Бір кездегі көшпелі және отырықшыл қоғамда қазақ

Скачать


Қазақстан мен Түркия мемлекеті арасындағы кешенді мәдени байланыс-тардың бір тармағы театр және музыка өнері саласындағы қарым-қатынас-тардың дамуы болып табылады. Бұл мемлекетаралық мәдени-рухани байланыстардын заңды құбылысы. Себебі әрбір халықтың кім екенін, мәдениеті қандай екенін таныстыруда ең алдымен оның адамдарға ұғынықты, бейнелік жақтары маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Сондықтан халықтың тарихымен, байырғы салт-дәстүрімен тығыз байланысты ән-күйлер, сахналық қойылымдар, этнографиялық концерттермен қатар оның бүгінгі әлемдік өркениет деңгейімен бағаланатын кәсіби өнерімен мәдениетін де білдіретін, таныстыратын жетістік-терін басқа елге көрсету сол халықтың бүгінгі дүниежүзілік қауымдастықтағы алатын орнын білдірсе керек. Өйткені мәдени құндылықтар қатарында әр халықтың қол жеткізген табыстары оның дәстүрлі мәдениетінен бастап әлемдік мәдениеттің классикалық озық үлгілеріне дейінгі өткен жолымен, яғни бүгінгі қол жеткізген деңгейімен бағаланатыны дау тудырмаса керек.

Бұл тұрғыда қазақ халқының мәдениеті де өзіндік ерекше дамусатысынан өтті. Бір кездегі көшпелі және отырықшыл қоғамда қазақ «сахарасында» қалып-тасқан мәдениет үлгілері, оның ішінде ән-күй дәстүрі, басқа да өнері ғасырлар бойы өкшеліп, көрші елдер мәдениетімен толыға отырып, кемелденумен қатар өзінің ерекшелігін сақтап қалды. Жалпы қазіргі өркениеттік қоғам жағдайын-дағы ахуал дәстүрлі қазақ мәдениетінің бүгінде ерекше биікке көтерілгенін, оның әлемдік, әсіресе еуропалық үлгідегі классикалық мәдениет ықпалымен дамып, өзіне тән кәсіби шеберлікке жеткенін дәлелдейді. Оған кәсіби казақ ұлттық драма театрының, кәсіби опера және балет театрының дамуы, классикалық симфониялық оркестрлердің, сонымен қатар кәсіби халық аспаптары оркестрлерінің құрылып, ұзақ даму жолында үлкен шеберлік биігіне

көтерілуі дәлел.

Бүгінде Есік көлінен табылған «Алтын адам» ескерткіші шетелде Қазақстан-ның терең тарихы бар іргелі ел екендігінің жаршысы болса, қазіргі қазақ өнері мен музыкасы да өзін таныстыру белгісі («визитная карточка») ретінде «Қыз Жібек», «Абай», «Ер Тарғын» операларымен және басқа да көркем туындыларымен шетелде бірден көзге түсетіні, танымал бола алатындығы даусыз. Сондықтан Қазақстанды шетелде танытуда музыка мен өнердің де атқарар рөлі ерекше екені аян. Бауырлас екі мемлекет Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынаста да өнер саласының атқарар қызметінің орны бір төбе.

Қазақстан мен Түркия арасында тұрақты мәдени байланыстар жүйесі қалыптаса   бастаған   1990   жылдары  Қазақстанның  театр  және   музыка қайраткерлері бұл іске ерекше еңбек сіңірді. Кеңес өкіметі жылдары әредік қана көрініс тапқан мұндай байланыстар тәуелсіздік жылдары туысқан халықтар үшін шын мәнінде достық дәнекері жағдайына ие болды.

Бұл саладағы алғашқы қадамдар ретінде екі ел мәдениет министрліктері театр және өнер ұжымдарының өзара гастродьдерін ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған болатын. Осы шара өз жемісін берді.

Бүгінде театр және музыка өнері саласында өзара гастрольдерді көбейту, ортақ сахна қойылымдарын, фестивальдер ұйымдастыру, өнер онкүндіктерін өткізу, шығармашылық топтар арасында тығыз байланыс жасау сияқты салалар-да қазақ-түрік ынтымақтастығы қарқындап дамуда.

Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстардың дамуында кәсіби театр, музыка, өнер ұжымдарымен қатар халық театрлары, шығармашылық және басқа да көркемөнер топтары елеулі рөл атқарады.

Әрине, театр нәзік болмысына қарамастан едәуір еңбек пен уақыт қажет ететін өнер саласы болып табылады. Сондықтан да театр саласындағы қазақ-

түрік қатынастарын әзірге екпінді деп айту қиынға соғады.

