Rixos қонақ үйінің басқару құрылымы туралы қазақша реферат
Rixos қонақ үйлерінің атауы б.э.д. 1000 ж. Перг қаласының негізін қалаған қаһарман батыр жанұяларының бірінің атынан шыққан . Оның әкесі, Афин патшасы Пампидон баласы Ликос болған. Rixos қонақ үйлері Түркияның астанасы Анталияда 2000 ж. Феттах Таминжемен негізі салынған болатын.
Бірінші Rixos Hotel Labada қонақ үйі Чамьюва қаласында ашылған болатын. Бұл қонақ үйде «Барлығы енгізілген» концепциясына сәйкес «кіршіксіз қызмет көрсету» іске асырылды. Басқарудың мүндай түсінігі қысқа уақыт ішінде түрлі топтағы қонақтардың көңілінен шыға білді, осының нәтижесінде жаңа консепция «Барлығы қосылған, барлығы эксклюзивті» қабылданды.
Кейінгі 2001, 2002 және 2003ж. Rixos Hotels компаниясы қарқынды дамуды жалғастырды. 2002 ж. Тығыз халықаралық әріптестікте соғылған Rixos Hotel Tekirova қонақ үйі жоспарланған уақыттан ерте қолданысқа берілді. Rixos Hotel Tekirova қонақ үйінің мерзімнен ерте ашылуы инвесторлармен жақсы қарсы алынды, және қызмет нарығында сұранысты көтерді.
2002 ж Rixos Hotels басшылығы Rixos Hotel Beldibi, Spa Thallasso Center жалға алды.
Rixos Hotel Bodrum құрылысы 2003 ж басталып, рекордты 5 ½ ай мерзім ішінде бітті.
Салтанатты Rixos Hotel Premium Belek қонақ үйі 2005 ж маусым айында ашылды. Осыдан бастап, керемет демалуды қалайтын клиенттердің қалауларын қанағаттандыруда жаңа эра басталды.
Rixos Hotel Prikarpatye қонақ үйі Трускавец қаласында көрінісі Карпат тауларына қарайтын жерде орналасқан.
Қонақ үй
Нөмерлер
Орындар
Rixos Hotel Premium Belek
769
1692
Rixos Hotel Tekirova
600
1424
Rixos Hotel Bodrum
409
818
Rixos Hotel Beldibi
248
496
Rixos Hotel Labada
179
358
Rixos Hotel Prikarpatye
434
868
Rixos Hotel Astana
168
336
Жобалар
Rixos Hotel Libertas
Rixos Hotel Vienna
Rixos Hotel Kiev
Барлығы
2807
5992
Кесте 1 — Rixos Group of Hotels 2005 жылғы қонақ үй классификациясы
Rixos қонақ үйлер тобының қызмет көрсететін қонақ үйлердегі бөлмелер мен орындар саны.
Қонақ үйдің концепциясы барлығынан ең жақсысын ұсыну – жақсы орындар, жақсы тағам, сауықтыру шаралары, қызмет көрсету саласы және демалысқа қатысты барлық қызметтер тобы.
«Барлығы қосылған, барлығы эксклюзивті» концепциясы түсінігі қызмет көрсету арқылы көңілдерінен шығу үшін керектің барлығын жатқызады, әрбір клиент үшін ерекше көңіл аудару және ерекше өзін көрсете білу.
Концепцияның философиясы демалысты түсіну өнері арқылы мінсіз қызмет көрсету арқылы клиенттердің қалауларын тауып отыру.
Rixos Hotels Fine Group-тың бір бөлігі болып табылады. Fine Group-қа Rixos Hotels, Lydion A.S (Lydion INC), Sembol Insaat A.S (Sembo) Constructions INC жатады.
Rixos President Hotel Astana 1 мамырда 2005 ж Астанада аэропорттан 12 км қашықтықта ашылған болатын. Rixos President Hotel Astana қонақ үйінің ұйымдастырушылық-құқықтық формасы Фаин Отель Туризм Акционерлік қоғамы болып табылады.
