері мен тенденциялары бар: кейбір жағдайларда еңбектің интеллекуалдылығы жүзеге асырылады, басқаларында керісінше,физикалық функциялардың рөлі артады.
5) Персоналды қайта оқытудың, оны өндірістік жағдайларға бейімдету проблемаларынан басқа, АЗ жұмысының маңызды аспектісі бар: компьютерлендірумен байланыстыжаңа өндірістік операциялардың пайда болуы. Олар жұмысшы әрекеттерінен қатаң тиянақтылықты қажет етеді. Физикалық еңбекпен байланысты зорлануы сезім органдарына, жүйке жүйесіне ықпал етумен алмасады. Нәтижесінде АЗ қызметкерлерінің еңбек жағдайлары нашарланып, өндірістік травматизмнің жаңа нысандарының алғышарттары пайда болады. Адамның өндірістік ортадағы өзгерістерге бейімделу проблемасын барынша кемітуге тырысып, мамандар эргогмика құралдарына сүйенеді, адам-мәшіне жүйесінде адамның өзінде туындайтын шектемелерді есептеудің тәсілдерін іздейді.
6) КИӨ дамуы өзінен-өзі еңбек нарығындағы жағдайдың тұрақтандыруына алып келмейді. Бүгінгі автоматизация деңгейі үшін әлеуметтік мәселе – жұмыссыздықтың бірнеше мамандықтар бойынша еңбек күшіне қанағаттандырылмаған сұраныспен қатар тұруы. АЗ қызметкекрлеріне қойылатын талаптардың бірі ЭЕМ саласында білімдермен қатар, өндірістік процесте үнемі болып жататын өзгерістерге бейімделу қабілеттілігі.
АЗ құруда автоматтандырылған мәшіне жүйесінде адам еңбегінің қоғамдану мәселесі тәжірибелік сипатқа ие болуда. Әсіресе, адамның анатомиялық, физикалық, экологиялық және психологиялық мінездемесіне ерекше көңіл бөлінеді. Компьютерлендіру нәтижесінде жұмыс орындарында ақпараттың көлемі кеңейтіледі, ал бұл технологиялық және ұйымдастырушылық процестерді және т.б. басқаруда белсенді басқаруға мүмкіндік береді.
Тәжірибенің көрсетуі бойынша, технологиялық, экологиялық ұйымдастырушылық және адамның өзара әрекеттесуінің нәтижесінде ғана жаңа технологияларды ендіру табысты деп есептеледі. Еңбектің қоғамдану тек жағымсыз жағдайларды жою, стресс болуын төмендету ғана емес, сонымен қатар жұмыстың жетілдіруін, әр қайсысының еңбегін жеке ұйымдастыруды, яғни еңбек бақыт әкелетіндей етіп жағдай жасауды көздейді.
Еңбектің қоғамдануы – АЗ құру жолында шешілуге тиісті негізгі мәселелердің бірі. Қазіргі өндірісте адамға жағымсыз әсер ететін көздер – психологиялық және ой ауыртпалығы: шу, бірқалыптылық, операцияларды тез орындау, ақпараттың үлкен көлемдерін аналитикалық өңдеу, түнгі сменадағы жұмыс және т.б. Сонымен қатар жаңа факторлардың пайда болуы – адамның басқа жұмысшылардан әлеуметтік бөлінуі. Бұл кезде оператор техникамен бірге қалады да, ол өзінің бірге істейтін қызметкерлерімен араласа алмайды. Сонымен қатар, техникалық кемшіліктер де болуы мүмкін, мысалы видеотерминал құрылысы адамның визуальды тітіркенуін туғызады да, жұмыстың тиімділігін және тиянақтылығын жоғалтуға алып келеді.
Жоғарыда айтылғандай, еңбектің қоғамдануы санитарлық-гигиеналық жағдайлары да, қауіпсіздіктің дамыған техникасын ендіруді де қамтиды. Ол үшін мәліметтер банкісін ұйымдастыруға және еңбекпен денсаулыққа жасалатын жағдайлардың, еңбек тартымдылығы арасында тәуелділіктерді бекітуге, профессионалды аурулар, олардың техникалдық шешімдер мен ұйымдастырушылық шараларға әсері саласында негізделген зерттеулер жүргізуге назар аудару қажет.
Экологиялық эффект. АЗ маңызды проблемалардың бірі қоршаған орта мен өндірісте қызмет ететін адамдардың денсаулығын қорғау болып табылады. Соңғы жылдары экология мәселелері бойынша қатты көңіл аударуы өнеркәсібі дамыған елдерде заң шығаруда байқалады. ЕО елдерінде және АҚШ-та адам денсаулығына технологиялық жабыдқтарды қолдануда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған көптген нормативтік актілер қабылдаған.
АЗ құруда ауа бассейнін қорғауға үлкен көңіл бөлінеді. АЗ қыметіне байланысты атмосфераны ластаудың көздері технологиялық жабдықтардың жұмыс істеуінде шығатын зиянды заттар: түрпілі және металды шаң, еріткіштер булары, бояулар аэрозольдер, майлы-суытқыш сұйықтық (МСС) булары болып табылады. Осы себептен де АЗ жобасын құруда зауытты қоршайтын территорияны ағаштардың қорғаушы түрлерімен көріктендіруге көзделеді. Сонымен қатар зауытта қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға айқын қауіпті технологияларды қолданбайды. Ал егер мұндай процестер қажет болса, онда қосымша экологиялық қорғанысты қамтамасыз етеді.
Өндірістік мекемелерде максималды экологиялық тиімділікті қамтмасыз ету үшін отандық АЗ жобаларда келесідефй қағидалар болды:
1) материалдардың қалдықтарын минималдауды қамтамасыз ететін технологияларды қолдану, қалған қалдықтарды қайта өңдеу;
2) технологиялық жабдықтарды істейтін жұмысшыларды ММС кесуден, булар мен аэрозольдерден кабинеттерді қорғау;
3) технологиялық материалдардың (су және т.б.) шығындарын қысқарту;
4) өнімді бояуда ауа мен қызметкерлерді қорғау шаралары.
Қорытындылай келе, Қазақстанның АЗ пен ИӨЖ құру бойынша тәжірибесі қызығушылық тудырады. Егер оған қазір назар аудармаса, осы саланың орны толытырылмай, мемлекеттің болашағы тек импортқа тәуелді болады.
Қазір Қазақстан стратегиялық таңдау алдында тұр. Бұл таңдау оның онжылдықтарағ тағдырын шешеді. Мұндай таңдаудың қажеттігі ішкі және сыртқы факторлармен шартталған. Бүгінгі таңда экономика қайта қалпына келу фазасына келді. Бірақ жоғары макроэкономикалық берген даму импульстері салыстырмалы айтқанда таусылды. Экономикалық өсудің ішкі көздерін іздеу қажет. Олардың арасынан бәсекеге қабілеттілікті арттыру, отандық өнім өндірісін және ішкі және сыртқы нарықтарда сатуды кеңейту. Ал бұл технологиялық өзгерістерсіз мүмкін емес. Ал бқұл қазір күрделеніп келе жатқан мәселелерді шешудің амалы. Егер Қазақстан бұл процеске қосылудан бас тартса, ол әлемдік ғылыми-техникалық прогрестен артта қалып, қуатты жоғары технологиялы шетелдік трансұлттық компаниялар үшін табиғи шикізат пен өткізу нарығының көзі ретінде бақылауынан тәуелді болуы ықтимал.