Есімше

Скачать


Есімше. Көне түркілік кезеңде, ортағасырлық дәуірде қазіргі тіл фактілерімен салыстырып қарағанда, есімше мәнінде қолданылған есімше формалары анағұрлым көп болған..

Қазақ тілінде есімше категориясын арнайы зерттеп, еңбек жазған Т.Ерғалиев (1958) қазіргі қазақ тілінде түпкілікті немесе толық адъективацияланған есімше формалары деп мына қосымшаларды көрсетеді: -аған еген –қашаған, тебеген, алаған; -ғалақ гелек – ұшқалақ, жаңғалақ, сасқалақ; -шақ шек – еріншек, сүріншек, ұрыншақ; -ғыш гіш – білгіш, сезгіш, сенгіш; -мыш міш, -мыс міс – алдамыш, әлеміш, жасамыс; -геш – күлегеш

Сөзжасам мәселелерін зерттеуші Ж.Сарбалаев  та осы пікірді қуаттайды.

Сөйтіп, әрі есім қабілетін бойына сақтап, әрі етістіктің семантикасы мен шақты білдіру қасиетін иеленіп, қазіргідей өз алдына есімше категориясы болып қалыптасқан. Ал есімшеге байланысты пікір білдірген зерттеушілер еңбегімен Ы.Маманов пікірін салыстыра келгенімізде, етістіктің есімше формасын шақтық мағыналық жағынан ажыратуы қазіргі қазақ грамматикасындағы пікірлермен сәйкес келетіндігін аңғардық. Ғалымның –ушы, -уші қосымшасын осы шаққа жатқызуын да дұрыс деп есептейміз. Өйткені қандай контексте, қандай мағынада жұмсалмасын, іс-әрекеттің осы уақытта жасалып жатқандығы аңғарылады.. Есімшенің салыстыру, мөлшер мағынасындағы семантикалық реңктерді танып, функционалды-семантикалық өрістер арқылы берілуінің кейбір түрлерін көрсеткен. Мысалы, Дастарханда нанның бір жейтіндейі қалды. Шелектің түбінде қол шаятындай су қалды т.б


Скачать


zharar.kz