АТСЭ АТСК АТСЭ

Скачать


Қапшағай қаласының желі жағдайы туралы қазақша реферат

Қапшағай қаласы  Алматы  облысының  солтүстік-шығысында  орналасқан,  1970  жылы  негізі  қаланған.  Қапшағай  қаласы  Іле  ауданының  аудан  орталығы  болып  табылады.



Территориясы – 3,6 км2.

Қапшағай  қаласының  тұрақты  тұрғындарының  саны  50898  адам.  1998  жылы  қаланың  әкімшілік-территорылық  бағынуына  Шеңгелді  округі  берілді,  сонымен  қатар  қала  құрамына  8  елді  мекен  кіреді,  олардың  барлығы  ауылдық  елді  мекендер.  Қазіргі  таңда  Қапшағай қаласы мен  Заречный, Арна  және  Шеңгелді  поселкелерінің  жалпы  халық  саны  78257  адамды  құрайды.  Бұл  ауылдардың  барлығын  Қапшағай  қаласында  орналасқан  ҚТТ  Қазақтелеком АҚ  қамтамасыз  етеді.

Жұмыс  істеп  тұрған  шаруашылық  субъекттер  саны – 900-ден  артық,  олардың  486-сы  заңды  тұлғалар да,  418-і  жеке  тұлғалар.  Экономика  салалары  бойынша  олардың:  75 кәсіпорын — өндіріс  саласына,  42 – құрылыста, 32 – ауылшаруашылық  және  балық  аулау,  31 – транспорттық,  83 – сауда  және  10  кәсіпорын  қызмет  көрсету  саласына  бөлінген.

Қала  территориясында   Трансстроймост ,  АҚ   Қапшағай  ГЭС-і  сияқты  біріккен  өндірістік  кәсіпорындар  жұмыс  істейді.  АҚ  Ерминстрой ,  АҚ   Капшагайтяжстрой ,  АҚ   Қапшағай  автобекеті ,    АҚ   Қапшағаймұнайөнімдері ,  АҚ   Қапшағай  фарфоры ,  Қапшағай  қалалық  телекоммуникация  басқармасы  АҚ   Қазақтелеком  сияқты  кәсіпорындар  өз   қызметін   қайта  нығайтып,  өндірістік  қуатын  күшейтуде.

Соңғы  жылдары  қалада  шағын  бизнес  саласы  табысты  даму  үстінде.  Олардың  қатарына  ЖШС  Аям ,  Қазақ  ұн ,  Дружба-пласт ,  Қапшағай  нан ,    Қапшағай  қап ,   Құрама  жем    сияқты   және  басқа  да  жұмыс  істеп  тұрған  және  халық  тұтыну  тауарларының  20-дан  астам  түрін  шығаратын  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктерді  жатқызуға  болады.

Қазіргі  таңда  қаланың  экономикасына  тікелей  инвестицияны  көздеу  туралы  бағдарлама  шығарылды.  Жақын  жылдарда  3,5 млрд. теңге  шетелдік  инвестицияларын  алу  жобаланып  отыр.

Қаланың  байланыс  желісінің  жалпы  сыйымдылығы  7500 нөмір.  Желідегі  нумерация  бесмәнді.  Қапшағай  қаласы  аймақ  орталығы  болғандықтан,  желі  сыйымдылығының  толық  қолданылуы  қамтамасыз  етіледі. Қаланың  инфрақұрылымының  өсуіне  байланысты  басқа  региондардан  халықтың  көптеп  келуі  ІР-телефония  сияқты  жаңа  қызметтерді  қолданудың  қажеттілігі  артты.

Қапшағай  қаласындағы  қолданыстағы  талшықты-оптикалық  сақинаның  сұлбасы  А  қосымшасында  көрсетілген.

Операторлар  периферияда  қызмет  істейтін  және  тікелей  құрылыс  немесе  басқа  өндіріс  саласымен  айналысатын  өздерінің  бөлімшелерін  сапалы  байланыспен  қамтамасыз  етуді  қажет  ететін  корпоративті  клиенттерге  өз  қызметтерін  ұсынады.  1.1-кестеде  қаладағы  АТС-ның  сипаттамалары  көрсетілген.

Қалалық  байланыс  желісінің  тораптық  бөлігінде  негізінен  ТПП  және  ТГ  типті  талшық  диаметрі  0,5; 0,32 мм болатын,  ИКМ-30, ИКМ-120   типті  сандық  тарату  жүйелерімен  тығыздалатын  мыс  кабельдері  қолданылған.  Кабельдік  линиялар,  сондай-ақ  КАМА ,   КРР   түріндегі  аналогты  тарату  жүйелерімен  тығыздалады.  Қолданыстағы  RSU сипаттамалары  1.2-кестеде  келтірілген.

Кесте 1 –  Қаладағы  АТС-ның  сипаттамалары
АТС типтері
АТС кодтары Сыйымдылығы
Нөмірленуі
Қондырылған  жылы
АТСК АТСЭ
47 22
12048
470000-479999
220000-222047
1988,1990
1996
АТСК
42
9000
420000-428999
1977,1982,1991
АТСЭ
27
3840
270000-273839
1996
АТСЭ
25 28
10240
250000-257999
280000-282239
1996
2002
АТСК АТСЭ
62 21
10040
620000-626199
210000-213839
1989,1992
1996
АТСК
296
1000
296000-296999
1978,1980
АТСЭ
26 24
18016
260000-269999
240000-248015
1996

Кесте 2 – Қолданыстағы  RSU сипаттамалары
АТС типтері
Сыйымдылығы
Қайда қосылған
RSU-230
976
АТСК-47
RSU-238
1952
АТСК-47
RSU-280
488
АТСЭ-25 28
RSU-294
1504
АТСЭ-26 24
RSU-206
1952
АТСЭ-26 24


Скачать


zharar.kz