Мұның да өзіндік себептері бар. Өйткені қазіргі Қазақстан мәдениетін кәсіби опера, балет, симфониялық музыка өнерінсіз елестету қиын және мәселені бұларсыз қою үлкен қателік болар еді. Сондыктан театр саласындағы байланыс-тар опера, балет сиякты аса күрделі әрі кәсіби әзірлікті, үлкен ұжымдык топтар қатынасын талап ететін жанрларда әдебиетпен салыстырғанда әлдеқайда жұтаң болып көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде бұл олай емес. Оны мына мысалдардан-ақ айкын байқауға болады.

Алғаш театр байланыстары 1993 жылдың қаңтарында Измир балет және опера театрының сахнасында балетмейстер, Қазақстан Республикасының халық әртісі Болат Аюхановтың Равельдің «Болер» атты балетін қоюымен басталды. Бұл қойылымды түрік көрермендері өте жылы қабылдады.

1993 жылдын желтоқсан айында Б.Аюханов Измир театрының дәл сол сахнасында «Махаббат туралы аңыз» атты балет қойды. Әйгілі қазақ балетмейстерінің бұл шығармашылық еңбегі қазақ-түрік мәдени байланыстары тарихынан ерекше орын алары хақ.

Ал 1993-1994 жылдары тәжірибе алмасу мақсатымен хореограф, Измир опера және балет театрының балет әртісі Исмет Өзер Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында бір жылдық практикалық тәжірибеден өтті.

Мәдени өмірдегі мұндай жақсы да қуанышты оқиғалар тек опера және балет өнері саласында ғана дамытылып қойған жок. 1993 жылы ақпан айында Анкарада ҚР халық әртісі, республикалық жастар театрының бас режиссері Р. Сейтметов тәжірибе алмасу және қазақ спектаклін қою мақсатымен Түркияда болып қайтты.

Өз кезегінде түрік режиссері Тамер Левенд 1993 жылы күзде қазақ сахна-сында түрік спектаклін қойды. Ол республикалық балалар жөне жасөспірімдер театрында еңбек етті.

Екі жақты қатынастардың дамуында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті театр ұжымының орны ерекше. 1998 жылы маусым айында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ әртістері 2-3 аптаға Түркияға гастрольге шақырылды. Жоғары дәрежелі жемісті жұмыс нәтижесінде олар гастрольге кейін тағы шақыру алды.

1999 жылдың 27-қарашасы мен 2000 жылдың 2-қаңтары аралығында 27 кісі-сіден тұратын Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың өнер факультетінің шығар-машылық тобы Түркияда гастролъде болып, Түркияның Анкара, Стамбұл, Афион, Конья, Кайсери, Адапазары сияқты көптеген ірі қалаларында және Солтустік Кипрде концерттер қойды. Бұл қазақ және түрік тілдерінде концерт қойған ен алғаш театр және шығармашылық топ болғанын айта кеткен жөн. Бірынғай қазақ тілінде ғана емес, сонымен Катар түрік тілінде де өнер көрсету ондағы көрерменнің сүйіспешпілігін арттыруға, екі елдің мәдениетін жа-қындастыруға себеп болғаны аян.

Сондықтан түрік көрермендері қазақстандық әртістерді құшақ жая қарсы
алды. Осы гастрольдер түрік мерзімді басылымдарында кеңінен жарық
көрді, олар туралы жақсы пікірлер айтылды.

Өз кезегінде түрік өнерпаздары да қазақ сахналарынан көріне бастады. Сонымен бірге түрік өнерін қазақ әртістері де меңгеруге тырысты. Мысалы, 2000 жылы Түркия алғаш рет Қазақстандағы Еуропа одақтастығы өкілеттігінің ұйымдастыруымен «Еуропа театрының Қазақстандағы күндеріне» қатысу үшін шақырылды. Бұл рәсімде Түркия «Озүнү өлдүрен кылыч (Көк-түріктер)» атты қойылымды Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың өнер факультеті студенттерінің орындауында ұсынды. Айта кетерлік жайт, бұл қойылым аталған рәсімде екі тілде (қазақ және түрік) қойылған жалғыз спектакль болып қалың көрерменнің қызығушылығын тудырды, жылы ықыласпен қабылданды.

2000      жылы 30-мамырда Түфкияда түркі тілдес елдердің фестивалі

болып өтті.Мұнда Қазақстан М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Акаде-миялық драма театры әртістерінің орындауымен «Адам ұлы Қабыл»
атты спектакльді ұсынып, ең үздік режиссура үшін жүлде иегері атанды.

