Аудиторлық қызметті ұйымдастыру туралы қазақша реферат
Аудиттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:
— ҚР Конституциясы;
— ҚР азаматтық кодексі;
— ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы;
— ҚР Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңы;
— ҚР қылмыстық кодексі;
— Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы кодексі;
— ҚР әкімішілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі;
— ҚР бюджет кодексі;
ҚР Акционерлік қоғамдары туралы ; Банкроттық туралы ; Шетелдік инвестиция туралы; Шектеулі және косымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы , Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы және т.б. заңдары.
Жоғарыда аталған занды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.
Бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша халықаралык стандарттарға көшу, бизнес саласындағы заңды және қаржылық-несиелік қатынастарды реттеу жүзеге асырылады.
Мұның бәрі 1998 жылдың 20-шы қазанында қабылданған ҚР Аудиторлық қызмет туралы жаңа заңды әзірлеу шарттарын тудырды. Ескі заңмен салыстырғанда, оның аудиторлық қызметті лицензиялау және жүзеге асыру, аудитор кандидаттарын аттестациядан өткізудің тәртібі. Сондай-ақ бұл саланың негізін қалаушы ұғымдары, принциптері, түрлері, субъектілері туралы толығырак айтылған. Аудиторлар және аудиторлық ұйымдармен қатар аудиттелінетін субъектілер мен оның тапсырыс берушілерінің құқықтарына, міндеттеріне және жауапкершілігіне ерекше мән берілген.
Аудит туралы екінші заңның уақтылы қабылдануы республикадағы аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың нақты тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етті, өйткені үкіметтік және басқа да атқарушы органдар оларды дербестігінен айырып, министрліктер мен ведомоствалардың нүсқауы бойынша мәжбүрлеп жұмыс істету әрекеттері талай рет кайталанды.
ҚР Аудиторлық қызмет туралы жаңа заңның талаптарына сәйкес аудиторлардың аумақтық (территориялық) палаталары мен Республикалық палатаны тексеру, комиссияны сайлау және аудиторларды аттестациядан өткізу жөнінде біліктілік комиссиясын қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады. 1998 жылдың 22-23 желтоқсанында Алматыда елдегі аудиторлардың төртінші Республикалық конференциясы болып, оның корытындылары бойынша мынадай маңызды қаулылар қабылданды:
1. ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңын іс жүзіне асыру бойынша аудиторлар мен аудиторлык үйымдардың міндеттері туралы.
2. Аудиторлардың Республикалық палатасын қалыптастыру туралы;
3. Аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы.
4. Республикалық палатаның Кеңесін сайлау туралы.
5. Аудиторлар Республикалық палатасының тексеру комиссиясын сайлау туралы.
6. Аумақтық аудитор палаталары төрағаларының Кеңесін сайлау туралы.
7. Аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясының ревизиялық комиссиясын сайлау туралы.
Бүгінгі танда Қазақстанның көптеген аудиторлык ұйымдарында көрнекті нормативті базалар бар. Бұл олардың аудиторлық тексерулерді сәтті жүргізуіне ғана емес, сондай-ақ кеңес беру және басқа да кәсіби кызметтерде жетістікке қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Осындай кызметтердің арасында айтарлықтай салмағы басымдары мыналар: каржылық шаруашылық қызметтерді талдау, кәсіпорындар мен банктердің төлем қабілеттілігін, кредиттік кабілеттіліктерін, өтелімділіктерін бағалау, бухгалтерлік есеп, есептеме жасау, құқық, салық салу, жекешелендіру, мүлікті бағалау, маркетинг, менеджмент мәселелері бойынша кеңес берулер және т.б.
ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы аудиторды жүзеге асырудың кұкықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін еліміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісімшарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бүрса, онда халықаралык келісімшарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады.
Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары
Аудиторлық қызмет көрсету ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз бейүкіметтік , қоғамдык, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен каржыландырылады.
Аудиторлық үйымның күрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан құралуға тиіс. Оның жарғылык капиталында аудиторларға және (немесе) аудиторлык ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51% болуға тиіс.
Аудиторлардың республикалық және территориялык палаталары аудит процедурасын біріздендіруге (унификация), жетілдіруге және дамытуға үлестерін қосуы керек. Аудит, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау салаларындағы стандарттар мен үсыныстарды сараптаумен қатар олар аудиторлық фирмалар мен аудиторлардың қызметтерін үйлестіру функциясын орындайды, олардың қоғамдық этикалық нормаларын анықтайды, аудиторлардың біліктілігін арттыру, аудиторлық қызметтің нарығын зерделеу, аудиторлық фирмалар мен аудиторларды нормативті қүжаттармен қамтамасыз ету, оларға аудиторлық істі ұйымдастыруда кеңес берушілік-әдістік көмек көрсету бойынша шараларды қарастырады.
