Ғаламдық мәселенің шешімі күнделікті өмір қажеттілігінен шығатын жеке тұлғаның қадір — қасиетінің сенімділігімен тығыз байланысты. Кез келген мемлекеттің қажетті атрибуты — оларды қамтамасыз ету. Мүліктік емес жеке құқықтар бойынша сұрақтар өзекті және маңызды сұрақтар болып келеді.
Қоғам мен мемлекетте экономикалық және саяси – құқықтық тұрақсыздық салдарынан өмірде болып жатқан күрт өзгерістерге қарамастан адамның мәселесі, оның құқығы мен бостандығы бойынша сұрақтар өзінің өзектілігін жоғалтпайды. Осы мәселеге байланысты қызығушылық қоғамдық қажеттіліктерінен және адамының-жеке тұлғаның сұраныстарынан шыққан.
Әрбір жеке тұлға ар-намыс, қадір-қасиет сияқты игіліктерге тән. Әрбір адамның өмiрiне, денсаулығына, қадiр-қасиетiне, абыройына, игi атаққа, iскерлiк беделге, жеке өмiрге қол сұқпаушылыққа, жеке құпия мен отбасы құпиясына, есiм алу құқығына, автор болу құқығына, шығармаға қол сұқпаушылық құқығына және басқаматериалдық емес игiлiктерге мен құқықтарға құқықты.Қорғаудың ар-намыс, абырой мен іскерлік бедел сияқты жекелеген объектілеріне көңіл бөлінген.
Сонымен, мүліктік емес жеке құқық – қолданыстағы заңмен танылатын және қорғалатын мүліктік маңызы жоқ әрі адамнан тірісінде ажырауы мүмкін емес игіліктерге деген құқық. Мұндай игіліктер мен құқықтарға бас бостандығы, өмір мен денсаулық, жеке бас қадірі, ар-намыс, іскерлік бедел, жеке өмірдің бейтараптығы, жеке және отбасылық құпия, еркін жүріп-тұру мен орын ауыстыру және мекен таңдау құқығы, есім иелену және авторлық құқық, тағы басқа жатады. Бұлардың ерекшелігі мүліктік мазмұнның жоқтығы мен адам болмысынан ажырамастығында. Бірақ ажырамастық қасиет Мүліктік емес жеке құқықтарды жүзеге асыру мен қорғауды үшінші тарапқа тапсыруға кедергі жасамайды. Жасөспірімнің ар-намысы мен абыройын қорғау туралы талап-арызды оның заңды өкілдерінің беруі соның мысалы. Бұл игіліктер мен құқықтардың “мүліктік емес” деп аталуы олардың мүлдем материалдық маңызы жоқ деген сөз емес. Мүліктік емес жеке құқыққа келген залал оның иесіне едәуір мүліктік зиян шектіруі мүмкін. Әлбетте, кәсіпкердің іскерлік беделінің түсуі клиенттердің азаюына апарып соқтырады, немесе керісінше, тұралап қалған жұмысты кәсіпкердің іскерлік беделі қиындықтан оңай шығарып, жүргізіп жібереді
Қорытындылай келсек,Қазақстан мемлекеті мүліктік емес жеке құқықтар бұзылған жағдайда оны қорғауға алады және ол осы құқықтардың орындалуы мен қорғауға кепілдік жүйесімен қамтамасыз етеді. Сол кепілідк жүйесіне сай әрбір азамат өзінің бұзылған құқығын қайта қалпына келтіре алады, әрбір азамат заңға қарама-қайшы болмайтын әдістер арқылы өзінің заңды мүделерін, құқықтарын қорғай алады .
Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
А.Л. Анисимов Ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел: Азаматтық құқықты қорғау. М., 1994ж
Азаматтық құқық. Оқулық М. К. Сүлейменов, Ю. Г: Басин, 2003 ж
Азаматтық. В 2 т. Оқулық Ю.К. Толстого, А.М. Сергеевтін редакциясы бойынша М., 1996
О. А. Красавчиков Азаматтық организациялық-құқықтық қатынастар