Қазак-түрік театр байланысындағы алғашқы қадамдар осындай. Әрине, бұл қатынастарды бұдан да кеңейте түсуге түрлі себепкер кедергі болып, қолды байлайтынын айтқан жөн. Ең алдымен театрдың өз жұмысын орындауында, бір өнер туындысын сахнаға қоюында, үлкен ұжым (коллектив) қажет ететіндігін ескерсек, реквизиттерін, көмекші персонал ұжымын қосқанда осындай үлкен мекемені гастрольге апару, оның шығындарын көтеру оңайға соқпайтыны белгілі. Сонымен бірге бір шығарманы сол елдің тілінде игеру, режиссуралық жұмыстарын іске асыру да оңай емес. Сондықтан қазақ-түрік театр өнері саласындағы бұл байланыстардың ұлғаюы келешектің ісі деп айтуға болады.

Оның есесіне қойылымы әбден игерілген, жаттыққан кіші-гірім музыкалық топтар арасындағы байланыстар жедел дамыды. Біздінше музыкалық шығармашылық топтар арасындағы ынтымақтастық едәуір табысты өтіп жат-қандай. Шығармашылық байланыстар еліміз тәуелсіздік алғанға дейін-ақ жолға қойыла бастаған. Мысалы, «Жазира» ансамблі 1990 жылы тамыз айында Түркияда концерттік бағдарламамен болып қайтты. Ал сол-жылы 30 қазанда ТРТ ИНД телеарнасында осы сапар мен концерт жайында телебағдарлама әзірленді.

Музыкалық қойылымдар әр рәсімнің ажырамас бөлігі болғандықтан музыкалық топтар іс жүзінде барлық фестивальдер мен екі жақты кездесулерге қатысуда. Мысалы, 1995 жылдан бері Түркияның Байбұрт қаласында жыл сайын Қорқыт Атаға арналған «Деде Коркут» халықаралық фестивалі өтіп тұрады. Аталмыш фестивальге жылда қазақстандық ғалымдармен қатар шығармашылық ұжымдар да шақырылады.

Түркия мен Қазақстанның қай-қайсысында болмасын «Мәдениет және өнер

күндерін» өткізу барысында мұндай шығармашылық топтар басты рөл атқарады. Өйткені ұлттық мәдениетті ұғу солардың өнері арқылы іске асса керек.

Мысал ретінде түркі мемлекеттерімен бірлесе өткізілетін түрік баспасөзі мен теледидарында кеңінен орын алатын Наурыз мерекесімен байланысты және басқалай рәсімдерді атауға болады. Наурыз күні кешеге дейін Түркияда күрдтердің ұлттық мейрамы саналып келді. Алайда тоқсаныншы жылдардың бас кезінен (1993) Орталық Азиядағы тәуелсіз түркі мемлекеттері арасындағы тығыз байланыстар арқасында Наурыз Түркияда ресми мейрамға айналды. ТҮРКСОЙ-дын ат салысуымен Наурыз Түркияда кеңінен тойланып, Қазақстан әртістерінің белсенді түрде араласуымен онда музыка, опера, фольклор, театр фестивальдері үнемі ұйымдастырылып келеді.

1995 жылы 18-23 сәуір аралығында Анкарада түрік мемлекеттік теле-радио әлемнің 47 елінен қатысқан XVII халықаралык балалар фестивалін өткізді. Фестивальде Қазақстан Республикасынан республикалық «Әнші балапан» телесайысының шығармашылық ұжымы қатысты.

1995 жылы 20-27 сәуірде ұлы қазақ ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына байланысты ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілгең мереке ТҮРКСОЙ тарапынан қолдау тауып, Рсспублика басшылығы және қоғамдық ұйымдар өкілдері мен әртістердің шығармашылық тобы Анкара, Маниса, Измир және Стамбұл қалаларында болып қайтты. Аталмыш қалаларда акын мерейтойын тойлау мақсатында конференциялар мен достық кездесулер өткізіліп, Қазакстан әртістерінің өнері тамашаланды. Әртістердің ішінде Қазақ-станнан А.Қоразбаев, И.Үсенбаева, М.Ильясова мен Б.Тлеуханов, «Салтанат» мемлекеттік ансамблі (20 адам), «Гүлдер» мемлекеттік ансамблі (8 адам), «Адырна» фольклорлык-этнографиялық ансамблі {15 адам) катысты.