Нарықтық экономикаға көшу барысында аудиторлык қызметтерді құрудың қарқынын жеделдетіп, олардың жүмыс әдістерін жетілдіру аса маңызды. Бұл өндіріс пен шаруашылық жүргізуші субъектілер кызметін басқарудың көптеген салаларында экономикалық проблемаларды шешудегі дәрменсіздіктерді жылдам еңсеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы Қаржы министрлігінің БТБ (Бақылау-тексеру басқармасы) жанынан шаруашылық есептегі тексеруші топ ұйымдастырылған 1989 жылдан басталады. Содан кейін оның негізшде 1990 жылдың 15-ші ақпанындағы ҚазССР Министрлер Кеңесінің №60 қаулысына сәйкес республиканың Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық бөлімдерімен Қазақстан аудит атты шаруашылық есептегі аудиторлық орталық құрылды. 1992 жылдан бүл кәсіпорын жеке меншіктің барлық ұйымдарға аудиторлық қызмет көрсететін аса ірі дербес акционерлік компанияға айналды.
1993 жылдың 18-ші қазанында Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы бірінші заңын қабылдады, ал 1994 жылдың 6-шы мамырында елдегі аудиторлардың 1 съезінде аудиторлар палатасының Жарғысы тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта елімізде 100-ден астам аудиторлық фирмалар мен 3000-нан астам маман жұмыс істейтін тәуелсіз жеке кәсіпорындар әрекет етеді. Келешекте аудиторлық істің мамандарына деген қажеттілік арта түседі. Аудиторлардың Республикалық Палатасының есебі бойынша еліміздегі аудиторлық қызметпен айналысатын қызметкерлердің саны шамамен 30 мыңдай адамды құрауы керек. Нарықтық өзара карым-қатынасқа сәйкесетін нормативті-құқықтық актілерді әзірлеп қабылдау — аудиторлық істің келешекте дамуын дұрыс анықтауға және біздің елімізге аса ірі халықаралык аудиторлық компаниялардың көптеп келуіне ықпалын тигізеді.
ҚР Аудиторлық қызметтер туралы заңында ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда кез келген үйымдық-құқықтық формада аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйымдар ретінде үғылатын аудиторлық ұйымдарға анықтама берілген.
Аудиторлық ұйымдарды құру барысында аудиторлық кәсіпорындардың әр түрлі формаларын мынадай түрде мақсатқа лайықты пайдалану:
— шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдіктерін;
— біріккен аудиторлық кәсіпорындарды;
— акционерлік қоғамдар мен компаниялар;
— шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар; жекедара аудит және кеңес беру.
Бірінші типтегі аудиторлық ұйымдарға 2002 жылға дейін Үлкен бестік деп аталатын: КПМГ , Делойт Энд Туш , Артур Андерсен , Эрнст энд Янг , Прайс Уотерхаус Куперс шетелдік компаниялардың өкілдіктері кіреді.
Бұл компаниялар, әдетте, келешегі зор аудандарға ірі қалаларда офистерге, үлкен штаттарға және халықаралық деңгейдегі ауқымды жобаларды жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерге ие. Үлкен бестік мүшелерінің жылдар бойы тірнектеп жинаған тэжірибесі және жоғары беделі бар. Үлкен бестіктердің барлығы да өз қызметтерін Қазақстанда бастаған. Олардың өкілдері беделді тендерге қатысып жүр. Құрлықаралық фирмалардың түрақты клиенттеріне белгілі халықаралык біріккен және қазақстандық компаниялар мен қаржы-банк мекемелері жатады.
Екінші тип ТМД елдерінің аудиторлық фирмалармен және шетелдік фирмалармен ( Үлкен бестіктен басқа) біріккен аудиторлық кәсіпорындар құруды көздейді. Мұндай аудиторлық фирмалар шетелдік, біріккен және отандық компанияларга кәсіби қызмет көрсетеді. Осы типтегі аудиторлық үйымдардың катарына біздің еліміздегі ЖАҚ БДО Қазақстанаудит -ті жатқызуға болады. Ол 2000 жылдың сәуір айында ВДО International деп аталатын әлемдегі аса ірі халықаралық тәуелсіз фирмапардың аудиторлық ассоциациясынатолыққанды мүше боп кірді.
1963 жылы негізі қаланған ВДО International 99 елдің аудиторлық фирмаларының қызметін қамтиды және 2002 жылдың басында Артур Андерсон атты әйгілі фирма тарағаннан кейін бұл ассоциация Үлкен бестіктің құрамына кірді.
Үшінші тип — бүл өнеркәсіп кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, сауда-жабдыктау және басқа да салаларға кызмет көрсететін салааралық аудиторлық компания. Ол өзіндік ерекшелігі бар тақырыпта жұмыс істейді, оның нақты қызмет бағыты бар, отандық кәсіпорындарға кең спектрлі кәсіби аудиторлық кызмет көрсетеді.