Қонақ үйде барлығы 168 номер, оның ішінде 156 жоғары класты, 12 Suits номері бар. Қонақ үй қазіргі заманғы 9 қабатты ғимаратта орналасқан. Номерлірдің көлемі 28-ден 34 кв.м.-ге дейін, Suite номерлердің көлемі 103 м². Стандартты қызмет көрсету жинағына кондиционер, спутникті теледидар, мини бар, интернетке қосылған телефон желі және курьер қызметі кіреді. Сонымен қатар қонақтар офисті және секретарь қызметтерін ұсынатын Бизнес центр қызметін пайдалана алады. Қонақ үйде 2 ресторан, Lobby Loung, Irish Bar түрлі тағамдар мен сусындар бар.
Астана Қазақстанның жаңа астанасы болғандықтан, отандық және шетелдік компаниялар Алматыдағы өкілеттіліктері мен офистерін Астанаға көшірді. Бұл өкілеттіліктер мен офистердің Астанада ашылуы қалада ұзақ уақыт бойы қалыптасқан әдетті өмір салтын өзгертті, әсіресе қалыптасқан талғамдарына сәйкес болуын қалайтын шетелдік бизнесмендерге талғамдарына сай қонақ үй керек еді. Rixos President Hotel Astana тек қана шетелдіктер емес, сонымен қатар жергілікті халықтың да сұранысын қанағаттандырады.
Rixos Royal SPA сауықтыру орталығының қызметтері демалуға, қайтадан күш жинауға, толығымен рахаттануға, әдемілік әлеміне бір қадам жақын түсуге бағытталған. Rixos Royal SPA сауықтыру орталығының қызметтерімен қонақ үйдің клиенттері мен қатар Астанада тұратын, қонаққа келген жергілікті халық пен шетелдіктер пайдалана алады. Олардың барлығы да айлық, жылдық клуб карталарын сатып ала алады. Rixos Royal SPA сауықтыру орталығының ұсынатын қызметтер жиынтығы: жабық бассейн, түрік банясы Hamam, Фин саунасы, пар бөлмесі, және де сусындар мен жеміс-жидектер тегін, сонымен қатар массаж және терапиялық процедуралар, кәсіби дермо-косметолог қызметтерін, сұлулық салоны қызметтерін, түрлі жеміс-жидектер, сусындар, тағамдар ұсынатын Vita-min Bar қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар сауықтыру орталығында дәрігер кабинеті бар.
Rixos Royal SPA сауықтыру орталығында Түрік моншасы Hamam-да пилинг + сабынды жуындыру, сабын ды массаж алуға болады. Арнайы массаж бөлмесінде рахаттандыратын арома майларымен арома массаж, дененің ауырған жерлеріне жасалатын медициналық массаж, бұлшық еттерге жасалатын спорт массаж, классик массаж, өлі теңіздің тұздарымен жасалатын кристалл, пилинг, массажын және т.б. алуға болады. Сонымен қатар арнайы жабдықталған тай массаж бөлмесінде, тай массаж 5 түрін: бұлшық еттерді созуға ішкі органдарды сергітуге арналған, йоганың пассивті түрі болып табылатын тай мануалды массажын, рахаттануға, нүкте массажының элементтері бар тай арома массажын, тай табан массажын, басқа арналған тай массажын алуға болады. Кәсіби дермо-косметолог курорттар мен SPA орталықтарда пайдаланылатын Thalgo француз косметикасында дене, бет күтімінің барлық түрлерін ұсынады, серіктіктестері және жабдықтаушылары жергілікті және шетел компаниялары болып табылады.
Rixos President Hotel Astana қонақ үйінің ұйымдастырушылық басқару формасы матрицалы болып келеді. Қонақ үй 11 негізгі бөлімнен тұрады. Олардың барлығы қонаққа қызмет көрсетуде бір-бірімен ақпарат алысуда бтығыз байланыста болады.