1998 жылы 12-19-қазан аралығында Құрманғазы Сағырбаевтың 1,75 жылдық мерейтойы қарсаңында Түркияға Құрманғазы атындағы Академиялық халық

аспаптары оркестрі, 6 солист, сондай-ақ 4 кісіден тұратын бишілер тобы шақырылды. Олар Түркияның бірқатар қалаларында концерт қойды.

1998 жылы қазан айында Кайсери қаласының әкімі және ТҮРКСОЙ-дың демеушілігімен Эрджиес университетінде Құрманғазыны еске түсіруге арналған апталық өтті. Ал 13 қазанда сол жерде Түркиядағы Қазақстан Республикасының Елшісі Б.Тұрсынбаев қатысқан конференция және Құрманғазы оркестрінің екі концерті өткізілді.

1998 жылы 16 казанда Анкара қаласында да Құрманғазыны еске алу күні өтіп, 6 мың көрермен қатысқан екі концерт қойылды. Концертте ТҮРКСОЙ төрағасы П.Бұлбұлоғлу алғы сөз сөйледі. Мұнан кейінгі шығармашылық сапар шеңберінде 18 қазанда Құрманғазыға арналған еске алу кеші мен тағы бір концерт Стамбұл қаласында өткізілді.

1996 жылы 19-22 наурызда «Алтынай» қазақстандық мемлекеттік ансамблінің концерті болып өтті. Ансамбль 17-23 наурызда Түркияда өткен Наурыз мейрамына Қазақстан атынан қатысып, концерт түрік теледидары тарапынан таспаға түсірілді.

1992-1993 жылдары Түркияда кезінде Алматыдағы республикалық музыка аспаптары мұражайында құрылған «Сазген» фольклорлық ансамблі мен «Салтанат» би тобы, Онтүстік Қазакстан облысының «Қазына» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Қаламқас» би ансамблі, Құрманғазы атындағы Академиялық ұлттық аспаптары оркестрі, Л.Жұбанов атындағы музыкалық мектептің ансамблі жан-жақты концерттермен гастрольде болды.

1992 жылы-7-9 желтоқсанда Түркия мәдениет министрлігінің ұсынысымен Анкарада «Жібек жолы және түркі суырып салма ақындары» дсн аталатын суырып салма ақындар айтысы өткізілді. Бүл сайысқа Шымкенттен А.Манапов қатысты. Қазақ ауыз әдебиетінін және музыка өнерінің бұл үлгісі түрік халқына ерекше өнер ретінде айтылғанына назар аударған жөн.

1994 жылдан бастап ТҮРКСОЙ Кипрде мерзімді түрде «Түркі әлемі операсы-ның күндерін» өткізіп тұрады. Сөйтіп, 1994 жылы 27-28 мамырда «1 опера күндері» ұйымдастырылса, «II опера күндері» 1995 ж. 18-20 мамырда, «III опера күндері» 1996 ж. 23г26 мамырда, төртіншісі 1997 ж. 29 мамыр мен 2 маусым аралығында, бесіншісі 1998 жылы 8-21 маусымда, алтыншысы тек Түркияның қатысуымен 1999 жылы 25-27 маусымда өткізілді.

1994 жылы 20-23 қазанда Стамбұл қаласында «Көрші елдердің опера және балет қайраткерлерінің халықаралық достық және мәдениет кештері» өтті. Қазақстаннан алты өнерпаздан тұратын халық фольклоры тобы қатысты.

Жоғағыда айтылғандай, драмалық және музыкалық театрларды немесе опера театры сияқты үлкен өнер ұжымдарын гастрольге апаруға мүмкіншілік болмаған жағдайда бұл мекемелердің жеке топтарының немесе көрнекті әртістерінін шағын топпен өнер көрсетуі өте ұтымды болатынына баса назар аудару қажет. Нұржамал Үсенбаева, Әлібек Дінішев және басқа да опера саңлақтарының өнері түрік көрерменіне қазақ кәсіби музыкасы мен театр өнерінің жоғары деңгейін айқын танытқаны сөзсіз.

1994 жылы Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық музыкалық фестивальде Р.Ғабдиевтің жетекшілігіндегі ұлт аспаптық оркестрі бас жүлдені жеңіп алғаны да оркестрдегі өнер иелерінің орындаушылық мәнерінің жоғары біліктілігін танытса керек.

Өз тарапынан Қазақстая да түрік халхының өнер шеберлерін осында қабылдап, туысқан ел мәдениетімен таныстыруға мүмкіндік жасады. Мысалы, 1996 жылы 15-26-сәуірде түріктің «Анадолу» шекті аспаптар квартеті турне көлемінде Алматыда концерт қойды.

