Біздің эрамыздың басында, әртүрлі есептер бойынша, Жерде шамамен 200 ден 300 млн адамға дейін өмір сүрді

Скачать


Біздің эрамыздың басында, әртүрлі есептер бойынша, Жерде шамамен 200 ден 300 млн адамға  дейін өмір сүрді.  Миллиардық санына жету үшін,  адамзатқа  1800 жыл қажет болды. Алғаш рет  адамдардың саны 1 миллиардқа  1825 жылы  жетті. Кезекті миллиардық өсімдер келесі жылдар аралығында жүрді:

2 млрд – 1927ж. (102 жылдан кейін)

3 млрд – 1960 ж. (33 жылдан кейін)

4 млрд -1974 ж. (14 жылдан кейін)

5 млрд –1987ж. (13 жылдан кейін)

6 млрд –1999ж. (12 жылдан кейін)

Қойылған болжамдар бойынша, келесі жетімиллиардтық  Жер тұрғыны  2007 жылы болады. Бұл көрсеткішке жету үшін небары  8 жыл қажет.  Жер тұрғындарының қарқынды өсімі бұл ауқымды мәселе қатарына жатқызылып, планетаға  халықтың тым өсу қауіпін тудырады. Ғалымдар мен демографтардың ғылыми болжамдары бойынша, ХХІ ғасырда  өсу қадамдары бәсеңдеп, біршама тұрақтанады және небары 10-11 млрд адам құрайды.

Демографтардың тұжырымы бойынша,  жыл сайын адамзат 80 млн адамға өседі, сондай-ақ,  өлгендер саны біздің планетамызда жыл сайын 50 ден 55 млн адамға дейін құрайды.

БҰҰ есептері   бойынша,  халық өсімінің ең үлкен көрсеткіштері  әлемнің кедей  аймақтарында байқалады.  Мысалы, 1995 жылы  90 млн жаңа туғандардан 85 млн. экономикалық дамуы артта қалған елдерге тән болды. Қоғамдағы өлім деңгейіне  екі фактор ықпал етеді:  орташа өмір жас ұзақтығы,  нәрестелер арасындағы өлім деңгейі.

Демографиялық көрсеткіштер берілулері бойынша,  ең ұзақ орташа жас  өмір ұзақтығы  Жапония (78жас), Канада, Щвеция (77 жас),  Франция (76 жас), Великобритания, АҚШ, Германия (75жас)  белгіленеді.  Бұл көрсеткіштер, өз арада, тек  денсаулық сақтау жүйесінің  жағдайын ғана  емес,  сондай-ақ,  бұл елдің  өмір деңгейін сипаттамайды. Қоғамның  адам алдында экономикалық, әлеуметтік,  құқықтық  тұлға кепілдігін  орнату міндеткерлігімен тығыз байланысты.

Жоғарыда айтылғандай, өмір деңгейі — бұл демографияның  маңызды категориялардың бірі болып есептеледі.  Бүгінгі күні ғалымдар  үш басты критерияны белгіледі: орташа өмір жас ұзақтығы, білім мен табыс.  Дәл осы көрсеткіштер негізінде елдің өмір деңгейін  айқындауға болады.

Бүгін  едәуір дамыған елдер қатарына  Канада, Норвегия,  Щвеция, Жапония, Франция, Щвейцария, Финляндия  және т.б елдер жатқызылады. Ресми демографиялық статистика және көптеген  басқа фактілер бойынша,  экономикасы  дамыған елдердің тұрғындар құрылымында  қарт жастағы адамдар санының өсімі байқалады.


Скачать


zharar.kz