Молекулалық салмағы үлкен емес кремнийорганикалық полимерлердің бір түрі

Скачать


Молекулалық салмағы үлкен емес кремнийорганикалық полимерлердің бір түрі. Өндірісте тізбектер мен сымдардың қабығын жасауда, қан құюға арналған түтікшелер, протез (мысалы жасанды жүрек қалпақшасы) және т.б. қолданылады. Сұйық кремнийораникалық каучуктар – герметиктер.

Кремнийорганикалық каучуктар негізінде жасалған резиналар термотұрақтылығына, диэлектрлік құрамына және суыққа төзімділігіне қарай ыстық формалы прокладкалар, тығындар, диафрагмалар, мембраналар, клапандар, күшті прожекторлық құрылғылар детальдарын, электроизоляциялар және т.б. жоғары және төмен температураларда қолданылатын резиналы техникалық бұйымдар жасауда кеңінен қолданылады. Кремнийорганикалық каучук негізінде жасалған резиналардың эластикалық қасиеті ұзақ мерзімде   -60 тан +225°C, ал қысқа мерзімде +250 — 300°C температура шамасында өте ұзақ мерзімге дейін сақталады. Силиконды каучуктар (полимерден, толтырғыштан және вулканизатордан тұрады) салыстырмалы молекулалық массасы 25000 – 45000 болатын әдеттегі сызықтық полидиметилсилоксандар болып табылады.


Скачать


zharar.kz