Түрік әртістері дәстүрлі «Азия дауысы» музыкалық сайысына үнемі қатысып отырады. Көрермендер түрік әртістерінің ән-биін жылы қабылдады. Мысалы, 1997 жылы 29 шілде мен 3 тамыз аралығында өткен VIII сайыста Алматыда

түрік орындаушысы Шебнем Өзсаран екінші орыннын иегері атанды.

Өз тарапында қазақстандык көрермен үшін түрік өнер шеберлерінің де қойылымдары қажет екенін айтқан жөн. Сондықтан 1998 ж. 6 қазанда Измир қаласындағы халыққа білім беру орталығының 23 кісіден тұратын халық би және музыка ансамблі Алматыда концерттер қойды.

Халықаралық музыка фестивальдері әр елдің шебер орындаушыларын жалпы әлемге танытатыны белгілі. Бұл орайда қазақ өнерпаздарының да шетелде танылуы қуантарлық іс екені аян. Мысалы, 1999 жылы 20-24 акпанда Стамбұлда қала әкімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Түркі музыкасының фестивалінде» Қазақстаннан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі қатысты. Оның құрамында 16 адам өнер көрсетті.

Сол сияқты 2000 жылы 19 ақпанда Стамбұл әкімінін ұйымдастыруымен өткен «Түркі әлемінің симфониялық музыкасы» атты фестиваліне де Қазақстан-нан «Отырар сазы» ұлттық ансамблі қатысты.

Түркия мемлекеті түркі тілдес халықтар мәдениетін насихаттауда, дамытуда жас орындаушыларға да ерекше назар аударады. Мысалы, 2000 жылы сәуірде Стамбұлдағы фольклор, музыка және жастар қоғамының ұйымдастыруымен Анталияда, Анкара әкімінің демеушілігімен Анкарада өткізілген балалар музы-касының фестивалінде Қазақстаннан 11 қазақ, 13 қазақстандық түрік, 20 ұйғыр, 20 шешен өнерпаз балалары сайысқа қатысты.

2000 жылы 25-30 маусымда Анталиядағы Аспендос театрында ұйымдас-тырылған халықаралық Жерорта теңізі музыка және фольклор фестивалінде Қазақстаннан атақты әртіс Марат Омаров пен 6 өнерпаздан құралған фольклор-лық топ өнер көрсетті.

Екі ел арасындағы мәдени қарым-катынастарында дәстүрлі мәдениет үлгілерін жаңғыртудың да маңызы зор. Бұл халықтарды жақындастыратын, төл

мәдениетінде әрқайсында қандай ерекшелік пен ұқсастық бар екенін танытатын үлгі.

Өз кезегінде 2000 жылы 18-қазанда Қазақстанда өткен дәстүрлі VI Түркістан және ұлы дала музыкасы фестивалінде түрік әртістері Армаған Эльчи мен Муджаһит Ышық осындай өнер көрсетті.

Сонымен бірге қазіргі классикалық музыка өнеріндегі орындаушылар да екі жаққа танылды. Мысалы, 2000 жылы 19-21 қазанда Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет Театрында өткен III халықаралық опера өнері фестиваліне Түркиядан әншілер Голге Шекерамбер мен Ихсан Экбер қатысты. Олардың орындаушылық мәнері, классикалық музыка, опера өнері саласында Түркия әртістерінің қандай шеберлік деңгейіне жеткенін қазақстандық көрерменге танытты.

2000 жылдың күзінде Түркия Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстаннан 17 өнерпаздан құралған фольклорлық музыкалық топ қатысқан түркі тілдес елдердің халық музыкасы мен биі фестивалі болып өтгі.

Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойына 2000 жылдың Қазан айында Түркиядан Анкара мемлекеттік «Түрік әлемі» музыкалық тобы келді. Аталмыш топ Түркістан мен Алматыда концерт қойып, көптеген түркі халықтарының шығармаларын орындау шеберлігімен көрермен ықыласына бөленді.

Сөйтіп, 1990-2000 жылдары Қазақстан мен Түркияның музыка және опер шеберлері екі елді бір біріне танытуда, мәдени байланыстарды нығайтуда едәуір іс атқарды. Бұл тұрғыда басты назар аударатын нәрсе мүзыка және театр өнері саласында Қазақстанның осыған дейін қол жеткізген табыстары мен әлемдік классикалық музыка үлгілерін меңгеріп, дамытудағы ерекше жетістіктері Түркия халқына көңілінен танылды.


Скачать


zharar.kz