Front office
Қонақ үйдің барлық клиенттерінің Check out және check in процедураларын орындау;
Check out және check in процедураларын іске асыру кезінде қонақтардың жүгін номерге жеткізу;
Қонақ үйдің қызметімен, сонымен қатар жергілікті орынның қызықты жерлерімен ерекшеліктері туралы жалпы ақпарат бері;
Қонақтарға факс, почта, валюта айырбастау, ақпарат жеткізу секілді бір қатар қызметтер көрсету;
Барлық ішкі, сыртқы телефон қағыстарға жауап беру.
Guest Relation
Қонақтардың барлық қалаулаоры мен қажеттіліктеріне көңіл аудару, сонымен қатар қонақтардың қойған сауалдарына жауап беру;
Қонақ және бөлімдер арасында көпір қызметін атқару;
Қонақ үйден шығып бара жатқан қонақтардың бюақытты болып кетулерін қамтамасыз ету.
Food & Beverage
Мейрамхана, барлар, ас хана, персоналдарға арналған ас хана, банкет залдарын қосса сусындар және тағам сату орындарын жақсы жұмыс қалпында ұстау;
Өнімдерге тапсырыс және тағамдарды дайындауды қоса өнімдермен байланысты барлық қызметтерге асхана персоналы жауап береді;
Ыдыс жуушының міндеттері: барлық тағам құралдарын уақытында, таза түрінде, керекті жерге жеткізу.
Thechnical service
Шұғыл және профилактикалық жөндеу жүргізу;
Кондиционер, ауаның жылуы және айналып, бойкер, жүйелерінің, электро энергия, ыстық және суық суды беру жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау;
Интерьер және экстерьер, асханаға, Food & Beverage бөліміне, нөмерлерге ортақ қолданыстағы барлық орындарға техникалық қызмет көрсету.
Houskeeping
· Барлық номерлермен ортақ қолданыстағы орындарды тазалықта ұстау
· Қонақтарды гигиена заттарыменг қамтамасыз ету, қонақтардың қалауларын орындау, табылған бюросын жүргізу және т.б.
Laundry
Houskeeping және Food & Beverage бөлімдеріне таза киім, дастархандар, орамдар жеткілікті көлемде беру;
Қонақтардың, персоналдың киімдерін жуу, химчистка қызметін ұсыну және қонақтың таза киімін жеткізу.
Accounting
Төлемдердің барлық түрлерінен ақша жинау;
Қонақ үйдің қаржылық есебін құру және аудит жүргізу;
Жоспарлы және жоспарсыз тексерулер (қойма, қолма-қол ақша, сату нүктелері Front office-тің қолма-қол ақшалары);
Есептерді басқару туралы ақпараттарды беру ұшін тіркеу;
Компания акционерлерімен талап етілген есепті ақпартпен құру;
Ресми органдпрмен біріге отырып бақылау және тексеру процедураларын жүргізу (SSK, салық инспекуиясы және басқа).
Purchase
Қонақ үй үшін өнімдер керектінін барлығын сатып алу мен айналысу;
Қонақ үйде қабылданған стандартпен, ерекшелікке сатып алынған өнімнің сапасының сай болуын кепілдеу;
Қонақ үйде жұмыс үшін персоналды жұмысқа таңдау және қабылдау, байланысты қалыптастыру;
Еңбек ақы мөлшерін және қосымша жеңілдіктерді бекіту;
жоспарды құру және оны орындау:
Персоналды тағам және көлікпен қамтамасыз ету;
Қызметтерге түрлі сауалдарға қатысты консультациялар жүргізу және деңгейлердің барлық сатыларында байланыс орнату.
Security
Қонақ үйде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қонақ үйде қабылданған өзін-өзі ұстау стандартын бақылау керек , уақытында қажетті көмек көрсету;
өртке қарсы және жалпы қауіпсіздікке байланысты персоналмен жоспарлы тренингтер жүргізу.