Ұйымдастыру формасының төртінші типі — кұрамына бірнеше аудиторлар кіретін шағын дербес аудиторлық фирмалар. Олар негізгі қызметтердің шоғырлануын және икемділігін, клиентпен тікелей байланысуды, қызметтер мен адам ресурстарын оңтайландыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Қазақстанда аудиторлық үйымдардың осы тобына НАК Центраудит — Казахстан , ЖШС Ержановтар және К° , ЖШС Ай-аудит және т.б. жаткызуға болады.
Ұйымдастыру формасының бесінші типі — жеке-дара аудиттеу және кеңес беру. Бұл арада біріккен аудиторлық туралы айтылып түрган жоқ, мұнда кәсіби-кеңес берушінің негізгі жүмысы турасында сөз болып отыр. Мұндай кеңес берушінің қызмет қүны қосымша шығындардың болмауынан төмен, сол себепті де оның қызмет саласын едәуір кеңейтеді.
Аудиторлық үйымдардың іс-тәжірибесін талдау олардың негізгі қызмет бағыттарын және ұлттық экономика саласы, әр түрлі салалардағы кәсіпорындармен өзара байланысының формаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мынадай құқықтары бар:
— аудиторлық тексерулердің формалары мен әдістерін қолданыстағы нормативті-қүқықтық актілер, нормалар мен стандарттар және тапсырыс берушілермен жасалатын келісім-шарттың талаптары немесе алдын ала тергеу, прокурор, тергеуші, сот органы мемлекеттік органдарының тапсырма мазмұны негізінде өз бетінше белгілеу;
— бухгалтерлік кітаптарды, басқа да қаржылық шаруашылық қызметтерінің құжаттамаларын, мүліктің бар екендігін, ақша сомасын, қүнды қағаздарды тексеру, шаруашылық жүргізуші субъект басшысынан бақылау жүргізуді, өнім сапасын анықтау, орындалған жұмыс өлшемдерін, құжаттарды тексеруді жүзеге асыруға қатысты құжаттарды талап ету;
— тапсырыс берушіде де, үшінші түлғада да болатын аудиторлық тексерулердің мазмұнына қатысты кажетті құжаттар мен ақпараттарды, сондай-ақ тапсырыс берушінін басшылығынан және қызметкерінен жазбаша немесе ауызша түрде түсініктеме алу;
— аудиторлық тексерулерді бірігіп жүргізуге дербес жүмыс істейтін немесе аудиторлық фирмаларда қызмет ететін аудиторларды, сондай-ақ тексерілетін объектілерде жұмыс істейтін, басшымен қызметте, тікелей, туыстық қатысы бар немесе ортақ қаржылық мүдделері бірге болатын тұлғалардан бөлек басқа мамандарды келісімшарт негізінде шакыру;
— тексерілетін заңды түлға есепшоттарының жағдайы мен операциялары туралы қажетті мәліметтерді банктен алу және т.с.с.
Аудиторлар қаржылык есептемелердің және басқа қүжаттардың заң талаптарына сәйкеспейтін тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға міндетті, сонымен бірге аудиттің нәтижелері мен басқа да мәліметтердің құпиялылығын сактауға міндетті және қолданыстағы нормативті-құкыктық актілердің талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауы керек.
Аудиторлық қызмет турапы заңға сәйкес біліктілік комиссиясы аудиторлық қызметпен айналысқысы келетін түлғаны аттестациядан өткізеді. Комиссия аудитор атағын тиісті куәлік пен нөмірлік мөр береді.
Бірде бір заңды немесе жеке тулға, егер ол белгіленген тәртіп бойынша тіркелмесе, аудиторлык қызметпен айналысуға құқық беретін біліктілік комиссиясының аттестациялауынан өтпесе, онда оған аудитор атағы берілмейді немесе езіне аудиторлық қызметпен айналысушы ретінде сипаттама бере алмайды.
Аудиторлық кызметтің кадрларын калыптастыру — бұл біздің елімізде ұзақ уакытты алатын күрделі процесс. 2010 жылға дейін аудиторлық фирма қызметкерлерінің санын 15 мың адамға жеткізу көзделіп отыр. Сөйтсе де ұзақ мерзімге елімізде тәуелсіз бақылау органдары мен нарықтық экономиканы қалыптастыру үшін шамамен 30 мың аудиторлық бейіндегі (профиль) мамандары қажет болады. Бұл мемлекетаралық іске кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлардың институты мен бухгалтер-аудитор, сарапшы, бағалаушы, маркетолог, менеджер және қаржылық есептік-талдамалы, кұқықтык, т.б. бойынша бақылаушылар мен кеңес беруші сияқты жоғары білікті мамандарды дайындап шығаратын бірқатар жоғары оқу орындары өз үлестерін қосуы керек.